Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2- тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабына сәйкес, Глубокое ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.
2. "Ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықтарын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет жәнее спорт мамандары лауазымдарының тізімін анықтау туралы" Глубокое ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 1422 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-9-160 тіркелген, "Огни Прииртышья" газетінденің 2011 жылғы 24 қаңтардағы № 6 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Глубокое ауданы әкiмiнің | |
міндетін атқарушы | А. Брагинец |
Келісілді: | |
Глубокое аудандық | |
мәслихатының хатшысы | А. Баймульдинов |
| |
2014 жылы " 27 " маусым | |
Глубокое ауданы әкімдігінің 2014 жылғы " 30 " маусымдағы № 1151 қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс
істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және
ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:1) үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;
2) арнайы әлеуметтік қызметке мұқтаждығын бағалау және анықтау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
3) күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
4) әлеуметтік қызмет жөніндегі маман;
5) әлеуметтік қызмет жөніндегі кеңесші.
2. Білім беру мамандарының (бас, аға мамандардың) лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары (әкімшілік-шаруашылық бөлігі бойынша басшының орынбасарын есепке алмағанда);
2) орталық басшысы және басшының орынбасары (әкімшілік-шаруашылық бөлігі бойынша басшының орынбасарын есепке алмағанда);
3) мектепке дейінгі мемлекеттік мекеменің және қазынашылық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары (әкімшілік-шаруашылық бөлігі бойынша басшының орынбасарын есепке алмағанда);
4) лагерь бастығы;
5) кітапхана меңгерушісі;
6) интернат меңгерушісі;
7) шеберхана меңгерушісі;
8) кабинет меңгерушісі;
9) әдістемелік кабинеттің меңгерушісі;
10) мұғалім;
11) аға тәрбиеші;
12) тәрбиеші;
13) аға шебер;
14) шебер;
15) оқытушы;
16) әдіскер;
17) көркемдік жетекші;
18) музыкалық жетекші;
19) әлеуметтік психолог;
20) педагог;
21) педагог-ұйымдастырушы;
22) қосымша білім беру педагогы;
23) педагог-психолог;
24) мұғалім-логопед;
25) концертмейстер;
26) алғашқы әскери дайындық ұйымдастырушы-оқытушы;
27) сүйемелдеуші;
28) зертханашы;
29) мұғалім дефектолог;
30) кітапханашы;
31) вожатый;
32) дене шынықтыру бойынша нұсқаушы;
33) хореограф;
34) медициналық бике.
3. Мәдениет мамандарының (аға, бас мамандарының) лауазымдары:
1) мәдениет мемлекеттік мекемесінің басшысы;
2) мәдениет үйінің директоры (меңгерушісі);
3) әдіскер;
4) үйірмелер басшысы;
5) музыкалық жетекші;
6) көркемдік жетекші;
7) сүйемелдеуші;
8) хореограф;
9) мәдени ұйымдастырушы;
10) суретші;
11) мұражай қорын сақтаушы;
12) кітапханашы;
13) библиограф.
4. Ветеринария мамандарының лауазымдары:
1) коммуналдық қазынашылық кәсіпорын директоры;
2) коммуналдық қазынашылық кәсіпорын директорының орынбасары;
3) коммуналдық қазынашылық кәсіпорын филиалының директоры;
4) ветеринарлық пункт меңгерушісі;
5) мал дәрігері;
6) ветеринарлық фельдшер.