Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 101 "Батыс Қазақстан облысы аумағында таралатын шетелдік мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 311 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 15 желтоқсанда № 3712 болып тіркелді

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 249 "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағиданы бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 101 "Батыс Қазақстан облысы аумағында таралатын шетелдік мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3555 тіркелген, 2014 жылғы 1 шілдеде "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) аталған қаулымен бекітілген "Батыс Қазақстан облысы аумағында таралатын шетелдік мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті: мынадай мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын:
      "12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдері (іс-қимылдары) мен өзара іс-қимылдары реттілігінің толық сипаттамасы осы регламенттің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.";
      2) аталған қаулымен бекітілген "Батыс Қазақстан облысы аумағында таралатын шетелдік мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.
      2. "Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі (А. О. Есекенова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б. М. Мәкенге жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Ноғаев

  2014 жылғы 25 қарашадағы
№ 311 Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысына
қосымша
  "Батыс Қазақстан облысы
аумағында таралатын шетелдік
мерзiмдi баспасөз
басылымдарын есепке алу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне
4-қосымша

"Батыс Қазақстан облысы аумағында таралатын шетелдік мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке алу" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы