«Сауда қызметiн реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 16-1 бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1.
Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасына еттiң кейбір түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталардың көлемдерін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар).
2.
Сыртқы сауда қызметін дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1)
осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2)
осы бұйрықтың «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және баспа басылымдарында ресми жариялануын;
3)
осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3.
Сауда қызметін реттеу департаменті:
1)
тарифтік квота көлемін тарихи өнім берушілер арсында бөлуді осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асыруды;
2)
еттің кейбір түрлерін әкелуге арналған тарифтік квота көлемдері (бекітілген, қолданылған, бөлінбей қалғандары) туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды, тиісті ақпаратты орналастыруды және осы Қағидаларда қөрсетілген басқа рәсімдерді қамтамасыз етсін.
4.
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі жүктелсін.
5.
Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр |
Е. Досаев |
«КЕЛІСІЛДІ» |
|
Қазақстан Республикасының |
|
2015 жылғы 22 қаңтар |
|
«КЕЛІСІЛДІ» |
|
Қазақстан Республикасының |
|
2015 жылғы 20 қаңтар |
Қазақстан Республикасы |
Қазақстан Республикасына еттiң кейбiр түрлерiн әкелуге арналған
тарифтiк квоталардың көлемдерін сыртқы экономикалық қызметке
қатысушылар арасында бөлу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1.
Осы Қазақстан Республикасына еттiң кейбiр түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталар көлемдерін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында бөлу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Сауда қызметiн реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрленген және тарифтiк квоталар көлемдерiн сыртқы сауда қызметiн реттеу құралы ретiнде бөлудiң тәртiбi мен әдiсiн айқындайды.
2.
Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1)
агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;
2)
жаңа өнiм берушi – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкер ретінде тіркелген, тарихи тауар өнiм берушiсі болып табылмайтын заңды немесе жеке тұлға;
3)
коммерциялық пайдалы сан – 25 килограмнан астам тауар көлемі;
4)
кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;
5)
қайта өңдеуші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкер ретінде тіркелген, мынадай критерийге сәйкес келетін заңды немесе жеке тұлға:
Экономикалық қызметтің түрлері бойынша өнімдер жіктеуішінің кодтарымен жіктелетін ет өнімінің өндірісін квота белгіленетін жылдың алдындағы жыл ішінде жүзеге асырады:
1013 14 – еттен, еттік қосымша өнімдерден немесе малдың қанынан жасалған шұжық және ұқсас бұйымдар;
1013 15 – еттен жасалған дайын жартылай фабрикаттар мен еттік қосымша өнімдерден басқа, өзге де еттен, еттік қосымша өнімдер немесе мал қандарынан жасалған дайын және консервіленген өнімдер;
6)
осының алдыңғы кезең – тiкелей тарифтiк квота белгіленетін жылдың алдындағы екi жыл;
7)
өнiм берушi елдер – Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысушы елдер еркiн сауда туралы келiсiм жасаспаған не тауарға қатысты еркiн сауда режимiнен алып қою қолданылатын елдер;
8)
сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі;
9)
сыртқы сауда қызметіне қатысушылар – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкерлер ретінде тіркелген заңды немесе жеке тұлғалар;
10)
тарихи өнiм берушi – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкер ретінде тіркелген, мынадай критерийлерге сәйкес келетін заңды немесе жеке тұлға:
алдыңғы кезеңде немесе тiкелей осы жылдың алдындағы тарифтiк квота белгіленген жылдың ішінде өнiм берушi елдерден тауарды «ішкі тұтыну үшін шығару» кедендік рәсімінде әкелуді жүзеге асырады;
тiкелей осы жылдың алдындағы тарифтiк квота белгіленген жылдың iшiнде тауарды әкелу көлемі коммерциялық пайдалы саннан кем болмауы тиiс;
11)
тарихи өнiм берушiнiң тауарды әкелу көлемi – өнiм берушi елдерде шығарылған, алдыңғы кезеңдегі Қазақстан Республикасының аумағына «ішкі тұтыну үшін шығару» кедендік рәсімінде әкелінген заттай мәндегі тауарлар саны»;
12)
тарифтiк квота көлемi – әкелiнуiне Кеден одағының Бірыңғай кеден тарифінің кедендiк әкелу баждарының квотаiшiлiк мөлшерлемелері бойынша салық салынатын, Еуразиялық экономикалық комиссиясының шешімімен айқындалатын және сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкілетті органның шешімімен күнтiзбелiк бiр жылға бекітілетін тауарлар көлемi;
13)
тауар – өнім беруші елдерде шығарылған, оларға қатысты тарифтiк квота белгiленген еттің кейбір түрлері.
2. Тарифтiк квоталардың көлемдерiн бөлу тәртiбi
3.
Сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкілетті орган жыл сайын тарифтік квоталар белгіленетін жылдың тікелей алдындағы жылдың 1 қазанына дейін түсіндірулер беру үшін байланыс деректерін көрсете отырып, интернет ресурсында өзіне қатысты тарифтік квота белгіленетін тауардың атауы туралы ақпаратты, тарихи өнім берушілер, жаңа өнім берушілер, қайта өңдеушілер мен сыртқы сауда қызметіне қатысушылар үшін айқындалған тарифтік квотаның көлемін орналастырады.
4.
Кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi және өспелі қорытынды айдың 15-күнiне қарай сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi органға және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкiлеттi органға: 0201, 0202, 0203, 0207-позициялары бойынша Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының 10 белгісі деңгейінде кедендік рәсімдерді көрсете отырып, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, шығарған елдер бөлінісінде еттің заттай және құндық көлемдері туралы ақпаратты ұсынады.
Көрсетілген ақпарат тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару күні бойынша қалыптастырылады.
Ұсынылған ақпараттың әр парағы кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның жауапты лауазымды тұлғасымен қол қойылынады.
5.
Сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкілетті орган жыл сайын сиыр (коды КО СЭҚ ТН 0202), шошқа (коды КО СЭҚ ТН 0203) және құс етiн (коды КО СЭҚ ТН 0207) әкелу үшін тарихи өнім берушілер арасында тарифтік квоталар көлемдерін бөледі.
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкiлеттi орган жыл сайын сиыр (коды КО СЭҚ ТН 0202), шошқа (коды КО СЭҚ ТН 0203) етін әкелу үшін қайта өңдеушілер арасында тарифтік квоталар көлемдерін бөледі.
6.
Сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкілетті орган жыл сайын тарифтiк квота белгіленген жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 желтоқсанға дейін:
жаңа сойылған немесе мұздатылған iрi қара мал етiн (коды КО СЭҚ ТН 0201) әкелу үшін сыртқы сауда қызметіне қатысушыларға;
құс етiн (коды КО СЭҚ ТН 0207) әкелу үшін жаңа өнім берушілерге;
сиыр (коды КО СЭҚ ТН 0202), шошқа (коды КО СЭҚ ТН 0203) және құс етiн (коды КО СЭҚ ТН 0207) әкелу үшін тарихи өнім берушілерге;
сиыр (коды КО СЭҚ ТН 0202), шошқа (коды КО СЭҚ ТН 0203) етін әкелу үшін қайта өңдеушілерге лицензиялар беруді жүзеге асырады.
7.
Тарихи өнім берушілердің, жаңа өнім берушілердің, қайта өңдеушілердің және сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың арасында тарифтік квоталардың жыл сайын белгіленетін көлемдерінің:
тарихи өнім берушілерге: сиыр етiн (коды КО СЭҚ ТН 0202) әкелуге тарифтік квотаның белгіленген көлемінің 55 %-ы, шошқа етiне (коды КО СЭҚ ТН 0203) 70 %, құс етіне (коды КО СЭҚ ТН 0207) 90 %-н;
қайта өңдеушілерге: сиыр етiн (коды КО СЭҚ ТН 0202) әкелуге тарифтік квотаның белгіленген көлемінің 45 %-ы, шошқа етiне (коды КО СЭҚ ТН 0203) 30 %-н;
жаңа өнім берушілерге: құс етін (коды КО СЭҚ ТН 0207) әкелуге тарифтік квотаның белгіленген көлемінің 10 %-н;
сыртқы сауда қызметіне қатысушыларға: жаңа сойылған немесе мұздатылған iрi қара малдың етiн (коды КО СЭҚ ТН 0201) әкелуге тарифтік квотаның белгіленген көлемінің 100 %-н бөлу.
8.
Тарифтiк квоталар көлемдері өнiм берушi елдер арасында Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімі бойынша алдыңғы кезеңде көрсетілген елдерден әкелу көлемiне барабар бөлінуі мүмкін.
3. Тарихи өнiм берушiлер арасында тарифтiк квоталарды бөлу әдiсі
9.
Тарихи өнім берушілер арасында сиыр (коды КО СЭҚ ТН 0202) шошқа (коды КО СЭҚ ТН 0203) және құс етін (коды КО СЭҚ ТН 0207) әкелуге тарифтік квоталар көлімдерін бөлу екі кезеңде жүзеге асырылады.
10.
Сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкілетті орган жыл сайын:
1)
тарифтік квота белгіленетін жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанына дейін тарихи өнім берушілер үшін айқындалған тарифтік квоталар көлемдерін тарихи өнім берушілер арасында бөлудің бірінші кезеңін жүзеге асырады, сондай-ақ тарихи өнім берушілер арасында тарифтік квоталарды бөлудің бірінші кезеңін бекіту бойынша шешімін әзірлейді және қабылдайды;
4)
тарифтік квота белгіленетін жылдың алдындағы жылдың 1 сәуіріне дейін тарихи өнім берушілер үшін айқындалған тарифтік квоталар көлемдерін тарихи өнім берушілер арасында бөлудің екінші кезеңін жүзеге асырады, сондай-ақ тарихи өнім берушілер арасында тарифтік квоталарды бөлудің екінші кезеңін бекіту бойынша шешімін әзірлейді және қабылдайды.
11.
Бірінші кезең шеңберінде тарихи өнім берушілер арасында тарихи өнім берушілер үшін айқындалған тарифтік квоталар көлемінің 25 пайызы бөлінеді.
Әрбір тарихи өнiм берушiлердің тарифтік квотасының көлемін есептеу әрбір өнім беруші үшін тауардың әрбір түрі бойынша мынадай формула бойынша жеке жүргізіледі:
мұндағы:
q9 – бірінші кезең шеңберiнде тарихи өнім берушiге бөлінген тарифтiк квотаның көлемi, килограммен;
Q – тарихи өнім берушілер үшін айқындалған тарифтiк квотаның жылдық көлемi, килограммен;
VI – алдыңғы кезеңнiң бiрiншi жылында тарихи өнiм берушiнiң тауарды әкелу көлемi, килограммен;
VII-9 – тарифтiк квота белгіленген жылдың алдындағы жылдың 9 айында тарихи өнiм берушiнiң тауарды әкелу көлемi, килограммен;
V’I – тікелей тарифтік квота белгіленген жылдың алдындағы жылдың 9 айында әкелуді жүзеге асыратын барлық тарихи өнiм берушiлердiң алдыңғы кезеңнің бірінші жылында тауарды әкелу көлемi, килограммен;
V’II-9 – тікелей тарифтiк квота белгіленген жылдың алдындағы жылдың 9 айында барлық тарихи өнiм берушiлердің Қазақстан Республикасының аумағына тауарды әкелу көлемi, килограммен.
12.
Екінші кезең шеңберінде тарихи өнім берушілердің арасында тарихи өнім берушілер үшін айқындалған тарифтік квоталар көлемдерінің 100 пайызы бөлінеді.
Әрбір тарихи өнiм берушiнiң тарифтiк квотасының көлемiн есептеу әрбір өнім беруші үшін тауардың әрбір түрі бойынша мынадай формула бойынша жеке жүргiзiледi:
мұндағы:
q12 – екінші кезең шеңберiнде тарихи өнiм берушiге бөлінген тарифтiк квотаның көлемi, килограммен;
Q – тарихи өнім берушілер үшін айқындалған тарифтiк квотаның жылдық көлемi, килограммен;
q9 – бірінші кезең шеңберiнде тарихи өнiм берушiге бөлінген тарифтiк квотаның көлемi, килограммен;
V – алдыңғы кезеңде тарихи өнім берушi жүзеге асырған тауарды әкелу көлемi, килограммен;
V’– тікелей тарифтік квота белгіленген жылдың алдындағы жылы әкелуді жүзеге асырған барлық тарихи өнiм берушiлердiң алдыңғы кезеңде тауарды әкелу көлемі, килограммен.
13.
Осы Қағидалардың 11 және 12-тармақтарында белгіленген формулалар бойынша жүргiзiлген есептердің нәтижелері математикалық түрде тұтас санға дейiн дөңгелектенедi (килограмм мәніне дейін).
Егер есеп нәтижелері бойынша тарихи өнім беруші үшін алынған тарифтік квотаның көлемі коммерциялық пайдалы саннан кем болса, онда осы көлем қалған тарихи өнім берушілер арасында бөлінеді.
4. Жаңа өнім берушілер арасында тарифтік квоталар көлемдерін бөлу әдісі
14.
Жаңа өнім берушілер арасында құс етін (коды КО СЭҚ ТН 0207) әкелуге тарифтік квоталар көлемдерін бөлу жаңа өнім берушілер үшін айқындалған тарифтік квотаның жылдық жалпы көлемінен әр жаңа өнім берушілер үшін 15 %-дан аспайтын көлемде тауарлардың жекелеген түрлерін ипорттауға арналған лицензия алуға жаңа өнім берушілердің өтініштер беруінің кезекті тәртібімен тиісті жылға бекітілгеннен кейін 15 күнтізбелік күн өткен соң жүзеге асырылады.
15.
Импорттауға арналған лицензияны жаңа өнім берушілер үшін көзделген тарифтік квоталар көлемдері таусылғанға дейін сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкілетті органмен беріледі.
16.
Сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкілетті орган әр 15 жұмыс күнінде құс етін әкелуге (коды КО СЭҚ ТН 0207) лицензиялар берілген тарифтік квоталардың көлемі және квота тауысылмаған кезге дейін бөлінбей қалған көлемі туралы мәліметтерді интернет ресурсында жариялайды.
17.
Жаңа өнім берушілер бөлінген тарифтік квоталар көлемдерін есепті жылда пайдаланылмаған кезде келесі 2 жылда тарифтік квоталар көлемдерін бөлуге қатысу құқығынан айырылады.
18.
Егер жаңа өнім беруші лицензияны қайтарса осы лицензиямен бөлінген тарифтік квота көлемі бөлінбеген болып саналады.
Лицензияны қолдану тоқтатылғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде қолдағы бар тарифтік квоталардың көлемі туралы мәліметтерді сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi органның интернет ресурсында орналастырылады;
Жарияланған хабарландыру күнтізбелік он күн өткен соң осы Қағидалардың 14 және 15-тармақтарымен белгіленген ережеге сәйкес жаңа өнім берушілерден лицензия алу үшін өтініштерді қабылданады.
5. Қайта өңдеушілер арасында тарифтiк квоталар көлемдерiн бөлу әдiсі
19.
Қайта өңдеушілер арасында сиыр (коды КО СЭҚ ТН 0202) және шошқа етiн (коды КО СЭҚ ТН 0203) әкелуге тарифтік квоталар көлемдерін бөлу агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкiлеттi органға ұсынылатын қайта өңдеушілердің өтінімдері негізінде жүзеге асырылады.
20.
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкiлеттi орган жыл сайын:
1)
тікелей тарифтiк квоталар белгіленетін жылдың алдындағы жылдың 1 қазанына дейін түсіндірмелер беру үшін байланыс деректерін көрсете отырып, интернет ресурсында қайта өңдеушілер арасында бөлінетін тауардың түрлері мен көлемін көрсете отырып, тарифтік квоталар көлемдерін бөлуге қатысу үшін қайта өңдеушілерден өтінімдер қабылдау туралы хабарламаны, сондай-ақ өтінімдерді қабылдау мерзімдері туралы ақпаратты орналастырады;
2)
тікелей тарифтік квоталар белгіленетін жылдың алдындағы жылдың 1 қарашасына дейін (қоса алғанда) қайта өңдеушілер үшін айқындалған тарифтік квоталарды бөлуге қатысу үшін қайта өңдеушілерден өтінімдер жинауды жүзеге асырады;
3)
тікелей тарифтік квоталар белгіленетін жылдың алдындағы жылдың 15 қарашасына дейін сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға қайта өңдеушілер талап етпеген тарифтік көлемдер туралы ақпаратты ұсынады;
4)
тікелей тарифтік квоталар белгіленетін жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанына дейін қайта өңдеушілер үшін айқындалған тарифтік квоталар көлемдерін қайта өңдеушілер арасында бөлуді жүзеге асырады, сондай-ақ қайта өңдеушілер үшін бөлінген тарифтік квоталарды қайта өңдеушілер арасында бөлуді бекіту бойынша шешім қабылдайды.
21.
Қайта өңдеушілер үшін айқындалған тарифтік квоталар көлемдерін бөлуге қатысу үшін қайта өңдеушілер агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды:
еттің әрбір түрі бойынша тарифтік квоталардың қажет етілетін көлемін көрсете отырып, сондай-ақ дайын тауардың әрбір түрі бойынша дайын өнімді өндіру кезінде пайдаланылған шикізат көлемінде еттің әрбір түрінің үлесін көрсете отырып осы Қағидаларға 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінімді;
кәсіпорынның (дара кәсіпкерлер үшін – өнеркәсіптік өнім өндіріс (дайындау) объектісінің есеп нөмірін тіркеу туралы (растау) анықтамасы) алдыңғы толық жыл үшін құжатты қабылдау туралы статистика органының белгісімен өнімді өндіру және жөнелту туралы статистика органдарына есебінің нотариатта куәландырылған көшірмесін (не салыстырып тексеру үшін құжаттың түпнұсқасын міндетті түрде ұсынған кезде көшірмені) ұсынады.
22.
Егер барлық қайта өңдеушілер өтінім берген тауардың көлемі қайта өңдеушілер үшін айқындалған тарифтік квоталар көлеміне тең немесе одан аз болса, онда тарифтік квоталар көлемі қайта өңдеушілер арасында сұратылатын көлемге сәйкес бөлінеді.
Қайта өңдеушілер пайдаланбаған тарифтік квоталар көлемдері Тарихи өнім берушілер арасында тарифтік квоталарды бөлу әдісіне сәйкес тарихи өнім берушілер арасында бөлінеді.
23.
Егер барлық қайта өңдеушілер өтінім берген тауардың көлемі қайта өңдеушілер үшін бөлінген тарифтік квоталар көлемінен асып кетсе, онда тарифтік квота көлемі тарифтік квоталар көлемдерін бөлудің алдындағы толық жылға әрбір қайта өңдеушінің еттің әрбір түрін тұтыну көлеміне тепе-тең түрде мынадай формулалар бойынша бөлінеді:
мұндағы:
VГ тұтыну – тарифтік квоталар көлемін алуға өтінім берген қайта өңдеушінің сиыр етін тұтыну көлемі, килограммен;
Р – кәсіпорынның өнімді өндіру және жөнелту туралы статистика органдарына есебінде (дара кәсіпкерлер үшін – өнеркәсіптік өнім өндіріс (дайындау) объектісінің есеп нөмірін тіркеу туралы (растау) анықтамасы) көрсетілген қайта өңдеуші өндірісінің көлемі, килограммен;
К – осы Қағидаларға 2-қосымшасына сәйкес ет өнімдерін етке ауыстыру коэффициенті;
SГ – дайын өнімді өндіру кезінде пайдаланылатын шикізаттың жалпы көлемінде сиыр етінің үлесі, пайыздық мәнінде;
VСтұтыну – қайта өңдеушінің шошқа етін тұтыну көлемі, килограммен;
SС – дайын өнімді өндіру кезінде пайдаланылатын шикізаттың жалпы көлемінде шошқа етінің үлесі, пайыздық мәнінде;
мұндағы:
DГ – тарифтік квоталар көлемдерін алуға өтінім берген қайта өңдеушілердің сиыр етін тұтынудың жалпы көлемінде қайта өңдеушінің үлесі, пайыздық мәнде;
VГ – барлық өтінім берген қайта өңдеушілердің сиыр етін тұтыну көлемінің сомасы, килограммен;
DС – тарифтік квоталар көлемдерін алуға өтінім берген қайта өңдеушілердің шошқа етін тұтынудың жалпы көлемінде қайта өңдеушінің үлесі, пайыздық мәнде;
VС – барлық өтінім берген қайта өңдеушілердің шошқа етін тұтыну көлемінің сомасы, килограммен;
мұндағы:
VГtrq – қайта өңдеуші үшін есептелген сиыр етін (коды КО СЭҚ ТН 0202) әкелуге тарифтік квотаның көлемі;
VОГtrq – қайта өңдеушілер үшін сиыр етін (коды КО СЭҚ ТН 0202) әкелуге тарифтік квотаның жалпы көлемі;
VСtrq – қайта өңдеуші үшін есептелген шошқа етін (коды КО СЭҚ ТН 0203) әкелуге тарифтік квотаның көлемі;
VОСtrq – қайта өңдеушілер үшін шошқа етін (коды КО СЭҚ ТН 0203) әкелуге тарифтік квотаның жалпы көлемі.
24.
Егер қайта өңдеуші өтінім берген тарифтік квотаның көлемі жоғарыда көрсетілген формулалар бойынша кәсіпорын үшін есептелген тарифтік квотаның көлемінен аз болса, онда қайта өңдеушіге тарифтік квотаның өтінім берілген көлемі айқындалады, қалған көлемдері қалған қайта өңдеушілер арасында еттің әрбір түрі бойынша тұтынудың жалпы көлемінде олардың үлестері тепе-тең түрде бөлінеді.
25.
Осы Қағидалардың 23-тармағында белгіленген формулалар бойынша жүргiзiлген есептердің нәтижелері математикалық түрде тұтас санға дейiн дөңгелектенедi (килограмм мәніне дейін).
Егер есеп нәтижелері бойынша қайта өңдеуші үшін тарифтік квотаның алынған көлемі коммерциялық пайдалы саннан кем болса, онда осы көлем басқа қайта өңдеушілер арасында бөлінеді.
26.
Кедендік квота әкелу баждарын төлеуден босатуды болжайтын кедендік рәсімдерде тауарды әкелуді жүзеге асыратын қайта өңдеушілерге бөлінбейді.
Кедендік баждарды төлеуден босату іс-қимылдары тоқтатылған жағдайда қайта өңдеушілер тарифтiк квоталар көлемдерiн бөлуге жалпы негіздерде қатысуға құқығы бар.
27.
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкiлеттi орган тарифтiк квота қолданылатын жылдан бастап:
1)
1 қазанға дейін нақты әкелінген ет туралы деректерді ағымдағы жылғы бірінші жартыжылдықта қайта өңдеушілер өндірген өнімнің көлемімен салыстырып тексереді;
2)
1 сәуірге дейін нақты әкелінген ет туралы деректерді толық өткен жылы ет өнімдерін қайта өңдеушілер өндірген ет өнімінің көлемімен салыстырады.
Егер қайта өңдеушінің әкелу көлемі етке қайта есептеуде ет өнімі өндірісінің көлемінен асып кететін жағдайларда, осы қайта өңдеуші келесі 2 жылға тарифтік квоталар көлемдерін бөлуге қатысу құқығынан айырылады.
28.
Бөлінген тарифтік квоталар көлемдерін пайдаланбаған қайта өңдеушілер келесі 2 жылға тарифтiк квоталар көлемдерiн бөлуге қатысу құқығынан айырылады.
Қайта өңдеушілер пайдаланбаған тарифтік квоталар көлемдері осы Қағидаларда айқындалған әдіске сәйкес басқа қайта өңдеушілерге қайта бөлуге жатады.
Тарифтік квоталарды келесі жылдарға бөлу кезінде тарифтік квотаның бөлінген көлемін ішінара пайдаланған қайта өңдеушілер үшін тарифтік квотаның көлемі бұрын әкелінген көлемнен аспайтын деңгейде белгіленеді.
6. Жаңа сойылған немесе мұздатылған iрi қара малдың етiн (коды КО СЭҚ ТН
0201) әкелуге тарифтік квоталарды бөлу әдістемесі
29.
Жаңа сойылған немесе мұздатылған iрi қара мал етiн (коды КО СЭҚ ТН 0201) әкелуге сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында тарифтік квоталар көлемдерін бөлу сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың әкелу үшін лицензия алуға өтініштер беру кезектілігі тәртібімен жүзеге асырылады.
Әкелуге лицензияны жаңа сойылған немесе мұздатылған iрi қара малдың етiн (коды КО СЭҚ ТН 0201) әкелу үшін көзделген тарифтік квоталардың көлемі таусылғанға дейін сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкілетті орган береді.
30.
Лицензия алу үшін өтінім берілген тауардың көлемі жаңа сойылған немесе мұздатылған iрi қара малдың етiн (коды КО СЭҚ ТН 0201) әкелуге белгіленген квотаның жалпы көлемінен аспауы тиіс.
31.
Сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкілетті орган жаңа сойылған немесе мұздатылған ірі қара малдың етін әкелуге (коды КО СЭҚ ТН 0201) лицензиялар берілген тарифтік квоталардың көлемдері туралы және бөлінбей қалған көлемдер туралы мәліметтерді сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi органның интернет ресурсында жариялайды.
Қазақстан Республикасына |
нысан
Өтінім
____________________________________________________________________
(қайта өңдеушінің толық атауы)
Мыналарды:
____________________ тонна көлемінде сиыр етін (коды КО СЭҚ ТН 0202);
____________________ тонна көлемінде шошқа етін (коды КО СЭҚ ТН 0203)
импортқа квота бөлуді сұрайды.
Кәсіпорнымызда дайын өнім өндірісінде шикі ет түрлерінің қатынасы мынадай:
Дайын өнімнің атауы |
Өндірістің көлемі (жылдар бойынша) |
Дайын өнім өндіру кезінде пайдаланылатын сиыр етінің үлесі, % |
Дайын өнім өндіру кезінде пайдаланылатын шошқа етінің үлесі, % |
Әкелінетін шикізатты мақсатына қарай пайдалануға міндеттенеміз.
Бірінші басшы _______________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Мөр орны (күні)
Қазақстан Республикасына |
Ет өнімдерін етке аудару коэффициенттері
Өнім |
Коэффициент |
Шұжық өнімдері (орташа коэффицент) |
1,37 |
Пісірелген шұжықтар, жіңішке шұжықтар, сардельдер |
1,2 |
Жартылай ысталған шұжықтар |
1,7 |
Пісіріліп ысталған шұжықтар |
2,0 |
Шикілей ысталған шұжықтар |
2,5 |
Ет консервілері: |
|
шартты банкілерден қайта есептеу үшін |
0,5 |
салмағынан (тонна) есептеу үшін |
1,4 |
Ет-өсімдік консервілері |
0,18 |