Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 4841 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 15 мамырда № 3334 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қыркүйектегі № 2188 қаулысымен

Күшін жойған
      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 15.09.2016 № 2188 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына сәйкес Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 09.12.2015 N 14090 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Қосымшаға сай азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі анықталсын.
      2. Өскемен қаласы әкімдігінің "Ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету, білім және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 2831 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-1-97 тіркелген, 2009 жылы 20 қаңтарда "Дидар", "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Өскемен қаласының
      әкімі Т. Қасымжанов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Өскемен қалалық
      мәслихатының хатшысы А. Абакумов

      2014 жылғы " 21 " сәуірдегі

  Өскемен қаласы әкімдігінің
2014 жылғы " 21 " сәуірдегі
№ 4841 қаулысына
қосымша

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдары:
      1) коммуналдық мемлекеттік мекеменің, коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары (оның ішінде бірінші);
      2) мамандар (бас, аға), соның ішінде: барлық мамандықтағы дәрігерлер, кітапханашы, бухгалтер, инспектор, нұсқаушы, медициналық бике, психолог, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, фельдшер (-зертханашы), экономист, заң кеңесшісі;
      3) техникалық орындаушылар, оның ішінде: диспетчер, нұсқаушы, хатшы-машинист.
      2. Білім беру саласындағы мамандар лауазымдары:
      1) коммуналдық мемлекеттік мекеменің, коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары;
      2) мамандар (бас, аға), соның ішінде: барлық мамандықтағы мұғалімдер мен дәрігерлер, аккомпаниатор, кітапханашы, бухгалтер, жетекші, тәрбиеші, дыбыс режиссері, барлық мамандықтағы инженер, инспектор, нұсқаушы, консультант, концертмейстер, мәдени ұйымдастырушы, зертханашы, медициналық бике, менеджер, әдістемеші, музыкалық жетекші, аудармашы, оқытушы, бағдарламашы, психолог, үйірме жетекшісі, хореограф, хормейстер, фельдшер;
      3) техникалық орындаушылар, оның ішінде: іс жүргізуші, кассир, күзетші, тәрбиешінің көмекшісі, хатшы.
      3. Мәдениет саласындағы маман лауазымы: кітапхана меңгерушісі.