Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 ақпандағы № 47 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 5 наурызда № 2558 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 234 қаулысымен

Күшін жойған
      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімдігінің 29.04.2016 № 234 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 7 бабының 5-2) тармақшасына сәйкес Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Пармановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Ә.Мақұлбаев