Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 шілдедегі N 30/6-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 13 тамызда № 3451 болып тіркелді

Жаңартылған
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 5 тармағына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Өскемен қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек берілсін.
      Мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек 12480 (он екі мың төрт жүз сексен) теңге мөлшерінде берілсін.
      Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімімен белгіленген мөлшерде беріледі.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 16.10.2015 № 42/4-V шешімімен (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы М. Екібасова
      Қалалық мәслихаттың хатшысы А. Абакумов