"Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 71 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 наурызда № 10365 тіркелді

Жаңартылған

      «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 2-тармағы 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7032 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының 2011 жылғы 30 қарашада № 31 актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерінің қызметтік куәліктер сипаттамасында:
      5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мұқабаның жоғары жағында орыс тілінде ішкі істер органының атауы жазылады, мұқабаның төменгі жағында (мемлекеттік өртке қарсы қызметі органдарының қызметкерлерін қоспағанда) орыс тілінде графикалық шеңберде дайындалған «Атыс қаруын сақтауға және алып жүруге рұқсат беріледі» деген мәтін бар.»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бірінші, кезекті және кезектен тыс арнаулы атақтар беру үшін материалдарды ресімдеу мәселелері жөніндегі нұсқаулықта:
      9-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) қызметкер ұсынылып отырған арнаулы атақ туралы бөлімде осы атақтың атауы қысқартусыз, толық көрсетіледі.
      Ішкі істер органдарында орта және аға басшы құрамың арнаулы атақтарында бұрын қызмет өткерген адамдар ІІМ кадрларына қабылдауға ұсынылғанда «Арнаулы атағын беруге» деген сөздер сызылып тасталынады да, үстіне «ІІМ-нің кадрларына қабылдауға» деген сөздер жазылады, әрі қарай қандай арнаулы атақпен кадрларға қабылданатыны көрсетіледі (мысалы: «ІІМ-нің кадрына полиция майорын қабылдауға»).
      Лауазым штаттық атауына қатаң сәйкестікте қысқартусыз көрсетіледі.
      Орта және аға басшы құрамдағы қызметкерлерге кезекті арнаулы атақ беруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарына, басқа да құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарға бұрын қызмет өткерген адамдарды және запастағы офицерлерді, ІІМ кадрларына қабылдауға осы адамдардың ұсынымхаттарын толтыру кезінде жеке нөмірлері әкесінің атынан кейін (егер әкесі болмаған жағдайда, атынан кейін) жазылады. Адамдарды ІІМ-нің кадрларына қабылдауға ұсыну кезінде лауазымның атауынан кейінгі жолда «ІІМ кадрларына қабылдай отырып,» деп көрсетіледі.»;
      9-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) «Қарулы Күштердегі, бұрынғы МТК-де, басқа да құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарда» деген бөлім жеке істің қызметтер тізімінің тиісті бөлімін толтыру үшін белгіленген тәртіпке сәйкес кезекті атақтар беру кезінде толтырылады.
      Бірінші атақты беру немесе ішкі істер органдарының бұрынғы қызметкерлерін кадрларға қабылдаған кезінде бұл бөлімде барлық еңбек қызметі көрсетіледі, бұл ретте 3 айдан астам үзілістердің себептері көрсетіледі.»;
      1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерін тәртіптік жазаға тарту ережесінде:
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту, атқаратын лауазымынан босату және «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тармағының 12)-14), 16) тармақшалары бойынша ІІО-дан шығару түріндегі жаза жүргізілген қызметтік тергеу нәтижелері және Тәртіптік комиссияның тиісті қорытындысы ІІМ бойынша қолданылады.
      Қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту, атқаратын лауазымынан босату түріндегі жаза алқаның немесе құқық қорғау органының бірінші басшысының жанындағы жедел кеңестің шешімі негізінде салынады»;
      13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Қызметкерге қатысты қызметтік тергеп-тексеру не сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілген немесе сот қараған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған жағдайларда тәртіптік жаза, кінәлінің ауырғанына байланысты жұмыста болмауы немесе демалыста, іссапарда болуы уақытын есептемегенде, тиісінше тергеп-тексеру аяқталған, қылмыстық істі немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы процестік шешім қабылданған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей салынады.
      14. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылған жағдайларда, бірақ қызметкердің әрекеттерінде тәртіптік теріс қылық, әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болған кезде, жаза сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық белгілері болған кезде үш айдан кешіктірілмей салынады»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында қызметтік тергеу жүргізу ережесінде:
      1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қызметтік тергеу қызметкер жасаған тәртіптік теріс қылықтық себептерін, сипатын және мән-жайларын анықтау, осы Ережеде көзделген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мән-жайлардың болуы немесе болмауын растау қажет болған кезде ішкі істер органы (бөлінісі) бастығының шешімі бойынша, оның ішінде қызметкерлердің жазбаша баянаты құқық қорғау және сот органдарының хабарламалары негізінде жүргізіледі.»;
      12-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) оған қатысты қызметтік тергеу жүргізіліп жатқан адамның не болмаса өзге адамдардың іс-әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамын анықтаған жағдайда, материалдарды алдын ала тергеу органдарына беру туралы мәселе дереу шешілсін.»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарындағы қызметін тоқтатқан қызметкерлерді ішкі істер органдарының кадрларынан шығару қағидасында:
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тармағының 12), 12-1), 13), 14), 16) тармақшалары бойынша ІІО-дан жұмыстан шығару жүргізілген қызметтік тергеулер нәтижелері және Тәртіптік комиссияның тиісті қорытындылары бойынша жүргізіледі. Қызметкерді «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тармағының 12), 12-1), 13), 14) тармақшалары бойынша жұмыстан шығару кезінде жасалған теріс қылықтың мазмұны, сипаты және ауырлығы, нысаны және кінә дәрежесі, жасаудың мән-жайы, теріс қылыққа әкеп соқтырған немесе әкеп соқтыруы мүмкін келеңсіз салдарлар, оны жасаған адамның бұрынғы мінез-құлқы, еңбек өтілі, қызметкердің жеке басын сипаттайтын өзге де мән-жайлар ескеріледі.».
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 02.12.2015 № 977 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.04.2016 № 433 бұйрығымен.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаменті (С.В. Пономарев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Р.Т. Жақыповқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне (С.В. Пономарев) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер министрі
      полиция генерал-лейтенанты                           Қ. Қасымов

Қазақстан Республикасы    
Ішкі істер министрінің    
2015 жылғы 29 қаңтардағы   
№ 71 бұйрығына          
қосымша           

Бірінші, кезекті және кезектен тыс
арнаулы атақтар беру үшін  
материалдарды ресімдеу мәселелері
жөніндегі нұсқаулыққа    
1-қосымша           

нысан             

Лауазымы бойынша арнаулы атағы
________________________________
Қазақстан Республикасы
ІІМ-нің 20 __ жылғы «___» _______
№ ______ бұйрығымен бекітілген
________________________________
(аттестатталған құрамның штаттық
саны, лимит, режим)

Ұ С Ы Н Ы М Х А Т

_____________________________________________________________________
                 (орган, мекеме, оқу орны, лауазымы,
_____________________________________________________________________
          (атағы, тегі, аты, әкесінің аты, жеке нөмірі)
_____________________________________________________________________
жеке нөмірі беріле отырып, (жеке нөмір берілгенде толтырылады)
_____________________________________________________________________
арнаулы атағын беруге ұсынылады. (қандай) Туған күні, айы, жылы
_____________________________________________________________________
               Білімі (жалпы, арнаулы, жоғары, әскери)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
               (қашан және қандай оқу орнын бітірген)
_____________________________________________________________________
                                атағы
_____________________________________________________________________
(қандай, жаңадан қабылданушылар үшін запас бойынша офицерлік атағы көрсетіледі)
_____________________________________________________________________
_______жылғы «___»_____________№ ________ бұйрығымен берілген.
(кімнің бұйрығы)
Әскери есептен 20 ____ жылғы «___» _______________ шығарылған.*
ӘДК-нің 20 ____ жылғы «___» ______________ қорытындысы бойынша*  әскери қызметке
_____________________________________________________________________
      (әскери-дәрігерлік комиссияның тұжырымдамасы көрсетіледі)
_______________________________________________________ деп танылған.
Бастапқы дайындықтан
*____________________________________________________________________
_____________________________________________________ өтті.

Қысқаша мінездеме

Бастық (командир)**
_____________________________________________________________________
                            (лауазымы,
_____________________________________________________________________
                    Арнаулы атағы, тегі, қолы)
20 ____ жылғы «___» ________________
Аға бастықтардың қорытындысы
                                       ______________________________
(лауазымы, атағы, тегі, қолы)

                                      20 __ жылғы «___» _____________

Қарулы Күштердегі, басқа да әскери құрылымдарда, бұрынғы МТК-де, басқа да құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарда ***

Қай айдан және жылдан бастап

Қай айға және жылға дейін

Лауазымдардың, бөлімдердің, құрамалардың, органдардың, мекемелердің, оқу орындарының атауы




Ескертпе:
Егер ұсынымхатта құпия сипаттағы мәліметтер қамтылса, оларға құпиялылық белгісі беріледі.