Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № 67 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 ақпанда № 10222 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 361 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 19.05.2015 № 361 бұйрығымен.

      «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2011 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 15) тармақшасына, 9-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағалар ҚҚС есебімен мына мөлшерде белгіленсін:

      дизель отыны – 1 литр үшін 99 теңге;
      Аи-80 – 1 литр үшін 89 теңге;
      Аи-92/93 – 1 литр үшін 99 теңге;

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика бірінші вице-министрі Ұ.С. Қарабалинге жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жариялануға жатады.

      Министр                                    В. Школьник

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      Е. Досаев _______________
      «__» _____________ 2015 год