Өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 45 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 наурызда № 10427 тіркелді

Қолданыстағы

      «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
      1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму
      министрінің міндетін
      атқарушы                                       Ж. Қасымбек

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрі
      ________________Е. Досаев
      2015 жылғы 31 қаңтар

Қазақстан Республикасы   
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушы       
2015 жылғы 23 қаңтардағы  
№ 45 бұйрығымен         
бекітілген           

Өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі

Р/с №

Біліктілік талаптар мыналардың болуын:

Біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

Тау-кен және химия өндірістерін пайдалану бойынша

1.

қызметтің лицензияланатын түрлері мен кіші түрлерін (жұмыстарын) орындаудың технологиялық регламенті

заңды тұлғалар үшін мөрмен және өтініш берушінің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның қолымен, жеке тұлғалар үшін өтініш берушінің қолымен куәландырылған қызметтің лицензияланатын түрлері мен кіші түрлерін (жұмыстарын) орындаудың технологиялық регламенті


2.

меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде өндірістік база (ғимарат, үй-жайлар).
Өндірістік база өтініш берілген кіші қызмет түрлеріне сәйкес жабдықталуға және мыналарды қамтуға тиіс:

меншік құқығын немесе өзге де заңды негіздерді растайтын құжаттардың көшірмесі



тау-кен өндірісін пайдалану, қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), өндіру; ашық және жер асты тәсілдерімен қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын ашу және әзірлеу; кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргізу; кеніштер мен шахталарды жабу жөніндегі тарату жұмыстарын жүргізу үшін - инженерлік құрылыстар, машиналар, тетіктер, құралдар, арнайы көліктер, жабдықтар, өлшеу жабдықтары және бақыланатын технологиялық процесс

Өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны




пайдалы қазбаларды өндіру үшін жарылыс жұмыстарын жүргізу үшін:
1) лицензия немесе жарылғыш заттарды сақтауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен жасалған шарт;
2) ұңғымаларды бұрғылауға арналған бұрғылау станогы

Өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны




ұңғымаларды жер астында және күрделі жөндеу, жабдықтар мен агрегаттарды бөлшектеу, ұңғымалар көтергішін орнату үшін; ұңғымаларды жөндеуден кейін сынау; ұңғымаларды жуу, цементтеу, сынап көру және игеру үшін - тиісті технологиялық жабдықтардың

Өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны




химия өндірістерін пайдалану үшін:
1) тетіктер, технологиялық желілер, шикізатты дайындау, қайта өңдеу қондырғылары, шикізатты, дайын өнімдерді, жарылыс өрт қауіпті, улы күшті әсер ететін заттарды сақтау үшін арнайы жабдықталған қоймалар, үй-жайлар және сыйымдылықтар, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде;
2) өнімнің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестігін бақылау бойынша аккредиттелген зертхана

Өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны


3.

мыналарды: машиналарды, тетіктерді, көлік құралдарын, аспаптарды, жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді; еңбек қауіпсіздігін бақылауды; метрологиялық бақылауды; маркшейдерлік жұмыстарды (күші «химия өндірістерін пайдалану» қызметінің кіші түріне қолданылмайды); технологиялық процесті сақтауды және берілген сападағы өнімнің шығарылуын сақтауды (күші тау-кен өндірісінің қызметтерінің кіші түрлеріне қолданылмайды) қамтамасыз ететін жауапты тұлғалардың немесе қызметте; қоршаған ортаны қорғау.

осы қызметтерді құру және (немесе) жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтардың көшірмесі


4.

тиісті білім деңгейіне жауап беретін техникалық басшылар мен мамандардың біліктілік құрамы (басшылар үшін - тиісті салада жоғары техникалық, мамандар үшін - кемінде тиісті салада орта арнаулы білім) және басшылар үшін тиісті салада лицензияланатын қызметтің кіші түрі бойынша кемінде 3 жыл практикалық тәжірибесі

заңды тұлғалар үшін мөрмен және өтініш берушінің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның қолымен, жеке тұлғалар үшін өтініш берушінің қолымен расталған штат кестесі және мынадай ақпаратты қамтитын жиынтық кесте: тегі, аты, әкесінің аты, білімі бойынша мамандығы, лауазымы


Заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуі және өткізуі бойынша

1.

мыналарды: оттегі және пропаны бар баллондарды сақтауға арналған орынды; қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын және қорытпаларды топтары, түрлері, маркалары мен сұрыптары бойынша бөліп сақтауға арналған контейнерлерді, қораптарды немесе алаңдарды; түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинауға (дайындауға), сақтауға және қайта өңдеуге арналған жабық үй-жайды не асфальтталған немесе қатты жамылғылы орынды;
сынықтар мен қалдықтарды сұрыптауға, кесуге және пакеттеуге арналған жабдығы мен құралдары бар арнайы алаңдарды немесе өндірістік үй-жайларды; өрт сөндіру құралдарымен жарақтандырылған түсті және қара металдардың жарылу қаупі бар сынықтарына арналған қойманы;
жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайды; кәсіпорында бекітілген және оларды пайдалануға тиісті рұқсат беру құжаттары бар меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі стационарлық немесе ұтқыр жүк көтергіш жабдықты, сондай-ақ жүк көтеру бойынша аталған жұмыстарды жүргізу үшін технологиялық процеске сәйкес келетін құралдарды;
кәсіпорында технологиялық процеске сәйкес келетін қара және түсті металдардың сынықтарын кесуге, өңдеуге арналган жабдықты және/немесе қара және түсті металдардың сынықтарын қайта өңдеуге арналған престерді және/немесе гидроқайшыларды;
олардың салыстырып тексерілгені туралы сертификаты бар өлшем құралдарын (автомобиль немесе темір жол таразыларын және/немесе басқа да өлшем құралдарын);
салыстырып тексерілгені туралы сертификаты бар қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтары радиациясының деңгейін өлшеуге арналған дозиметрлік немесе радиометрлік жабдықты қамтитын мамандандырылған меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі қоршалған өндірістік база. Көрсетілген талаптар түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын филиалды ашқан жағдайда да қойылады. Лицензиясы бар заңды тұлғалар жеке тұлғалардан шығу тегі электротехникалық, өнеркәсіптік, әскери және зымыран-ғарыштық сынықтан, байланыс желісінің кәбілдерінен, рельстерден, бұрын қолданыста болған темір жол төсемі мен жылжымалы құрам элементтерінен, кәріз люктерінің қақпақтарынан басқа, түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын қабылдауға құқылы.

Өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны


2.

қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын тасымалдау үшін жалдаудағы немесе өзге заңды негіздегі (жүк) автокөлік

Өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны


3.

мынадай мөлшерлерде: түсті металдардың сынықтарымен және қалдықтарымен жұмыс істеу үшін - кемінде 400 ш.м.;
қара металдардың сынықтарымен және қалдықтарымен жұмыс істеу үшін - кемінде 1000 ш.м. автокөлік үшін кіреберіс жолдары бар және/немесе кіреберіс темір жол тұйықтары бар жеке меншік немесе жалға алу құқығындағы жер учаскесі не оның үлесі

Өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны


4.

кәсіпорында тиісті қара және түсті металдардың сынықтарын қайта өңдеу бойынша технологиялық процесске сәйкес пайдаланылатын жабдықпен жұмыс істеу үшін білікті персонал

Өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны


5.

Мамандандырылған өндірістік базадан өзге жерде қоршалған және аумақтық орналасқан меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі, қабылдау пунктін ашқан жағдайда мыналардың болуы талап етіледі:
1) қолма-қол ақшамен жұмысқа ыңғайланған (сейф немесе арнайы жабдықталған касса, байланыс құралдары, фискальдық жады бар бақылау-кассалық аппарат) үй-жай;
2) өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген олардың салыстырып тексерілгені туралы сертификаты бар таразы шаруашылығы;
3) қабылдау пунктінің заңды тұлғаға тиесілілігі, лицензия нөмірі, жұмыс режимі көрсетілген маңдайша;
4) кемінде 200 ш.м алаң.

Өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны


Осы біліктілік талаптары заңды тұлғалардың өз өндірісі барысында және құрамында түсті және/немесе қара металл сынықтары және/немесе қалдықтары болған мүліктік кешенді сатып алу нәтижесінде пайда болған түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткізу жөніндегі қызметке қолданылмайды. Мұндай заңды тұлғалар түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын Қазақстан Республикасында түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және өткізу жөніндегі қызметке лицензиясы бар заңды тұлғаларға ғана өткізе алады.

Өнеркәсіп саласындағы 
қызметті жүзеге асыру үшін
біліктілік талаптарын және оларға
сәйкестікті растайтын 
құжаттар тізбесіне  
қосымша        

Өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне мәліметтер нысаны

      1. Тау-кен және химия өндірістерін пайдалану бойынша қызмет үшін:
      1) тау-кен өндірісін пайдалану, қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), өндіру; ашық және жер асты тәсілдерімен қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын ашу және әзірлеу; кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргізу; кеніштер мен шахталарды жабу жөніндегі тарату жұмыстарын жүргізу үшін:
      Инженерлік құрылыстардың, машиналардың, тетіктердің, құралдардың, арнайы көліктердің, жабдықтардың, өлшеу жабдықтарының және бақыланатын технологиялық процестің болуы туралы ақпарат
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________;
      (инженерлік құрылыстарды, машиналарды, тетіктерді, құралдарды, арнайы көліктерді және өзге жабдықтарды көрсету);
      2) пайдалы қазбаларды өндіру үшін жарылыс жұмыстарын жүргізуғе:
      жарылғыш заттармен жұмыс жасауға арналған лицензияның нөмірі__;
      шарттың нөмірі__________;
      шарттың жасалған күні_________;
      жарылғыш заттарды сақтауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйымның атауы____________;
      ұңғымаларды бұрғылауға арналған бұрғылау станогының болуы
туралы ақпарат_______________________________________________________
      ұйымның жарылғыш заттармен жұмыс жасауға арналған лицензиясы бар болған жағдайда 2), 3), 4) жолдар толтырылмайды;
      3) ұңғымаларды жер астында және күрделі жөндеу, жабдықтар мен агрегаттарды бөлшектеу, ұңғымалар көтергішін орнату үшін;
      ұңғымаларды жөндеуден кейін сынау; ұңғымаларды жуу, цементтеу, сынап көру және игеру үшін:
      тиісті технологиялық жабдықтардың болуы туралы ақпарат
________________________________________(қолда бар жабдықты көрсету);
      4) химия өндірістерін пайдалану үшін:
      тетіктердің, технологиялық желілердің, шикізатты дайындау, қайта өңдеу қондырғыларының, шикізатты, дайын өнімдерді, жарылыс өрт қауіпті, улы күшті әсер ететін заттарды сақтау үшін арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлардың және сыйымдылықтардың, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде болуы туралы ақпарат
_______________________________________________________________(қолда
бар тетіктерді, қондырғыларды және басқа жабдықты көрсету);
      өнімнің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестігін бақылау бойынша аккредиттелген зертхананың аттестатының нөмірі және берілген күні_______________________________;
      аккредиттелген зертханамен жасалған шарттын нөмірі_________;
      аккредиттелген зертханамен шарттың жасалған күні___________.
      3), 4) тармақтардағы ақпарат меншікті зертханасы болмаған жағдайда толтырылады.
      2. Заңды түлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуі және өткізуі жөніндегі қызмет үшін:
      1) меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі мамандандырылған өндірістік база:
      өндірістік базаның мекенжайы____________________(қолда бар үй-жай, жабдықты және басқаларды көрсету);
      егер өзге заңды негізде болатын жағдайда шарттың нөмірі мен шартқа қол қойылған күні_________________________;
      шарт жасалған ұйымның атауы_______________________;
      қоршаудың болуы туралы ақпарат_________________;
      2) қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын тасымалдау үшін жалданған немесе өзге заңды негіздегі (жүк) автокөліктің болуы туралы ақпарат___________________________(әрбір көлік құралдардың атауын, техникалық құжаттардың нөмірлері және берілген күндерін көрсету).
      3) мынадай көлемде:
      түсті металдардың сынықтарымен және қалдықтарымен жұмыс істеу үшін - кемінде 400 ш.м._______________(учаскесінің көлемін көрсету);
      қара металдардың сынықтарымен және қалдықтарымен жұмыс істеу үшін - кемінде 1000 ш.м._______________(учаскесінің көлемін көрсету) автокөлік үшін кіреберіс жолдары бар және/немесе кіреберіс темір жол тұйықтары бар жеке меншік немесе жалға алу құқығындағы жер учаскесінің не оның үлесінің болуы туралы ақпарат;
      жер учаскесін беру туралы шешімнің нөмірі және оны қабылдаған күні___________________________________.
      4) кәсіпорында тиісті қара және түсті металдардың сынықтарын қайта өңдеу бойынша технологиялық проңеске сәйкес пайдаланылатын жабдықпен жұмыс істеу үшін білікті персонал:
      мамандардың тегі, аты, әкесінің аты_________________;
      лицензияланатын қызметтің кіші түрінің саласындағы жұмыс өтілі____.
      5) мамандандырылған өндірістік базадан өзге жерде аумақтық орналасқан жеке меншік немесе өзге де заңды негіздегі, қоршалған қабылдау пунктін ашқан жағдайда мыналардың болуы талап етіледі:
      меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі қабылдау пункті:
      қабылдау пунктің мекен-жайы____________________(мекен-жайды көрсету);
      егер өзге заңды негізде болатын жағдайда шарттың нөмірі мен шартқа қол қойылған күні__________________________;
      шарт жасалған ұйымның атауы________________________;
      қоршаудың болуы туралы ақпарат____________________________;
      қолма-қол ақшамен жұмысқа ыңғайланған (сейф немесе арнайы жабдықталған касса, байланыс құралдары, фискальдық жады бар бақылау-кассалық аппарат) үй-жай, олардың салыстырып тексерілгені туралы сертификаты бар өлшем құралдары (автомобиль немесе темір жол таразыларын және басқа да өлшем құралдары), қабылдау пунктінің заңды тұлғаға тиесілілігі, лиңензия нөмірі, жұмыс режимі көрсетілген маңдайша, кемінде 200 ш.м алаңның болуы туралы
ақпарат______________________________________________________________
           (қолда бар үй-жай, жабдықты және басқаларды көрсету).