Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 49 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 наурызда № 10407 тіркелді.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет", ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму


министрінің міндетін атқарушы

Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _________________Е. Досаев

      2015 жылғы 4 ақпан



  Қазақстан Республикасы Инвестициялар
және даму министрі міндетін атқарушының
2015 жылғы 23 қаңтардағы
№ 49 бұйрығымен бекітілген

Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабына сәйкес әзірленген және қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу тәртібін айқындайды.

      2. Қазақстан Республикасында қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді Алматы, Павлодар, Өскемен және Теміртау қалаларының жергілікті атқарушы органдары жүргізеді (бұдан әрі - жергілікті атқарушы органдар).

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 11.11.2015 № 1063 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) жеңілрельстік көлік - қатынау жылдамдығы мен өткізу қабілеті теміржол мен метрополитенге қарағанда төмен және трамвайға қарағанда жоғары екенін сипаттайтын қалалық рельстік көлік түрі;

      2) қалалық рельсті көлік – қала шекарасындағы және қала маңы аймағындағы жолдар бойынша жолаушыларды тасымалдауға арналған көлік түрі (метрополитен, трамвай, жеңіл рельсті, монорельсті көлік);

      3) метрополитен - көліктің өзге түрлерінің желілерінен және жаяу жүргіншілердің оларға өту жолынан оқшауланған (бөлінген, бір деңгейдегі қиылыстары жоқ) жолдар бойынша жолаушылар мен багажды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын қалалық рельстік көлік түрі;

      4) монорельстік көлік - бір рельстік жолмен қозғалуға арналған қалалық рельстік көлік түрі;

      5) тізілім - Қазақстан Республикасында тіркелген қалалық рельстік көліктің көлік құралдары туралы мәліметті қамтитын дерекқоры;

      6) трамвай - қала шекарасында берілген маршруттар бойынша жолаушыларды тасымалдауға арналған қалалық рельстік көлік түрі;

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 04.07.2017 № 439 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      4. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдары Қазақстан Республикасының резидент еместермен Қазақстан Республикасының аумағына жөндеу үшін уақытша әкелген жағдайда тіркелуге жатпайды.

2. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу тәртібі

      5. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді жергілікті атқарушы органдар:

      1) егер өтініш беруші заңды тұлға болып табылатын жағдайда, заңды тұлға тіркелген орны бойынша;

      2) егер өтініш беруші жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкер болып табылатын жағдайда, салық төлеуші ретінде тіркелген орны бойынша жүзеге асырады.

      6. Жеке және заңды тұлғалар қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуге өтінішті жергілікті атқарушы органдардың кеңсесіне осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша:

      1) мемлекеттік тіркеуге жататын, қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының тізбесін;

      2) меншік құқығын растайтын құжаттың көшірмесін;

      3) әзірлеуші зауыттың қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының әрбір бірлігіне арналған техникалық паспорттың көшірмесін (формуляр);

      4) тіркеу алымының төленгенін растайтын құжатты;

      5) алып тасталды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 11.11.2015 № 1063 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Жеке басты куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйелерде болады.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 11.11.2015 № 1063 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Жергілікті атқарушы органдар өтініш берушінің құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 6-тармағының талаптарына сәйкес ұсынылған құжаттардың толық болуын тексереді. Ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда, жергілікті атқарушы органдары өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      8. Жергілікті атқарушы органдар құжаттарды қабылдау кезінде өтініш берушіге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.

      9. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті жергілікті атқарушы органдар өтініш берілген күннен бастап сегіз жұмыс күнінде қарайды.

      Қаралған өтініштердің қортындылары бойынша жергілікті атқарушы органдар қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті береді не қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын тіркеуден бас тартады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 11.11.2015 № 1063 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік қатаң есептілік құжат болып табылады, оның есептік сериясы мен нөмірі болады, қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының әрбір тіркелетін бірлігіне беріледі.

      11. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені және оның куәлігінің телнұсқасын бергені үшін алым "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіпте және мөлшерде алынады.

      12. Өтініш беруші ұсынған құжаттар Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес келген кезде жергілікті атқарушы органдар лауазымды тұлғасының қолы бар қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік дайындалады.

      13. Мемлекеттік тіркеуден өткен қалалық рельстік көліктің көлік құралдары осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қалалық рельстік көліктің көлік құралдары тізіліміне (бұдан әрі - тізілім) енгізілуге жатады.

      14. Мүлікті жалға алу (жалдау, сату), лизинг, мүлікті сенімгерлік басқару шартын жасасқан жағдайларда, қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының иесі бұл туралы жергілікті атқарушы органдарын өтініш нысанында (өтініш нысаны еркін) хабардар етеді.

      Жергілікті атқарушы органдар аталған мәліметтерді тізілімге енгізеді.

      15. Алып тасталды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 11.11.2015 № 1063 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдары:

      1) қалалық рельстік көліктің көлік құралдары есептен шығарылған, ол қалпына келмейтіндей зақымданған;

      2) қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын кейіннен Қазақстан Республикасының шегінен тыс пайдалану үшін әкете отырып, иеліктен айыру жағдайларында тізілімнен шығарылады.

      17. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдары тізілімнен шығарылған кезде меншік иесі немесе оған теңестірілген адам жергілікті атқарушы органдарына:

      1) қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті;

      2) қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын есептен шығару туралы не закымдануы туралы, Қазақстан Республикасының шегінен тыс пайдалану үшін әкете отырып сату туралы актіні қоса бере отырып, еркін нысандағы өтінішті ұсынады.

      18. Жергілікті атқарушы органдар тізілімге қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын пайдалану жөніндегі қызметтің тоқтатылғаны туралы мәліметтерді енгізеді.

  Қалалық рельстік көліктің
көлік құралдарын мемлекеттік
тіркеу қағидаларына 1-қосымша

      _____________________________________________

      _____________________________________________

      (облыстық маңызы бар қалалардың,

      астананың жергілікті атқарушы органының атауы)

      _______________________________

      (мекеме атауы, заңды тұлғаның

      атауы не жеке тұлғаның Т.А.Ә.,

      туған күні, үй мекен жайы, тел.)

Өтініш

      ____________________________________________________құқығында тиесілі

      (меншік, мүліктік жалдау, жалға алу немесе лизинг)

      саны бірлік қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын тіркеуді

      сұраймын.

      Мекенжайы:

      ________________________________қ.______________________________к-сі.

      ЖСН, БСН:____________________________________________________________

      байланыс телефондары (факс)__________________________________________

      Тізбе_________________________парақта қоса беріледі.

      Өтініш беруші____________________________________/___________________

      (жеке тұлғаның не заңды (Т.А.Ә.А.)

      тұлға басшысының қолы)

      М.О.

      (заңды тұлға және жеке кәсіпкер үшін)

  Қалалық рельстік көліктің
көлік құралдарын мемлекеттік
тіркеу қағидаларына 2-қосымша

      _____________________________________________

      _____________________________________________

      (облыстық маңызы бар қалалардың,

      астананың жергілікті атқарушы органының атауы)

      Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын тіркеу туралы өтініші

      бойынша құжаттарды алғаны жөніндегі

      20__жылғы "__"________№______

ҚОЛХАТ

      Уақыты: сағат мин.

      Қабылданған құжаттар тізбесі: (құжаттың атауы, сериясы, нөмірі,

      қашан және кім берді)

      1.___________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Қабылдады:___________________________________________________________

      өтінішті қабылдаған адамның Т.А.Ә.А. және қолы

      Өтінішті орындау күні 20___жылғы "___" ________________

  Қалалық рельстік көліктің
көлік құралдарын мемлекеттік
тіркеу қағидаларына 3-қосымша

      _____________________________________________

      _____________________________________________

      (облыстық маңызы бар қалалардың,

      астананың жергілікті атқарушы органының атауы)

      Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын тіркеу туралы

КУӘЛІК

      Осы куәлік "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" 1994

      жылғы 21 қыркүйектегі № 156 Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес

      _____________________________________________________________________

      (қалалық рельстік көліктің көлік құралдарына құқықтар көрсетілсін)

      құқығындағы

      _____________________________________________________________________

      (иесінің толық атауы, Т.А.Ә.А.) берілді және

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      қалаалық рельстік көліктің көлік құралдарының мемлекеттік тіркелгенін

      растайды.

      зауыттық нөмірі______________________________________________________

      мүкәммалдық нөмірі___________________________________________________

      секциясы_____________________________________________________________

      жасалған жылы________________________________________________________

      Осы куәлік Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген

      барлық жағдайларда қолданылады және қалалық рельстік көліктің көлік

      құралының иесін куәландыратын құжатпен бірге көрсетіледі, ондағы

      келтірілген мәліметтер өзгерген жағдайда ауыстырылуға жатады.

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Берілген күні 20___жылғы "___"_______

      М.О.

      Уәкілетті органның лауазымды адамы___________________________________

      қолы, Т.А.Ә.А.

  Қалалық рельстік көліктің
көлік құралдарын мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
4-қосымша

Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының
тізілімі

Әкімдік

Куәлік №

Берілген күні

Меншік иесі

Меншік түрі

Жалға алушы

Жалға алу мерзімі

1

2

3

4

5

6

7









      кестенің жалғасы

Жасалған күні

Нормативтік қызмет ету мерзімі

Соңғы жөндеу күні

Келесі жөндеу күні

Техникалық жай-күйі

Тіркелген жері

жарамды

есептен шығарылған

8

9

10

11

12

13

14