Ордабасы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 кыркүйектегі № 21/3 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 30/15 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 14 сәуірде № 2604 болып тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 маусымдағы № 4/9 шешiмiмен

Күшін жойған
      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 22.06.2016 № 4/9 шешiмiмен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56бабының 1тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзінөзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6бабының 2–3 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасында қаржы нарығының тұрақсыздануына байланысты аз қамтылған отбасыларына әлеуметтік тұрғыда қолдау мақсатында 2014 жылы қосымша материалдық көмек көрсету үшін, Ордабасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ордабасы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 кыркүйектегі № 21/3 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2385 тіркелген, 2013 жылғы 2 қарашадағы "Ордабасы оттары" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
      мынадай мазмұндағы 9–1 тармақпен толықтырылсын:
      "9–1. Халықтың аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында, Ұлттық валюта курсының төмендеуі орын алған айдан бастап үш ай мерзімге отбасыға ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсету. Әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап үш айға тағайындалады және ай сайын төленеді.".
      2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледі.
      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы:
Т.Жанысбаев
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы:
Б.Садвахасов