Телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 29 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 2 наурызда № 10357 тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!

      Бұйрыққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 13.11.2020 № 367 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына және "Телерадио хабарларын тарату туралы" 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берiлiп отырған телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (С.С. Сарсенов):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-миниcтрі А.Қ. Жұмағалиевке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму


министрінің міндетін атқарушы

Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _________ Е. Досаев

      2015 жылғы 27 қаңтар



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 29 бұйрығына

Телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 14.01.2020 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Р/с

Біліктілік талаптары

Құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

1.

Телекоммуникация саласында бейінді жоғары, техникалық немесе кәсіптік білімі және мамандығы бойынша кемінде бір жылдан кем емес практикалық тәжірибесі бар, инженер-техникалық мамандардың жалпы санынан кемінде үштен бір бөлігі

Қызметкерлер, оның ішінде телекоммуникация саласында бейінді жоғары, техникалық немесе кәсіптік білімі және мамандығы бойынша кемінде бір жыл практикалық тәжірибесі бар инженер-техникалық мамандар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)


2.

Телерадио хабарларын тарату саласындағы қолданыстағы стандарттарға сәйкес теле-, радиоарналар хабарларының техникалық сапасын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер

Телерадио хабарларын тарату саласындағы қолданыстағы стандарттарға сәйкес теле-, радиоарналар хабарларының техникалық сапасын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемені қамтитын мәліметтер нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)


3.

Төтенше жағдайлар кезінде халықты хабарландыруды ұйымдастыруға арналған техникалық мүмкіндіктер

Төтенше жағдайлар кезінде халықты хабарландыруды ұйымдастыру сызбасы

Еркін нысанда құрылған сызба

4.

Төтенше жағдайлар кезінде халықты хабарландыруды ұйымдастыру жөніндегі міндеттемелер

Төтенше жағдайлар кезінде халықты хабарландыруды ұйымдастыру жөніндегі міндеттемені қамтитын мәліметтер нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)


5.

Телерадио хабарларын тарату желісін ұйымдастыруға арналған техникалық мүмкіндіктер

1) телерадио хабарларын тарату желісін ұйымдастыру сызбасы;
2) спутниктік оператор ұсынған спутниктік станциялардың қабылдау-тарату желісінде пайдаланылатын трансмиссиялық жоспарлар (спутниктік байланыс арналарын пайдаланған жағдайда);
3) мыналар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтердің нысаны: құрылатын желінің атауы (эфирлік, кабельдік, спутниктік, телекоммуникациялар желісі бойынша);
хабар тарату қамтылған аумақ;
пайдаланылатын стандарттардағы желінің түрі;
даму кезеңдері бойынша таратылатын теле-, радиоарналар (тізбесі және қысқаша сипаттамалары);
шартты қолжетімділік жүйелері (оларды пайдаланған жағдайда);
пайдаланылатын спутниктік ресурстың қолда бар жиіліктер белдеуі (спутниктік байланыс арналарын пайдаланған жағдайда);
арнаның орташа ақпараттық жылдамдығы (спутниктік байланыс арналарын пайдаланған жағдайда);
спутниктік жүйенің энергетикалық сипаттамалары (спутниктік байланыс арналарын пайдаланған жағдайда) (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)

1) Еркін нысанда құрылған сызба
2) Спутниктік ресурста пайдаланылатын спутниктік ғарыштық аппараттың иеленушісі ұсынған жоспар

6.

Теле-, радиокомпаниялар құқық иеленушілерімен теле-, радио арналарды кері трансляциялауға арналған алдын ала шарттар (көпбағдарламалық хабарлар тарату үшін)

Теле-, радиокомпаниялар- құқық иеленушілерімен теле-, радио арналарды кері трансляциялауға арналған алдын ала шарттардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)


7.

Әкімшілік-басқару персоналы үшін, халыққа қызмет көрсету үшін техникалық құралдарды орналастыруға және пайдалануға арналған үй-жайлар мен және алаңдар

Әкімшілік-басқару персоналы үшін, халыққа қызмет көрсету үшін, техникалық құралдарды орналастыруға және пайдалануға арналған үй-жайлар мен алаңдардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)


8.

Бақылау-өлшеу және сынақ жұмыстарын жүргізу үшін өлшеу және сынақ жабдығының құралдары

Метрологиялық сипаттамаларды көрсете отырып, қолданылатын өлшеу құралдарының және сынақ жабдығының тізбесі және олардың тексерілгенін немесе метрологиялық аттестатталуын растайтын құжаттар (сертификаттар көшірмелері)


  Телерадио хабарларын тарату
саласындағы қызметті
лицензиялау кезінде қойылатын
біліктілік талаптарына және
оларға сәйкестікті растайтын
құжаттар тізбесіне
қосымша

Нысан

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 14.01.2020 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестік туралы мәліметтер нысаны:

      1. Қызметкерлер саны:

      инженерлік-техникалық мамандар _______________________________;

      мамандық бойынша жұмыс өтілі _________________________________;

      1 жылға дейін ________________________________________________;

      1 жылдан астам _______________________________________________

      2. Қамтамасыз ету бойынша міндеттемелер:

      трансляцияның техникалық сапасы: иә/жоқ;

      төтенше жағдайлар кезінде халықты хабардар етуді ұйымдастыру: иә/жоқ.

      3. Техникалық мәліметтер:

      1) құрылатын желінің атауы: эфирлік/ кабельдік/ спутниктік/ телекоммуникациялар желісі бойынша;

      2) хабарламамен қамту аумағы _________________________________;

      3) желі типі _________________________________________________;

      стандарт атауы _______________________________________________;

      стандарт нөмірі ______________________________________________;

      4) таратылатын теле-, радио арналарының тізімі;

      даму кезеңдері бойынша тізбе _________________________________;

      қысқаша сипаттама ________________;

      5) шартты қолжетімділік жүйесі пайдаланған жағдайда _________;

      6) желіні басқару және пайдалану жүйесін ұйымдастыру қағидаттары

      _____________________________________________________;

      7) желінің сыйымдылығы және/немесе қосылушылар саны;

      көлемі ___________________________________________________ МГц;

      қосылушылар саны _____________________________________________;

      8) басқа да телерадио хабарларын тарату және байланыс

      желілерімен өзара іс-қимылы:

      шарттың нөмірі _______________________________________________;

      шарттың жасалған күні ________________________________________;

      шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы) _________;

      9) нақты техникалық құралдарды көрсете отырып станцияаралық байланыстарды ұйымдастыру тәсілі:

      жеке меншік техникалық құралдар бойынша ______________________;

      өзге желілердің жалға алынған арналары бойынша _______________;

      шарттың нөмірі ______________________;

      шарттың жасалған күні _______________;

      шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы) _________;

      10) өтініш берушінің желісін басқа операторлардың желісіне қосуды ұйымдастыру тәсілі:

      шарттың нөмірі _________________;

      шарттың жасалған күні __________;

      шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы)_________;

      11) жиілік алуға қажетті жабдықтың атауы ______________;

      12) бас станцияға таратылатын теле-, радиоарналарды жеткізу көздері мен тәсілдері;

      студияның орналасқан орны ____________________________________;

      пайдаланылатын желінің типі __________________________________;

      13) жердің жасанды спутниктері (спутниктік байланыс арналарын пайдаланған жағдайда):

      атауы ________________________________________________________;

      тиесілігі ____________________________________________________;

      орналасқан орны ______________________________________________;

      қызмет көрсету аумағы ________________________________________;

      жиіліктің орналасқан белдеуі _________________________________;

      арнаның жылдамдығы ___________________________________________;

      спутниктік жүйенің энергетикалық сипаттамасы _________________

      4. Кері трансляциялауға алдын ала жасалған шарттардың болуы:

      шарттың нөмірі _______________________________________________;

      жасалған күні ________________________________________________;

      шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы) __________

      5. Үй -жайлар мен алаңдардың болуы:

      жеке меншік алаңдар __________________________________________;

      алаңдар саны _________________________________________________;

      жалға алынған орындар ________________________________________;

      орындар саны _________________________________________________;

      шарттың нөмірі _______________________________________________;

      шарттың жасалған күні ________________________________________;

      шарт кіммен жасалды ___________________________________________;