Тасқала ауданының Шежін-2 ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Шежін ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі N 12 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 23 сәуірде № 3504 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі "Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Тасқала аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2014 жылғы 4 наурыздағы № 69 ұсынысы негізінде және жануарлардың аса жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Тасқала ауданының Шежін-2 ауылы аумағында мүйiздi iрi қара малынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу iс-шаралары белгiленсiн.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгiзiледi.

      Ауылдық округ әкімі              Т. Шакиров