Процесc прокурорының қадағалауды ұйымдастыруы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 163 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 31 желтоқсанда № 10055 тіркелді

Қолданыстағы

     РҚАО-ның ескертпесі!
     Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз

      Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің және бірінші сатыдағы сотта мемлекеттік айыптауды қолдаудың заңдылығын прокурорлық қадағалауды тиісінше ұйымдастыру мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Процесc прокурорының қадағалауды ұйымдастыруы жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін, оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін және орындау үшін барлық құқық қорғау және арнайы органдарға жолдасын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Н.М. Исаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Бас Прокуроры                              А. Дауылбаев 

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының   
2014 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 163 бұйрығымен  
бекітілген      

Процесс прокурорының қадағалауды
ұйымдастыруы жөніндегі нұсқаулық 1. Жалпы ережелер

      1. Процесс прокурорының қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК) 193-бабына сәйкес нақты қылмыстық іс бойынша процесс прокурорының қадағалауды ұйымдастыруын нақтылайды.
      2. Прокуратура органдарында процесс прокурорының функцияларын ҚПК белгіленген өкілеттіктер шегінде Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, оның бірінші орынбасары және орынбасарлары, аға көмекшілер және көмекшілер, Қазақстан Республикасының Бас әскери және Бас көлік прокурорлары, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың прокурорлары және олардың орынбасарлары, департаменттердің, басқармалар мен бөлімдердің бастықтары, олардың орынбасарлары, аға көмекшілер және көмекшілер, басқармалар мен бөлімдердің аға прокурорлары және прокурорлар, аудандардың, қалалардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар, олардың орынбасарлары, аға прокурорлар және прокурорлар жүзеге асыра алады.
      3. Процесс прокуроры өз өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға, Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерге, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының (бұдан әрі - Бас Прокурор) бұйрықтарына, нұсқаулықтарына, нұсқауларына, сондай-ақ осы Нұсқаулыққа сәйкес өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.

2. Қылмыстық іс бойынша процесс прокурорының қадағалауды
ұйымдастыруы және өкілеттігі

      4. ҚПК 193 бабы 3-бөлігімен сәйкес Бас Прокурор немесе оның орынбасарлары, Астана, Алматы қалалары және облыстар прокурорлары, Бас әскери және Бас көлік прокурорлары*, Астана және Алматы қалалары аудандарының, қаланың немесе облыс орталығындағы ауданның, әскери және көлік прокуратураларының прокурорлары мен олардың орынбасарлары қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалауды жүзеге асыратын қызметкерлердің ішінен нақты қылмыстық іс бойынша процесс прокурорын айқындауға құқылы.
      *Ескерту: «Астана, Алматы қ. және облыстардың прокурорлары», «Бас әскери прокурор», «Бас көлік прокуроры», сонымен қатар «Астана, Алматы қ. және облыстардың прокуратуралары», «Бас әскери прокуратура», «Бас көлік прокуратурасы» бұдан әрі тиісінше «облыс прокурорлары» және «облыстық прокуратуралар» деп аталады.
      Қоғамдық-құқықтың қатынастардың жекелеген салаларында заңдылықты қадағалау дағдыларын талап ететін қылмыстық тергеп-тексерілетін жағдайда процесс прокурорын прокуратураның басқа да құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің ішінен айқындауға болады.
      5. Процесс прокуроры осы Нұсқаулықта 830 және 31-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған кезден бастап нақты қылмыстық іс бойынша қадағалауды жүзеге асырады.
      6. Процесс прокурорының өкілеттігі өзі процесс прокуроры ретінде белгіленген қылмыстық іспен біріктірілген барлық істерге таралады.
      Процесс прокуроры ретінде белгіленген қылмыстық іс бөлектеп алынған жағдайда, бұрын біріктірілген қылмыстық істер бойынша прокуратура басшысы басқа процесс прокурорын белгілейді немесе осы процесс прокурорына одан әрі қадағалауды тапсырады, өзге жағдайда қадағалау жалпы тәртіппен жүзеге асырылады.
      7. Процесс прокурорының қадағалауды жүзеге асыруы Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген арыздар мен хабарламалар бойынша ғана жүргізіледі.
      8. ҚПК 193 бабы 3-бөлігін басшылыққа алып прокуратураға сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталғаны туралы хабарлама келіп түскен сәттен бастап 24 сағат ішінде прокуратура басшысы процесс прокурорын айқындайды, бұл туралы осы Нұсқаулыққа 1-қосымшада белгіленген нысанға сәйкес процесс прокурорын айқындау туралы қаулы шығарады, оның көшірмесі қылмыстық іс материалдарына қоса тіркеу үшін қылмыстық қудалау органына дереу жіберіледі.
      Прокуратура басшысы қылмыстық процестің кез келген сатысында, соның ішінде қайта дәрежелеу, қылмыстық істі тергеулігі бойынша беру кезінде, сондай-ақ осы Нұсқаулықтың 16-тармағында көзделген жағдайларда процесс прокурорын айқындайды.
      9. Облыс орталығынан шалғай ауданда, сондай-ақ бірнеше өңірлердің немесе облыстардың аумағында қылмыс жасалған немесе тергеу әрекеттерін (сот мәжілісін) жүргізген жағдайда, тергеу жүргізудің күрделілігі мен көлеміне қарай тиісті прокуратура басшысының шешімі бойынша Департаменттің, облыстардың прокуратуралары, қалалар немесе аудандар прокуратуралары қызметкерлерінің ішінен бірнеше процесс прокурорлары айқындайды, бұл туралы осы Нұсқаулыққа 2-қосымшада белгіленген нысанға сәйкес процесс прокурорларының тобын айқындау туралы қаулы шығарылады.
      Осы жағдайда тиісті прокуратура басшысы өз бетінше процесс прокурорлардың жұмысын құзыреттілігі мен аумақтылыны бойынша ұйымдастырады.
      10. Процесс прокуроры қылмыстық іс бойынша заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асыра отырып:
      1) қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар мен хабарламаларды тіркейді және оны қылмыстық қудалау органына береді;
      2) қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарламаларды қабылдау және тіркеу кезінде заңдылықтың сақталуын тексереді;
      3) қылмыстық қудалаудың бір органынан келіп түскен қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар мен қолда бар материалдарды тергеулігі және соттылығы бойынша береді, қылмыстық істі елдің басқа өңіріне беру, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар мен материалдарды қылмыстық қудалау органының төмен тұрған ведомствосынан осы не қылмыстық қудалау органының басқа ведомствосының орталық аппаратының іс жүргізуіне беру жағдайларынан басқа;
      4) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның ҚПК көзделген негіздер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулысын бекітеді, не сотқа дейінгі тергеп-тексеруді толық көлемде немесе нақты адамдарға қатысты тоқтатады;
      5) ҚПК прокуратура басшысының айрықша құзыретіне жатқызылған жағдайларды қоспағанда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның әрекеттеріне және (немесе) шешімдеріне санкциялайды және келісім береді;
      6) мүлікке иелік етуді уақытша шектеу және сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін үзу туралы келісім береді;
      7) сол немесе өзге де тергеу әрекеттерін жүргізу туралы, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарына жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерін қосып тігу туралы жазбаша нұсқаулар береді;
      8) кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісімге бастамашылық етеді және оны жасасады;
      9) жаңа айыптау актісін бекітеді немесе жасасады, айыпталушыны сотқа беруге және мәні бойынша қарау үшін қылмыстық істі сотқа жолдайды;
      10) оқиға болған орынды қарап-тексеруге, сондай-ақ өзге де процестік және тергеу әрекеттеріне қатысады;
      11) тексеру үшін қылмыстық қудалау органдарынан қылмыстық істерді, құжаттарды, материалдарды, соның ішінде жедел-іздестіру шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерін алады;
      12) осы шешімді прокуратура басшысы бекіткен соң, қосымша тергеп-тексеруді жүргізу үшін қылмыстық істі қайтарады;
      13) ҚПК тергеу судьясының құзыретіне жатқызылған мәселелерді қарау кезінде сот отырыстарына қатысады;
      14) қамауда отырған адамдарды ұстаудың Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртібі мен шарттарының сақталуын тексереді;
      15) нәтижелерін прокурордың өтінішхаты бойныша іс материалдарына қосып тігетін тергеу әрекеттерін сот қаулысы бойынша жүргізуді ұйымдастырады;
      16) ҚПК 337-бабында көзделген мемлекеттік айыптаушының өкілеттіктерін пайдаланады;
      17) нақты қылмыстық іспен байланысты шешімдер бойынша ақапараттық-есептік құжаттарға қол қояды;
      18) ҚПК көзделген жағдайларда прокуратура басшысының алдына сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамды шеттету (қарсылық білдіру), сондай-ақ жол берілген заң бұзушылықтар үшін кінәлі адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін прокурорлық қадағалау актісін енгізу туралы бастама жасайды.
      11. Процесс прокурорының өкілеттіктерді іске асыруы, ҚПК көзделген жағдайларды қоспағанда, прокуратура басшысының міндетті келісімінсіз, дербес жүзеге асырылады.
      Бұл ретте, сотқа дейінгі сатыда қадағалау қызметінің сапасын арттыру мақсатында жекелеген мәселелерді прокуратура басшысымен келісуге мүмкін.
      Процесс прокуроры ретінде прокуратура басшысының ҚПК 193-бабы 2-бөлігінің 2), 3), 6), 7) және 8) тармақтарында санамаланған өкілеттіктерін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалауды қамтамасыз ететін департаменттерінің (басқармаларының), облыстық прокуратуралардың және оларға теңестірілген прокуратуралардың бастықтары жүзеге асыруы мүмкін.
      12. Қылмыстық істер бойынша қадағалау іс жүргізуі қозғалады, онда міндетті түрде процестік құжаттардың көшірмелері, соның ішінде процесс прокурорлар айқындау туралы, прокурорлық қадағалау актілері, сондай-ақ тергеп-тексерілетін қылмыстық іспен байланысты өтініштер бойынша хат-хабарлар қамтылады.
      Онымен біріктірілген қылмыстық істерді (көп эпизодты) қосқанда, бір қылмыстық іс бойынша бір қадағалау іс жүргізуі қозғалады.
      Сонымен қатар процесс прокурорлары электрондық қадағалау іс жүргізуін де қозғайды (электрондық файлдың атауы негізгі қылмыстық істің нөмірі бойынша жүргізіледі).
      13. Процесс прокуроры оқиға болған орынға келген жағдайда қалалық және аудандық прокуратуралардың бұрын келген қызметкерлері оған толық көмек көрсетеді.
      14. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдікті кінәлі болмауына немесе дәлелденбеуіне, соттардың ақтау үкімін не істі ақтайтын негіздер бойынша тоқтату туралы қаулы шығаруына орай істің қысқартылуына байланысты қамаудан босатылған жағдайда, процесс прокуроры дереу прокуратура басшысына жазбаша хабарлайды.
      Оның кінәлі болмауына байланысты адамды қылмыстық жауапкершіліктен босату фактісі процесс прокурорының және қылмыстық қудалау органының қатысуымен кінәлі адамдардың жауапкершілігі туралы мәселені шеше отырып, прокуратура басшысының жанындағы жедел кеңесте міндетті тәртіппен қаралады.
      Қабылданған процестік шешімнің заңдылығы туралы қорытынды және кеңес хаттамасы үш күн мерзімде (кеңес өткізілген күннен бастап) Департаментке ұсынылады, ол қабылданған шаралардың заңдылығы мен негізділігін тексереді.

3. Процесс прокурорының бірінші сатыдағы сотта қатысуы

      15. Процесс прокуроры (топ) бірінші сатыдағы сотта мемлекеттік айыптаушы ретінде, соның ішінде келісілген іс жүргізу тәртібімен талқылау кезінде, айыпталушыны сотқа беру сатысында іс бойныша мемлекеттік айыптаушының ұстанымын өзі әзірлейді.
      16. Айыптау кемінде ауыр, толық немесе ішінара айыптаудан бас тартуға өзгерген жағдайда, процесс прокуроры сотқа өтінішхатты мәлімдегенге дейін айыптауды өзгерту немесе бас тарту себептері туралы жазбаша қорытындыны (анықтаманы) прокуратура басшысына ұсынады.
      Процесс прокурорының ұстанымымен келіспеген кезде прокуратура басшысы 3 тәулік ішінде басқа процесс прокурорына ауыстыру туралы шешім қабылдайды не мемлекеттік айыптауды одан әрі қолдауды өзі жүзеге асырады.
      Бұл факт сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін прокуратура басшысының жанындағы жедел кеңесте қаралуға жатады.
      Қабылданған процестік шешімнің заңдылығы туралы қорытынды және кеңес хаттамасы үш күн мерзімде (кеңес өткізілген күннен бастап) Департаментке ұсынылады, ол қабылданған шаралардың заңдылығы мен негізділігін тексереді.
      17. Мемлекеттік айыптауды қолдау кезінде процесс прокуроры сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында, соның ішінде қосымша тергеу әрекеттерін жүргізу, қосымша куәларды, сарапшыларды, мамандарды және басқаларын шақыру туралы өтінішхатты дер кезінде мәлімдеу жолымен жинақталған дәлелдемелерді соттың жан-жақты, толық және объективті зерттеуін қамтамасыз етеді.
      18. Процеске қатысушылар негізсіз өтінішхаттармен арызданған кезде процес прокуроры олармен дауласады және жол бермеуді өтінеді, сондай-ақ қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтарын шектейтін кез келген заң бұзушылыққа ден қояды.
      19. Сот отырысына процеске басқа да қатысушылар келмеген жағдайда, процесс прокуроры адамдардың тиісті жауапкершілігі не ақшалай жаза қолдану туралы мәселелерге бастамашылық ету жөнінде сот алдында өтініш білдіруге, ал негіздер болған кезде сотталушыға бұлтартпау шарасын ең қаталына өзгерту туралы өтініш білдіреді.
      20. Айыптау позициясы, сот актісі және процесс прокурорының қорытындысы қадағалау іс жүргізуіге қоса тігіледі.
      21. Процесс прокурорының қылмыстық заңның қолданылуы туралы қорытындысы қолданыстағы заңнама нормаларына негізделеді.
      22. Сотталушыға жаза тағайындау туралы ұстанымын баяндау кезінде процесс прокуроры құқық бұзушылықтың қоғамдық қауіптілігінің сипаты мен дәрежесін, кінәлінің жеке басын, сондай-ақ қылмыстық жауапкершілікті және жазаны жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайларды ескере отырып, ұсынылатын жазаның сәйкес және әділ болуы үшін қолданыстағы заңнаманың талаптарын қатаң басшылыққа алады.
      Егер жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшін Қылмыстық кодекстің (бұдан әрі - ҚК) тиісті бабында көзделген жазаның онша қатаң емес түрі жазаның мақсатына жетуді қамтамасыз ете алмайтын жағдайларда ғана, процесс прокуроры сотқа ол үшін көзделгендері арасынан неғұрлым қатаң жаза түрін ұсынады.
       23. Қылмыстық іс Бас прокуратураның немесе облыс прокуратурасының бақылауында болған жағдайда, іс бойынша ұстаным Департаментпен (басқармамен) тараптардың жарыссөздеріне дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей, алдын ала келісіледі.
      24. Процесс прокруроры іс бойынша сот шешімін жария ету кезінде қатысады, нәтижелерін прокуратура басшысына дереу баяндайды, сондай-ақ ҚПК 348-бабында көзделген мерзімде басты сот талқылауының хаттамасымен танысуға құқылы және қажет жағдайда оған жазбаша ескерту келтіреді.
       25. Сот шешімінің көшірмесі оны алғаннан кейін дереу оның заңдылығы туралы қорытындымен бірге қылмыстық істер бойынша мемлекет мүддесіне өкілдік ету және сот актілерінің заңдылығын қадағалау жөніндегі тиісті құрылымдық бөлімшенің оны тексеруді ұйымдастыруы үшін прокуратура басшысына беріледі.
      Процесс прокурорының қорытындысында:
      1) сотталған адамның (ақталған адамның) сауалнамалық деректері;
      2) істің қысқаша фабуласы;
      3) іс бойынша шығарылған сот қаулылары туралы мәлімет;
      4) шешімнің шығарылған күні мен соттың атауы;
      5) сот шешімінің қарар бөлігінің мазмұны;
      6) апелляциялық наразылық келтіру үшін негіздерің бары немесе жоқтығы туралы тұжырым қамтылады.
      26. Сот заңсыз шешім шығарған жағдайда, сондай-ақ сот актісімен процесс прокурорының ұстанымында елеулі алшақтықтар болған кезде, апелляциялық мерзімде процесс прокурорымен ҚПК 414-бабы 2-бөлімінің талабына сәйкес апелляциялық наразылық келтірілу мәселесі шешіледі.
      Осы көрсетілген жағдайда қорытындыға апелляциялық наразылық көшірмесі қоса беріледі.
      27. Сот процесс прокурорының ұстанымына сәйкес сот актісін шығарған, бірақ бұдан әрі оған наразылық келтірілген болса, бұл факт прокуратура басшысының жанындағы жедел кеңесте қаралуға жатады.
      Қабылданған процестік шешімнің заңдылығы туралы қорытынды және кеңес хаттамасы үш күн мерзімде (кеңес өткізілген күннен бастап) Департаментке ұсынылады, ол қабылданған шаралардың заңдылығы мен негізділігін тексереді.
      28. Алқабилердің қатысуымен қаралуға жататын қылмыстық істер бойынша, процесс прокуроры қылмыстық қудалау органдарының ҚПК 634-бабының талаптарын сақтауын тексереді.
      29. Процесс прокуроры сот отырысына нысанды киіммен қатысады, сот талқылауы тәртібін қатаң сақтайды.

4. Процесс прокурорын ауыстыру және қарсылық білдіру

      30. Процесс прокуроры ауыстырылмайды, бірақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ауысқан, жұмыстан шыққан, қылмыстық ісің қадағалауда болуы өзгерген жағдайда немесе оған қылмыстық іс бойынша одан әрі қадағалауды немесе сотта айыптауды қолдауды жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтін басқа да мән-жайларда және де осы Нұсқаулықтың 16-тармағында көзделген негізінде прокуратура басшысының шешімі бойынша ол басқа процесс прокурорымен ауыстырылады.
      Уақытша еңбекке жарамсыз, еңбек демалысы, науқастанған жағдайда не қылмыстық іс бойынша қадағалауды жүзеге асыруға уақытша кедергі басқа да мән-жайларда процесс прокуроры болмаған кезеңде прокуратура органы басшысының шешімі бойынша басқа процесс прокуроры белгіленеді.
      31. Процесс прокурорының адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтарының елеулі бұзылуы бойынша шараларды қабылдамау, сондай-ақ жоғары тұрған прокурор өздері бекіткен (санкциялаған, келісілген) процестік шешімдердің күшін жою немесе осы Нұсқаулықтың талаптарын бұзу фактілері анықталған жағдайда, прокуратура басшысы процесс прокурорын ауыстырады.
      32. Тиісті прокуратураның басшысы осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға белгіленген нысанға сәйкес процесс прокурорын ауыстыру туралы қаулы шығарады.
      Қаулы шығарылған сәттен бастап 24 сағаттың ішінде оның көшірмесі қылмыстық іс материалдарына қосып тігу үшін қылмыстық қудалау органына ілеспе хатпен жолданады.
      33. Процесс прокрурорларының істері бойынша жоғары тұрған бақылауды:
      Бас прокуратурада - Бас Прокурордың жетекшілік ететін орынбасары, Департамент бастығы және оның орынбасары;
      Облыстардың прокуратураларында – облыстардың прокурорлары, жетекшілік ететін орынбасар, басқармалар мен бөлімдердің бастықтары;
      Астана, Алматы қалаларының және облыс орталықтарының қалалық және аудандық прокуратураларында, әскери және көлік прокуратураларында – прокурор және жетекшілік ететін орынбасар жүзеге асырады.
      34. ҚПК 88-бабында көзделген негіздер болған кезде процесс прокурорына қарсылық білдіру туралы мәселені тиісті прокуратураның басшысы шешеді.
      Қылмыстық істі қадағалаудан Бас Прокурордың аға көмекшісі және көмекшісі болып табылатын процесс прокурорына қарсылық білдіру туралы мәселені Бас Прокурор немесе оның орынбасары шешеді.

Процесc прокурорының қадағалауды
ұйымдастыруы жөніндегі   
Нұсқаулыққа 1-қосымша    

                                                                Нысан

Процесс прокурорын айқындау туралы
ҚАУЛЫ

"__" ________20___ ж.                                  _____________
                                                      (жасалған орны)

__________________________ прокуроры, №_____________ қылмыстық іс
         (прокуратураның атауы, сыныптық шен, Т.А.Ә.)
                  (қылмыстық істің нөмірі)
бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталғаны туралы хабарламаны
қарап,

АНЫҚТАДЫ:

_____________________________________________________________________
        (құқық бұзушылықтың қысқаша фабуласы жазылады, күдіктінің
         (айыпталушының, сотталушының) Т.А.Ә., лауазымы құқық
_____________________________________________________________________
        бұзушылықтың саралануы, осы қылмыстық іс бойынша Процесс
            прокурорының қадағалауды ұйымдастыруы жөніндегі
_____________________________________________________________________
           процесс прокурорын анықтау қажеттігі айқындалады)
Жазылғандардың негізінде, ҚПК-нің 193-бабының 3-бөлігін басшылыққа
ала отырып,

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

      1. Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде 20__
жылы «___» ______ тіркелген ҚК-нің _____ бабының _____ бөлігі бойынша
(СТБТ-інде тіркелген күні) (құқық бұзушылықтың дәрежелеу)
№ ___________________ қылмыстық іс бойынша процесс прокуроры ретінде
(қылмыстық істің нөмірі)
____________________________________________________ айқындаймын және
(прокуратураның атауы, лауазымы және процесс прокурорының Т.А.Ә.)
сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ
бірінші сатыдағы сотқа мемлекеттік айыптаушы ретінде қатысуды
тапсырамын.
      2. Осы қаулының көшірмесі қылмыстық іс материалдарына қоса
тіркеу үшін ______________________________________ жіберілсін.
            (қылмыстық қудалау органының атауы)

_______________          прокуроры            ________________
(прокуратураның атауы)     (қолы)               (аты-жөні, тегі)

Процесc прокурорының қадағалауды
ұйымдастыруы жөніндегі   
Нұсқаулыққа        
2-қосымша         

                                                                Нысан

Процесс прокурорларының тобын айқындау туралы
ҚАУЛЫ

"__" ________20___ ж.                              _______________
                                                   (жасалған орны)

__________________________      прокуроры, №____________ қылмыстық іс
  (прокуратураның атауы,               (қылмыстық істің нөмірі)
   сыныптық шен, Т.А.Ә.)
бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталғаны туралы хабарламаны
қарап,

АНЫҚТАДЫ:

_____________________________________________________________________
      (құқық бұзушылықтың қысқаша фабуласы жазылады, күдіктінің
       (айыпталушының, сотталушының) Т.А.Ә., лауазымы құқық
_____________________________________________________________________
        бұзушылықтың саралануы, осы қылмыстық іс бойынша Процесс
     прокурорының қадағалауды ұйымдастыруы жөніндегі нұсқаулықтың
_____________________________________________________________________
             9-тармағында көзделген талаптарға сәйкес процесс
          прокурорларының тобын анықтау қажеттігі негізделеді)
      Жазылғандардың негізінде, ҚПК-нің 193-бабының 3-бөлігін
басшылыққа ала отырып,

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

      1. Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде 20__
жылы «___» _____ тіркелген ҚК-нің _____ бабының _____ бөлігі бойынша
(СТБТ-інде тіркелген күні) (құқық бұзушылықтың дәрежелеу)
№ _________________ қылмыстық іс бойынша процесс прокурорлары ретінде
(қылмыстық істің нөмірі)
____________________________________________________ айқындаймын және
(прокуратураның атауы, лауазымы және процесс прокурорларының Т.А.Ә.)
оларға сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалауды жүзеге
асыруды, сондай-ақ бірінші сатыдағы сотқа мемлекеттік айыптаушылар
ретінде қатысуды тапсырамын.
      2. Осы қаулының көшірмесі қылмыстық іс материалдарына қоса
тіркеу үшін ___________________________________________ жіберілсін.
                (қылмыстық қудалау органының атауы)
_______________      прокуроры   ________________
(прокуратураның атауы) (қолы)      (аты-жөні, тегі)

Процесc прокурорының қадағалауды
ұйымдастыруы жөніндегі   
Нұсқаулыққа         
3-қосымша          

                                                                Нысан

Процесс прокурорын ауыстыру туралы
ҚАУЛЫ

"__" ________20___ ж.                       _______________
                                            (жасалған орны)

_________________________ прокуроры, №_____________ қылмыстық іс
(прокуратураның атауы, сыныптық шен, Т.А.Ә.) (қылмыстық істің нөмірі)
бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталғаны туралы хабарламаны
қарап,

АНЫҚТАДЫ:

_____________________________________________________________________
       (құқық бұзушылықтың қысқаша фабуласы жазылады, күдіктінің
         (айыпталушының, сотталушының) Т.А.Ә., лауазымы құқық
_____________________________________________________________________
        бұзушылықтың саралануы, процесс прокурорының қадағалауды
                 ұйымдастыруы жөніндегі нұсқаулықтың
_____________________________________________________________________
  30, 31-тармақтарында көзделген негіздерге сәйкес процесс прокурорын
                   ауыстыру қажеттігі негізделеді)
      Жазылғандардың негізінде, ҚПК-нің 193-бабының 3-бөлігін басшылыққа ала отырып,

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

      1. Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде 20__
жылы «___» ______ тіркелген ҚК-нің _____ бабының _____ бөлігі бойынша
(СТБТ-інде тіркелген күні) (құқық бұзушылықтың дәрежелеу)
№ ___________________________ қылмыстық іс бойынша процесс прокуроры
    (қылмыстық істің нөмірі)
_____________________________________________________________________
  (прокуратураның атауы, лауазымы және процесс прокурорының Т.А.Ә.)
_____________________________________________________________________
        (прокуратураның атауы, лауазымы және жаңа процесс
                       прокурорының Т.А.Ә.)
ауыстырылсын және соңғысына сотқа дейінгі тергеп-тексерудің
заңдылығын қадағалауды жүзеге асыруды, сондай-ақ бірінші сатыдағы
сотқа мемлекеттік айыптаушы ретінде қатысуды тапсырамын.
      2. Осы қаулының көшірмесі қылмыстық іс материалдарына қоса
тіркеу үшін ______________________________________ жіберілсін.
            (қылмыстық қудалау органының атауы)

_______________      прокуроры ________________
( прокуратураның атауы) (қолы)  (аты-жөні, тегі)