Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 191 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 21 қарашада № 9894 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.
      2. «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» акционерлік қоғамы осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде өзінің ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне келісуге ұсынсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      төрағасы                                   Қ.Келімбетов

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 22 қазандағы
№ 191 қаулысымен  
бекітілген      

Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің
тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары жөніндегі ережені бекіту туралы» 2005 жылғы 30 шілдедегі № 269 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3822 тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары жөніндегі ережеде:
      1-1-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының облигацияларын (облигациялық бағдарламасын) мемлекеттік тіркеуге арналған левередждің өлшемі 7-ден аспайды (облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылатын соңғы қаржылық есептіліктің деректеріне сәйкес).»;
      1-2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы тармақтың 3) тармақшасының талабы «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамына қолданылмайды.».
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктерді (банк холдингтерін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға, екінші деңгейдегі банктерді ерікті түрде таратуға рұқсат беру, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін тікелей төлем жасау не депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аудару арқылы оларды қайтарып беру қағидаларын бекіту туралы» 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 295 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4521 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктерді (банк холдингтерін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға, екінші деңгейдегі банктерді ерікті түрде таратуға рұқсат беру, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін тікелей төлем жасау не депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аудару арқылы оларды қайтарып беру қағидаларында:
      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      Осы Екінші деңгейдегі банктерді (банк холдингтерін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға, екінші деңгейдегі банктерді ерікті түрде таратуға рұқсат беру, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін тікелей төлем жасау не депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аудару арқылы оларды қайтарып беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы (бұдан әрі - Заң) және «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктерді (банк холдингтерін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға, екінші деңгейдегі банктерді (бұдан әрі - банк) ерікті түрде таратуға рұқсат беру, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін тікелей төлем жасау не депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аудару арқылы оларды қайтарып беру тәртібін айқындайды.»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат алуға арналған, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) ұсынылған өтінішхат қабылданған күнінен бастап екі ай ішінде қаралады.
      Өтінішті қарастыру нәтижелері бойынша уәкілетті орган банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға немесе банкті таратуға рұқсат береді немесе рұқсат беруден бас тартады.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Қайта ұйымдастырылатын банк (банк холдингі) қайта ұйымдастыруды жүргізу үшін уәкілетті органның рұқсатын алған күннен бастап екі апта ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына, оның ішінде банктің интернет-ресурстарына тиісті хабарландыру жариялау арқылы өзінің барлық депозиторларын, клиенттерін, корреспонденттерін және қарыз алушыларын алда болатын өзгерістер туралы хабардар етеді.»;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Банк ерікті түрде таратуға рұқсат алған кезде банктік және өзге де операцияларды жүзеге асыру құқығына бұрын берілген лицензиялардың түпнұсқаларын уәкілетті органның осы шешімі күшіне енген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қайтарады.»;
      3-қосымша осы Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
      4-қосымша осы Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 2-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 238 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5531 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру ережесінде:
      16-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) егер тіркеуші операцияны эмитенттің бұйрығы негізінде жүзеге асырған жағдайда, тіркеушіге орталық депозитарийдің жеке шоты бойынша тіркелген операциялар туралы хабарлау (есеп);»;
      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «17. Орталық депозитарий бұйрықты алған сәттен бастап күнтізбелік үш күн ішінде оның орындалмау себептерін көрсете отырып, жазбаша бас тартуды мынадай жағдайларда ресімдейді:
      1) орталық депозитарий клиентінің бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясын қолдану тоқтатыла тұрғанда немесе айырғанда (қаржы құралдарын басқа депоненттерге номиналды ұстауға аудару немесе қаржы құралдарын орталық депозитарийдің номиналды ұстауынан шығару бойынша операциялар мен ақпараттық операцияларды қоспағанда);
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы қағаздарды айналысқа жіберуді тоқтата тұруға немесе тоқтатуға (ақпараттық операцияларды қоспағанда) уәкілеттік берілген уәкілетті орган немесе мемлекеттік органдар бағалы қағаздарды айналысқа жіберуді тоқтата тұрған немесе тоқтатқан кезде;
      3) бағалы қағаздар шығару талаптарына сәйкес бағалы қағаздар айналысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған кезде (ақпараттық операцияларды, номиналды ұстаушы ауысқан кезде немесе осындай бағалы қағаздарды өтеу кезінде жүргізілетін қажетті операцияларды, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларына ашылған қосалқы шоттардан бағалы қағаздарды есептен шығару және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ашылған қосалқы шоттарға есепке алу операцияларын қоспағанда);
      4) бұйрық орталық депозитарийдің ережелер жиынтығымен белгіленген нысанға сәйкес келмеген кезінде;
      5) бұйрықтың толтыру үшін міндетті деректемелерінің болмауы, сондай-ақ түзетулер немесе түзетілген жерлер болған кезде;
      6) бұйрықтардағы қойылған қол үлгілері (мөр бедерлері) нотариат куәландырған үлгілерге (бедерлерге) сәйкес келмегенде;
      7) «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 65-бабының 6-1-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, бұйрықта көрсетілген бағалы қағаздар және (немесе) жеке шот (қосалқы шот) оқшауланғанда;
      8) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес біреуіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген банктер қосылу нысанында қайта ұйымдастырылған кезде тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (шоттарына) (қосалқы шоттарынан (қосалқы шоттарына)) қаржы құралдарын есептен шығару (есепке алу) бойынша операциялар жүргізуді қоспағанда, бұйрықта көрсетілген қаржы құралдарына ауыртпалық салынғанда;
      9) орталық депозитарий клиенттерінің шоттарында (қосалқы шоттарында) қаржы құралдарының және (немесе) ақшаның қажетті саны болмаған кезде;
      10) қарсы бұйрық болмаған кезде, егер оны ұсыну қажеттігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленсе;
      11) қаржы құралдарын номиналды ұстауға (ұстаудан) енгізуге (шығаруға) орталық депозитарийдің бұйрығын есепке алу ұйымының орындамағаны туралы хабарламаны алған кезде;
      12) мәміле Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмеген кезде;
      13) орталық депозитарийдің ережелер жинағында белгіленгеннен өзге жағдайларда.
      Жазбаша бас тарту почтамен және (немесе) қолға беру арқылы және (немесе) электронды почтамен және (немесе) факсимильді және (немесе) телексті және (немесе) телеграфтық хабармен немесе орталық депозитарийдің ережелер жинағында көзделген өзге де ықтимал байланыс түрлері арқылы жіберіледі.»;
      27 және 27-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «27. Орталық депозитарий клиенттер және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылар алдында олардың жеке шоттарының (қосалқы шоттарының), банк шоттарының және көрсетілген шоттар бойынша жасалатын операциялардың жай-күйі туралы есеп береді.
      Клиенттердің және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шоттарынан (қосалқы шоттарынан) және банк шоттарынан үзінді-көшірмелерді ұсыну мерзімі орталық депозитарийдің ережелер жинағында белгіленеді.
      27-1. Тіркеушінің сұратуы негізінде орталық депозитарий орталық депозитарийдің ережелер жинағында белгіленген тәртіппен айналыс мерзімі өткен, эмитенттің оларды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамауы нәтижесінде осы талап ету құқығы туындаған эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының сәйкестендіргішін беруді жүзеге асырады және тіркеушіге және уәкілетті органға осындай эмиссиялық бағалы қағаздардың ұлттық сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының берілген сәйкестендіргіші туралы мәліметтерді жібереді.
      Орталық депозитарий бір мезгілде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мәліметтерді жібере отырып, тіркеушіге:
      депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған эмитенттің жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін орталық қосалқы шотындағы және эмитенттің сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу үшін қосалқы шотындағы айналыс мерзімі өткен және эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған, эмиссиялық бағалы қағаздардың саны туралы;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай құқыққа ие мемлекеттік органдардың актілері негізінде бағалы қағаздарды ұстаушылардың қосалқы шотындағы оқшауланған бағалы қағаздардың саны туралы мәліметті жібереді.»;
      мынадай мазмұндағы 27-4-тармақпен толықтырылсын:
      «27-4. Орталық депозитарий тіркеушіден қайта ұйымдастырылатын қаржы ұйымдары акционерлерінің жалпы жиналысы шешімінің көшірмесін және тізілімдер жүйесіндегі орталық депозитарийдің жеке шотынан үзінді-көшірмелер алған күні орталық депозитарийдің тіркеушідегі жеке шоты бойынша операцияларды орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі тиісті жеке шоттарда (қосалқы шоттарда) көрсетеді және орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тіркелген операциялар туралы есептерді депоненттерге жібереді.»;
      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «28. Туынды қаржы құралдарымен мәмілелер тізілімдерінің жүйесін (бұдан әрі - тізілім) жүйесін қалыптастыру және жүргізу жөніндегі қызмет екінші деңгейдегі банктер, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар және инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі - субъектілер) ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарықтарда туынды қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша берген ақпаратты қабылдаудан, жүргізуден және сақтаудан тұрады.
      Осы тармақтың талабы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қолданылмайды.».
      4. «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 184 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8692 тіркелген, 2013 жылғы 17 қазанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 233 (28172) жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидаларында:
      мынадай мазмұндағы 36-1-тармақпен толықтырылсын:
      «36-1. Кастодиан кастодианның есепке алу жүйесінде есепте тұрған бағалы қағаздардың ұстаушысы болып табылатын тұлғаның бірінші талап етуі бойынша талапты (сұратуды) алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде осы тұлғаға танысу үшін өзінің осы тұлғаның ақшасын, қаржы құралдарын және өзге де активтерін есепке алу жүйесіндегі деректерді мыналардың:
      1) егер көрсетілген тұлға брокердің клиенті болып табылса, номиналды ұстаушы ретінде қызметті жүзеге асыру құқығы бар бірінші санаттағы брокердің;
      2) егер көрсетілген тұлға кастодианның клиенті болып табылса, орталық депозитарийдің және (немесе) шетелдік номиналды ұстаушының деректеріне сәйкес болуын салыстырып тексеру актісінен үзінді-көшірме ұсынады.».

Қазақстан Республикасының қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу, бақылау мен қадағалау
мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін
нормативтік құқықтық актілерінің
тізбесіне 1-қосымша

«Екінші деңгейдегі банктерді (банк
холдингтерін) ерікті түрде қайта
ұйымдастыруға, екінші деңгейдегі
банктерді ерікті түрде таратуға
рұқсат беру, сондай-ақ жеке
тұлғалардың депозиттерін тікелей
төлем жасау не депозиттерге міндетті
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
болып табылатын басқа банкке
аудару арқылы оларды қайтарып
беру қағидаларына
3-қосымша

Нысан

№______күні____________         Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің
                                                         Төрағасына

Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта
ұйымдастыру үшін рұқсат алуға арналған
ӨТІНІШХАТ

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                        (өтініш берушінің атауы)
банк (банк холдингі) акционерлерінің___________________ жалпы
                                    (өткізілген орны)

жиналысының_____жылғы «___»_______№____шешіміне сәйкес банкті (банк
холдингін) (біріктіру, қосу, бөлу, бөлініп шығу, қайта құру)
(керегінің асты сызылсын) арқылы ____________________________________
                                      (банкті (банк холдингін)
_____________________________________________________________________
қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған (заңды тұлғаға (тұлғаларға)
ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беруді сұрайды.
      Банк (банк холдингі) өтінішхатқа қоса берілген құжаттар мен
мәліметтердің дәйектілігі, сондай-ақ өтінішхатты қарауға байланысты
сұралатын қосымша ақпараттың және құжаттардың уәкілетті органға
уақтылы ұсыну үшін толық жауап береді.
      Қоса берілген құжаттар (жіберілетін құжаттардың атаулы
тізбесін, әрқайсысы бойынша дана және парақ санын көрсету керек):
      Банк акционерлерінің атынан уәкілеттік берілген адам (тегі,
аты, әкесінің аты (бар болса), аталған өкілеттіктерді алуға негіз
болып табылатын құжатқа сілтеме).

_____________________________ _____________
      (қолы)                     мөр      ».

Қазақстан Республикасының қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын 
реттеу, бақылау мен қадағалау 
мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін   
нормативтік құқықтық актілерінің
тізбесіне 2-қосымша      

«Екінші деңгейдегі банктерді (банк
холдингтерін) ерікті түрде қайта
ұйымдастыруға, екінші деңгейдегі
банктерді ерікті түрде таратуға
рұқсат беру, сондай-ақ жеке
тұлғалардың депозиттерін тікелей
төлем жасау не депозиттерге міндетті
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
болып табылатын басқа банкке
аудару арқылы оларды қайтарып
беру қағидаларына
4-қосымша

Нысан

      ______жылғы «__» ____             Қазақстан Республикасы Ұлттық
      № ________                                   Банктің Төрағасына

Банкті ерікті түрде тарату үшін рұқсат алуға арналған
ӨТІНШХАТ

_____________________________________________________________________
                     (өтініш берушінің атауы)
банк акционерлерінің____________________________________________жалпы
                            (өткізілген орны)
жиналысының ______жылғы «___»________№______шешіміне сәйкес
_____________________________________________________________________
      банкін ерікті түрде таратуға рұқсат беруді сұрайды.
      Банк өзінің барлық кредиторларының талаптарын толық көлемде
қанағаттандыруға міндеттенеді.
      Банк өтінішхатқа қоса берілген құжаттар мен ақпараттардың
дәйектілігі, сондай-ақ өтінішхатты қарауға байланысты сұратқан қосымша ақпарат пен құжаттарды уәкілетті органға уақтылы ұсыну үшін
толық жауап береді.
      Қоса берілген құжаттар (жіберілген құжаттардың атаулы тізбесін,
әрқайсысы бойынша дана және парақ санын көрсету керек):

      Банк акционерлерінің атынан уәкілеттік берілген тұлға

      ________________
           (қолы)

      мөр ».