Шардара аудандық мәслихатының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 20-128-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 ақпандағы № 25-156-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 20 наурызда № 2580 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 маусымдағы № 4-34-VI шешімімен

Күшін жойған
      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық мәслихатының 22.06.2016 № 4-34-VI шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасында қаржы нарығының тұрақсыздануына байланысты аз қамтылған отбасыларын әлеуметтік тұрғыда қолдау мақсатында 2014 жылы қосымша материалдық көмек көрсету үшін, Шардара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Шардара аудандық мәслихатының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 20-128-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2416 тіркелген, 2013 жылдың 09 желтоқсанындағы "Шартарап-Шарайна" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
      мынадай мазмұндағы 9-1 тармақпен толықтырылсын:
      "9-1. Халықтың аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында, Ұлттық валюта курсының төмендеуі орын алған айдан бастап үш ай мерзімге отбасыға ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсету. Әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап үш айға тағайындалады және ай сайын төленеді.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы И.Әділхан
      Аудандық мәслихат хатшысы Т.Бердібеков