РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасында қаржы нарығының тұрақсыздануына байланысты аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында 2014 жылы қосымша материалдық көмек көрсету үшін, Шардара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шардара аудандық мәслихатының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 20-128-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2416 тіркелген, 2013 жылдың 09 желтоқсанындағы "Шартарап-Шарайна" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
мынадай өзгеріс енгізілсін:
9-тармақтың 4) тармақшасындағы "6" деген сан "28" деген санға алмастырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Б.Серманизов |
Аудандық мәслихат хатшысы | Т.Бердібеков |