Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 24 тамыздағы № 78 қаулысына өзгерістер енгізу және айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша АҚШ долларын және еуроны теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 265 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 қаңтарда № 10146 тіркелді

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 24 тамыздағы № 78 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5795 тіркелген, 2009 жылғы 2 қазанда «Заң газеті» газетінде № 150 (1573) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу ережесінде:
      3-тармақ алынып тасталсын;
      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ұлттық Банк Басқармасының қаулысында:
      шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектері белгіленетін шетел валюталарының түрлері;
      валютаның әрбір түрі үшін ауытқу шегі болуға тиіс.».
      2. Уәкілетті банктердің және уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектері:
      1) АҚШ доллары үшін - 6 теңге;
      2) еуро үшін - 7 теңге болып белгіленсін.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 257 (01.02.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Осы қаулы ресми жариялануға жатады және 2015 жылғы 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Қ. Келімбетов