«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банкноттардың қатар айналыста болу кезеңін өзгерту қажеттілігіне байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «2006 жылғы үлгідегі және 2012 жылғы үлгідегі номиналы 2 000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңін белгілеу туралы» 2013 жылғы 27 мамырдағы № 127 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8562 тіркелген, 2013 жылғы 7 тамызда «Егемен Қазақстан» газетінде № 184 (28123) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 2006 жылғы үлгідегі (бұдан әрі – ескі үлгідегі ақша белгісі) және 2012 жылғы үлгідегі (бұдан әрі – жаңа үлгідегі ақша белгісі) номиналы 2 000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңі 2013 жылғы 29 наурыз – 2015 жылғы 31 желтоқсан аралығы болып белгіленсін.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк
Төрағасы Қ. Келімбетов