«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 37) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жылу электр станцияларының электр қуатын шектеуді және оларды қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу тәртібі туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр В. Школьник
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 13 ақпандағы
№ 89 бұйрығымен бекітілген
Жылу электр станцияларының электр қуатын шектеуді және оларды қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу тәртібі туралы ереже
1. Осы Жылу электр станцияларының электр қуатын шектеуді және оларды қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу тәртібі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 37) тармақшасына сәйкес әзірленді және жылу электр станцияларының электр қуатын шектеуді және оларды қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу тәртібін айқындайды.
2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) жабдық тобы - жаңарған будың бірдей параметрлермен турбоагрегаттардың кез келген типтерінің, сондай-ақ осы агрегаттардың жұмысын қамтамасыз ететін барлық қазандықтардың (тозаң көмірлі, сол сияқты газ-мазуттық та) жиынтығы;
2) жабдықтың кіші тобы - тозаң көмірлі немесе газ-мазуттық қазандықтардың және олармен бірге жұмыс жасайтын жаңарған будың бірдей параметрлері бар турбоагрегаттардың кез келген типтерінің жиынтығы;
3) электр станциясының белгіленген қуаты - генерацияланатын электр станциясының қуатын шектеуді шегере отырып оның белгіленген қуаты;
4) жылу электр станциясының белгіленген электр қуатын шектеу - белгіленген қуатты мәжбүрлі пайдаланбау мәні;
5) жылу электр станцияларының электр қуатын техникалық шектеу - агрегаттың тораптарының күрделі жөндеулер кезінде жойылмайтын техникалық жарамсыздығынан, конструктивті ақаулардан немесе жеке жабдықтың (құрылыстың) өнімділігінің белгіленген қуатқа сәйкес келмеуінен оның белгіленген қуатын мәжбүрлі азайту;
6) жылу электр станцияларының электр қуатын маусымдық шектеу - сыртқы маусымдық қайталанатын факторлардың (жазғы кезеңде суды салқындататын температураны арттыру, маусымдық жылу жүктемесінің өзгеруі салдарынан турбиналардың конденсаторларындағы вакуумның төмендеуі) іс-әрекетінен агрегаттың белгіленген қуатын азайту;
7) жылу электр станцияларының электр қуатын уақытша шектеу - режимдік, экологиялық шектеулер, сондай-ақ тиісінше сапасыз отынды пайдаланудан немесе жаңадан іске қосылған жабдықтарды пайдалану салдарынан келтірілген шектеулер;
8) жылу электр станциясы - отынның химиялық энергиясын электр генераторы білігінің айналуын механикалық энергияға айналдыру есебінен электр энергиясын өндіретін электр станция;
9) қуаттың күтілетін шектеулері - алдағы жылға арналған қуаттың шектелуі;
10) қуатты шектеудің жылдық орташа мәні - қуатты шектеудің айлар бойынша орташа арифметикалық мәні;
11) номиналды қуат - осы жабдық үшін жабдықтың паспортымен немесе жобасымен белгіленген қуат;
12) сараптама ұйымы - заңнамада белгіленген тәртіппен энергетикалық сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға;
13) уәкілетті орган - электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
14) жылу электр станциясының белгіленген электр қуаты - техникалық шарттарға немесе жабдыққа арналған паспортқа сәйкес турбиналардың айтарлықтай белсенді электр қуатының жиынтық мәні;
15) электр станциясының жұмыс қуаты - жөндеуге шығарылған жабдықтың қуатын шегере отырып, электр станциясының қолда бар қуаты;
16) электр энергиясының көтерме сауда нарығы - электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің арасындағы шарттар негізінде жұмыс істейтін электр энергиясын сатып алу - сатуға байланысты қатынастар жүйесі;
17) экологиялық шектеулер — табиғиғатты қорғау іс-шараларын өткізу себебінен белгіленген қуаттың азайтылуы.
3. Жылу энергия өндіруші ұйымдары электр қуатын шектеуді келісу үшін 1 қазанға дейінгі мерзімде уәкілетті органға мынадай құжаттарды береді:
1) энергияның көтерме сауда нарығына шықпаған жылу электр станциялары бойынша осы Ережеге 1, 3 және 4-қосымшаларда сәйкес нысандар бойынша Қазақстан Республикасы электр энергетикасы саласындағы жылу электр станциясының (ЖЭС) жабдықтары топтарының коды, жылу электр станциялары қуатына күтілетін шектеулер және электр қуатын шектеудің есебі;
2) энергияның көтерме сауда нарығына шыққан жылу электр станциялары бойынша - осы Ережеге 2,3 және 4-қосымшаларда сәйкес нысандар бойынша жылу электр станцияларының қуатын шектеу себептерінің коды, жылу электр станциялары қуатына күтілетін шектеулер және электр қуатын шектеудің есебі;
3) өткен жылы электр қуатын шектеуді қысқарту жөніндегі іс-шаралардың орындалуы туралы есеп. Есеп еркін нысанда жасалады;
4) сараптама ұйымы берген энергетикалық сараптаманың актісі.
4. Электр қуатын шектеуді келісу үшін материалдар екі данада беріледі және оны уәкілетті орган олар түскен күннен бастап күнтізбелік 20 күннен аспайтын мерзімде қарайды.
5. Қараудың қорытындысы бойынша уәкілетті орган ұсынылған материалдарды келіседі немесе құжаттар осы Ереженің 3-тармағында белгіленген қойылған талаптарға сәйкес келмеген жағдайда келісуден бас тартады.
Уәкілетті орган электр қуатын шектеуді келісуден бас тартқан жағдайда 15 күнтізбелік мерзімде жазбаша түрде бас тарту себебін көрсетіп, бұл туралы энергия өндіруші ұйымға хабарлайды.
6. Келісуден бас тарту себебін жойғаннан кейін материалдар қайтадан келісуге жіберіледі. Қайта келісу олардың қайта түскен күннен бастап күнтізбелік 10 күннен аспайтын мерзімде жүргізіледі.
7. Жылу электр станцияларындағы электр қуатын шектеуді қысқарту үшін оның ішінде мынадай іс-шаралар орындалады:
1) күрделі жөндеу жүргізу кезінде станция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар орындалады;
2) циркуляциялық (салқындатқыш) суды салқындату үшін тиімді жылу алмасу аппараттары қолданылады;
3) күл-қож шығару мен түтін газын тазалаудың тиімді жүйесі қолданылады;
4) жобалау отынымен станцияның жұмысы қамтамасыз етіледі.
8. Жылу электр станциялары жүргізілген энергетикалық сараптаманың нәтижелері мен нәтижелері бойынша ұсынымдар негізінде электр қуатын шектеуді қысқарту жөніндегі іс-шараларды әзірлейді.
9. Электр қуатын шектеуді қысқарту жөніндегі әзірленген іс-шаралар уәкілетті органға 1 қазанға дейінгі мерзімде келісуге жіберіледі.
10. Қараудың қорытындысы бойынша уәкілетті орган бір ай ішінде электр қуатын шектеуді қысқарту жөніндегі іс-шараларды келіседі немесе оларды келісуден бас тартады.
Уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайда 15 күнтізбелік мерзімде жазбаша түрде бас тарту себебін көрсетіп, бұл туралы энергия өндіруші ұйымға хабарлайды.
11. Жылу электр станцияларының белгіленген қуаты жаңаны пайдалануға берген, ескісін бөлшектеген немесе жұмыс істеп тұрған жабдықтардың техникалық сипаттамалары өзгерген жағдайларда өзгертіледі.
12. Электр генераторының номиналды қуаты бастапқы күштік агрегатының номиналды қуатынан аз болған жағдайда белгіленген қуат генератордың номиналды қуаты бойынша айқындалады.
13. Буды бөліп алу және қос мәнді номиналды қуаты, бу бөлудің жүктеме режиміне тәуелді жылумен қамтамасыз ету турбиналары орнатылған жылу электр станциялары үшін номиналды қуаты жылдың кез келген уақытында және кез келген есептік жұмыс режимінде қамтамасыз етілетін турбинаның ең төменгі қуатының мәні бойынша қабылданады.
Жылу электр станцияларының
электр қуатын шектеуді және
оларды қысқарту жөніндегі
іс-шараларды келісу тәртібі
туралы ережеге
1-қосымша үлгі
Қазақстан Республикасы электр энергетикасы саласындағы жылу электр станциясының (ЖЭС) жабдықтары топтарының коды
Жабдық тобының атауы |
Код |
|
толық |
қысқартылған |
|
ЖЭС бойынша барлығы |
ЖЭС барлығы |
97 |
Қуаты: |
||
500 |
500 блок |
3 |
300 |
300К блоктар |
4 |
200 |
200К блоктар |
7 |
150 |
150К блоктар |
8 |
МВт конденсациялы энергиялық блоктар |
||
Буды іріктеу реттеуіші бар энергиялық блоктар, қуаттылығы МВт: |
||
300 |
300Т блоктары |
54 |
200 |
200Т блоктары |
57 |
150 |
150Т блоктары |
58 |
КЭС 90 кгс/см2 |
КЭС-90 |
11 |
ЖЭО 240 кгс/см2 |
ЖЭО-240 |
5 |
ЖЭО 130 кгс/см2 өнд.қатты қайнатусыз |
ЖЭО-130 |
10 |
ЖЭО 130 кгс/см2 өнд.қатты қайнатумен |
ЖЭО-130ПП |
59 |
ЖЭО 90 кгс/см2 |
ЖЭО-90 |
12 |
Бу-газды қондырғылар |
БГҚ |
16 |
Газ-турбиналы қондырғылар |
ГТҚ |
17 |
Өзге де жабдықтар* |
Өзге |
21 |
Қолданыстағы ЖЭС-ті іске қосу қазандықтары |
ІҚҚ |
18 |
Ең жоғары су қыздыратын қазандықтар |
ПСҚҚ |
20 |
Ескертпе: шетелдік фирмалардың жабдығы будың 60120 кгс/см2 қысымына, конденсациялық және жылуландыру жабдығы будың 45 кгс/см2 қысымына энергопойыздарға және дизелді қондырғыларға, күн және геотермалды электр станцияларына қосылады.
Жылу электр станцияларының
электр қуатын шектеуді және
оларды қысқарту жөніндегі
іс-шараларды келісу тәртібі
туралы ережеге
2-қосымша үлгі
Жылу электр станцияларының қуатын шектеу себептерінің коды
Куатты шектеудің себебі |
Шектеу себептерінің коды |
||
техникалық |
маусымдық |
уақытша |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
Қуатты жиынтықты шектеу |
100 |
200 |
300 |
Жобасыз отын, сапасы төмен отын |
301 |
||
Есепті қорларды өтеген қазандықтар және қосалқы-қазандықтар жабдықтары |
102 |
||
Қазандықтардың конструктивтік ақаулары |
103 |
||
Қосалқы-қазандықтар жабдықтарының конструктивтік ақаулары |
104 |
||
Қосалқы-қазандықтар жабдықтарының жеткіліксіз номиналды өнімділігі |
105 |
||
Қазандықтар сыртының қайнауының қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйі |
306 |
||
Газды ауа трактысының қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйі |
307 |
||
Қосалқы-қазандықтар жабдықтарының қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйі |
308 |
||
Будың төмендетілген параметрлерімен бу жеткізушілердің, турбина жұмыстарының қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйі |
309 |
||
Қазандықтардың жеткіліксіз номиналды бу өнімділігі |
110 |
||
Турбоагрегаттардың конструктивтік ақаулары |
111 |
||
Турбиналардың қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйі |
312 |
||
Күректі аппараттың қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйі |
313 |
||
Турбоагрегаттардың қосалқы жабдығының қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйі |
314 |
||
Регенерациялау жүйесіндегі қондырғылардың және жабдықтардың қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйі |
315 |
||
Есептік ресурсты өтеген турбоагрегаттың тозуы |
116 |
||
ПТН-ның жеткіліксіз номиналды берілуі |
117 |
||
ПТН-нің қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйі |
318 |
||
Р типіндегі турбиналарда жылу жүктемелерінің болмауы |
120 |
||
Р типіндегі турбиналарда жылулық жүктемелерінің жеткіліксіздігі |
221 |
321 |
|
Жаман вакууммен жұмыс істейтін турбиналардың жылулық жүктемелерінің жеткіліксіздігі |
222 |
322 |
|
Т, П, ПТ типіндегі турбиналардың жылу жүктемелерінің жеткіліксіздігі (жоғары конденсациялық өндіру) |
223 |
323 |
|
Жылуды тұтыну режимімен байланысты өзге де себептер |
224 |
324 |
|
Т, П, ПТ типіндегі турбиналардың жылу жүктемелерінің жеткіліксіздігі (конструктивтік ерекшеліктер) |
125 |
225 |
325 |
Жылуды тұтынудың артуы |
231 |
||
Реттелмейтін сұрыптаудан жылу беру |
232 |
||
Репродуктивті-салқындату қүрылғысынан (РСҚ) жылу беру салдарынан қазандықтар қуатының тапшылығы |
333 |
||
Жоба бойынша градирен санының жеткіліксіздігі |
141 |
241 |
341 |
Жоба бойынша циркулярлық сорғылардың жеткіліксіздігі |
142 |
||
Градиреннің қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйі |
343 |
||
Циркуляциялық сорғылардың қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйі |
344 |
||
Конденсаторлардың қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйі |
345 |
||
Гидросуытқыштардың жеткіліксіз суытылуына байланысты өзге де себептер |
146 |
246 |
346 |
Конденсаторға кірерде суытқыш су температурасының артуы |
247 |
||
Тоған-суытқыштардың жеткіліксіз салқындату қабілеттілігі |
148 |
248 |
348 |
ГТҚ бойынша шектеулер |
149 |
249 |
349 |
БГҚ бойынша шектеулер |
150 |
250 |
350 |
Генератор қуатының жобалық сәйкессіздігі |
151 |
||
Ілеспе компенсатордың режиміндегі турбогенератордың жұмысы |
352 |
||
Жүйеаралық электр байланыстарының жеткіліксіз өткізу қабілеті (жабылған қуат) |
353 |
||
Генератордың қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйі |
354 |
||
Қайта енгізілген агрегаттарды игеруді нормативтік мерзім кезінде шектеу |
355 |
||
Жылу беру өнімділігінің жеткіліксіздігі |
161 |
||
Қазандықтарда және қосалқы-қазандықтар жабдықтарының құрылыс-монтаждық кемшіліктері |
362 |
||
Турбиналардың қосалқы жабдықтардың жылу кестелерінде, турбиналарда құрылыс-монтаждық кемшіліктер |
363 |
||
Жалпы станциялық жабдықтың, құрылымдардың жеткіліксіз өнімділігі (суды химиялық тазарту, түтін құбыры, күл үйінділері) |
364 |
||
Жалпы станциялық жабдықтың, құрылымдардың жеткіліксіз жобалық өнімділігі (суды химиялық тазарту, түтін құбыры, күл үйінділері) |
165 |
||
Жалпы станциялық жабдықтағы құрылыс- монтаждау кемшіліктері |
366 |
||
Ауа бассейнін қорғау шарттары бойынша қуатты шектеу |
370 |
||
Су бассейнін қорғау шарттары бойынша қуатты шектеу |
|||
Жіктеуішке кірмеген өзге де себептер |
172 |
272 |
372 |
Су ағысында (су ағысымен) жұмыс жасайтын, су электр станцияда (СЭС) су ресурстарының жетіспеушілігі |
226 |
||
Құйылудың және су қоймасының жұмыс істеуінің төмендігіне байланысты су ресурстарының жетіспеушілігі |
227 |
||
Су қоймасынан суды тастау режимі бойынша шектеу |
228 |
||
Төменгі бьефті жоғарғы тіреу |
229 |
||
Су электр станция (СЭС) плотинасының дайын болмауы |
367 |
||
Жүктелу қабілетін ескеріп, турбиналардың жұмысы |
180 |
Жылу электр станцияларының
электр қуатын шектеуді және
оларды қысқарту жөніндегі
іс-шараларды келісу тәртібі
туралы ережеге
3-қосымша
үлгі
КЕЛІСІЛДІ КЕЛІСІЛДІ
________________басшысы Қазақстан Республикасы
сараптама ұйымның атауы Энергетика министрлігі
________ ______________ _________ ____________
қолы Т.А.Ә. қолы Т.А.Ә.
20___ж.«__»____________ 20___ж.«___»__________
20___жылғы______________жылу электр станциялары қуатына
ЖЭС аты күтілетін шектеулер
Көрсеткіш |
Жабдық тобының коды |
Жобалық отын түрінің коды |
Энергия блог ының нөмі рі |
Шектеу себебіні ң коды |
Айлар бойынша көрсеткіштің мәні (МВт) |
||||||||||||
I |
II |
III |
IV |
V |
VI |
VII |
VIII |
IX |
X |
XI |
XII |
Жылдық орташа |
|||||
Белгіленген қуаты |
|||||||||||||||||
Қолда бар қуаты |
|||||||||||||||||
Шектеулі қуаты |
|||||||||||||||||
Оның ішінде себептер бойынша |
ЖЭС басшысы_____________ _______________
қолы тегі, А.Ә.
Ескертпе. Деректер жабдықтың жеке кіші топтары, жеке энергия блоктары бойынша (қуатты шектеу себептері бойынша бөле отырып), әрбір жылу электр станциясы және жалпы қуаты 50 МВт және одан жоғары жылу электр станциялары бойынша келтірілген.
Жылу электр станцияларының
электр қуатын шектеуді және
оларды қысқарту жөніндегі
іс-шараларды келісу тәртібі
туралы ережеге
4-қосымша
Электр қуатын шектеудің есебі
1. Электр қуатын шектеу:
1) жылу электр станциялары жабдықтарының жеке кіші тобы бойынша;
2) алдағы жылдың әрбір айына және орташа есеппен жылға есептеледі.
2. Қуатты шектеу жабдығының кіші тобы бойынша негізделетін бірнеше факторлар бір мезгілде әрекет еткен кезде жекелеген факторларды сандық бағалаудың кезектілігі қуатты шектеудің мынадай басым түрлеріне сәйкес келеді: техникалық, маусымдық, уақытша.
Жабдықтың кіші тобы қазандықтарында олардың бу өнімділігінің төмендеуін (техникалық шектеу түрі) тудыратын құрылымдық ақаулар болған жағдайда, жаз мезгілінде салқындатқыш судың температурасының көтерілуіне байланысты (маусымдық шектеу түрі) электр қуатын шектеудің есебі номиналды емес, конденсатордағы будың төмендетілген шығынына орындалады. Экологиялық шектеулерді бағалаған кезде жанған өнімдердің атмосфераға шығарындылары қазандықтың құрылымдық ақауларына және жаз мезгілінде вакуумның нашарлауына байланысты кіші топтың электр қуатын шектеу ескеріле отырып есептеледі.
3. Қуатты шектеу есептері мынадай жағдайларда орындалады:
1) жылу электр станцияларында орнатылған барлық жабдықтардың жұмыста болуы;
2) жылу электр станциясы тарапынан тұтынушыларға жылуды бумен және ыстық сумен босатуда шектеудің болмауы;
3) жылуды ыстық сумен босатудың күтілетін мәніндігі соңғы 5 жылдағы орташа сыртқы ауа температурасының жергілікті метеоқызметінің бақылау деректері бойынша немесе анықтамалық деректер бойынша қабылданатын жұмыстық қуатын есептеу сағатына сәйкес келеді;
4) сыртқы тұтынушыларға жылуды бумен босатудың болжамды мәнін қабылдау олардың өтінімдері бойынша, ал өтінім болмаған жағдайда - өткен жылдың нақты деректер бойынша қабылданады;
5) өз қажеттілігіне жұмсалған жылу және электр энергиясының шығынын есептеу, турбиналардың конденсаторларында пайдаланылған будың қысымы және есептеу үшін қажетті басқа да көрсеткіштер жабдықтардың нормативтік сипаттамалары бойынша анықталады.
Есептеу кезінде отынның жетіспеушілігінен және жабдықтың пайдалану жағдайының қысқа мерзімді нашарлауынан оны профилактикалық жөндеу арасындағы кезеңде (қазандықтардың және турбиналардың конденсаторларының қыздыру бетін шөгінділердің басып қалуы және қазандықтардың газ жолында ауа соруды арттыру) қуатты шектеу есепке алынбайды.
4. Жылу электр станцияларының электр қуатын шектеуді есептеу өткен жылы орындалған оларды қысқарту жөніндегі іс-шаралардың тиімділігі ескеріле отырып орындалады.