Примечание РЦПИ.
В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21-1-бабына сәйкес Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.
2.
Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 104 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 15 мамырда № 3330 болып тіркелген, «Уба-Информ» газетінде 2014 жылғы 28 мамырдағы № 22 санында жарияланған).
3.
Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары И.Е.Тұрниязға жүктелсін.
4.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шемонаиха ауданының әкiмi |
А. Тоқтаров |
Келісілді:
А.Баяндинов |
2014 жылғы «29» қазан
Шемонаиха ауданы әкімдігінің |
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1.
Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
1)
күту бойынша әлеуметтік қызметкер.
2.
Білім беру мамандарының лауазымдары:
1)
мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары;
2)
кітапхана меңгерушісі;
3)
мұғалім;
4)
оқытушы;
5)
педагог-психолог;
6)
педагог-ұйымдастырушы;
7)
қосымша білім беру педагогы;
8)
әлеуметтік педагог;
9)
музыкалық жетекші;
10)
тәрбиеші;
11)
аға тәлімгер;
12)
әдіскер;
13)
кітапханашы;
14)
менеджер;
15)
аккомпаниатор;
16)
өндірістік оқыту шебері;
17)
медициналық бике.
3.
Мәдениет мамандарының лауазымдары:
1)
қазыналық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның басшысы;
2)
музыкалық жетекші;
3)
музыкалық жетекші-аккомпаниатор;
4)
көркемдік жетекші;
5)
әдіскер
6)
аға мәдениұйымдастырушы;
7)
мәдениұйымдастырушы;
8)
мәдениұйымдастырушы-хореограф;
9)
мәдениұйымдастырушы-қоюшы;
10)
мәдениұйымдастырушы-үйірме жетекшісі (хор,топ);
11)
кітапханашы.
4.
Спорт мамандарының лауазымдары:
1)
спорттық қазынашылық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары;
2)
әдіскер;
3)
нұсқаушы;
4)
жаттықтырушы;
5)
жаттықтырушы-оқытушы;
6)
дәрігер.
5.
Ветеринария мамандарының лауазымдары:
1)
мал дәрігері;
2)
ветеринарлық фельдшер.