Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 525 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 22 қыркүйекте № 2805 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына, «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 488 қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының 123-қосымшаларына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Ізтілеуовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Қ.Абдуалиев

Түлкібас ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 525 қаулысына 1-қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы 

Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны

Оның ішінде

республикалық бюджет есебінен

жергілікті бюджет есебінен

1

4659

3829

830

Түлкібас ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 525 қаулысына 2-қосымша

Жан басына шағып қаржыландырудың мөлшері

Айына бір тәрбиеленушіге кететін орташа шығыс, теңге

Бала бақша

Мектеп жанындағы шағын орталық

19 300

12 701

Түлкібас ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 525 қаулысына 3-қосымша

Ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Барлығы

Күніне бір баланың тамағына шығын, теңге (көп емес)

Айына бір баланың тамағына шығын, теңге (көп емес)

238,09

5000

      Ескертпе: Айына бір балаға тамаққа кететін шығын 21 күнге есептелген.