«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Күршім ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Қағидасын бекіту туралы» Күршім аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 20 маусымдағы № 28-8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 11 шілдеде № 5-14-130 болып тіркелген, 2011 жылғы 16 шілдедегі № 56 «Рауан» және «Заря» аудандық газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Қағидасында:
8 тармақтағы «11 тармақтың санамаланған» деген сөздер «Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес» деген сөздерге алмастырылсын;
11 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«11. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі мен құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгіленген.»;
19 тармақ алынып тасталсын;
Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Қағидасының қосымшасында:
«Күршім аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы»
жолы жаңа редакцияда жазылсын:
«Күршім аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы».
2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сессия төрағасы Қ. Тюстюкпаев
Күршім аудандықмәслихаттың хатшысы Қ. Әбілмәжінов