РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Екінші деңгейдегі банктер үшін «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Банктер туралы заң) 30-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген банк операцияларын жүзеге асыруға байланысты міндеттемелердің мөлшері бойынша мынадай шектерде лимиттер белгіленсін:
1) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап:
10 000 000 000 (он миллиард) теңге - екінші деңгейдегі банктің меншікті капиталының мөлшері 10 000 000 000 (он миллиард) теңге - 30 000 000 000 (отыз миллиард) теңге аралығында болған жағдайда;
2) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап:
10 000 000 000 (он миллиард) теңге - екінші деңгейдегі банктің меншікті капиталының мөлшері 10 000 000 000 (он миллиард) теңге - 30 000 000 000 (отыз миллиард) теңге аралығында болған жағдайда;
50 000 000 000 (елу миллиард) теңге - екінші деңгейдегі банктің меншікті капиталының мөлшері 30 000 000 000 (отыз миллиард) теңге - 50 000 000 000 (елу миллиард) теңге аралығында болған жағдайда;
3) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап:

75 000 000 000 (жетпіс бес миллиард) теңге - екінші деңгейдегі банктің меншікті капиталының мөлшері 50 000 000 000 (елу миллиард) теңге - 75 000 000 000 (жетпіс бес миллиард) теңге аралығында болған жағдайда;
4) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап:

100 000 000 000 (бір жүз миллиард) теңге - екінші деңгейдегі банктің меншікті капиталының мөлшері 75 000 000 000 (жетпіс бес миллиард) теңге -100 000 000 000 (бір жүз миллиард) теңге аралығында болған жағдайда.
2. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күнге меншікті капиталының мөлшері 100 000 000 000 (бір жүз миллиард) теңгеден кем екінші деңгейдегі банктер 2015 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне мыналарды:
2019 жылғы 1 қаңтарға меншікті капиталдың болжамды мөлшерін және меншікті капиталдың мөлшерін болжамды мөлшерге дейін кезең-кезеңімен жеткізу жөніндегі шараларды;
Банктер туралы заңның 30-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген банк операцияларын жүзеге асыруға байланысты міндеттемелердің мөлшерін осы қаулының 1-тармағының 4) тармақшасында белгіленген меншікті капиталдың мәніне сәйкес келетіне деңгейге дейін шектеу (төмендету) жөніндегі шараларды көздейтін іс-шаралар жоспарын ұсынады.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк
Төрағасының міндетін атқарушы Н.Құсайнов