Өскемен қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 2967 "2014 жылға Өскемен қаласының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 27 қарашадағы N 8391 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 02 желтоқсанда N 3568 болып тіркелді

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 қарашадағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге және қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының 1-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Өскемен қаласы әкімдігінің «2014 жылға Өскемен қаласының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы» 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 2967 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3157 тіркелген, 2014 жылғы 23 қаңтарда «Өскемен», «Усть-Каменогорск» газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі толықтыру енгізілсін:
      1-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «13-1) терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар».
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Өскемен қаласы әкімінің
      міндетін атқарушы

В. Головатюк