"Ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 421 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 15 қазандағы N 276 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 27 қазанда N 3517 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабының 3-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 2143-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 421 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2477, 2008 жылғы 6 наурыздағы № 30 (15939) «Дидар», 2008 жылғы 6 наурыздағы № 35-36 (18469) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
      «Облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы»;
      1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «1. Облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) 12345 қосымшаларға сәйкес айқындалсын.»;
      аталған қаулыға 1 қосымшада:
      тақырыбының мәтіні жаңа редакцияда жазылсын:
      «Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі «Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі»;
      аталған қаулыға 2 қосымшада:
      тақырыбының мәтіні жаңа редакцияда жазылсын:
      «Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі»;
      аталған қаулыға 3 қосымшада:
      тақырыбының мәтіні жаңа редакцияда жазылсын:
      «Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн білім беру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі»;
      аталған қаулыға 4 қосымшада:
      тақырыбының мәтіні жаңа редакцияда жазылсын:
      «Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі «Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі»;
      аталған қаулыға 5 қосымшада:
      тақырыбының мәтіні жаңа редакцияда жазылсын:
      «Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі «Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Облыс әкімі
      «КЕЛІСІЛДІ»
      Шығыс Қазақстан облысы
      мәслихатының хатшысы

Б. Сапарбаев
 
 
Г. Пинчук

      2014 жылғы « 16 » қазан