Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 3 шілдедегі № 1304 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 31 шілдеде № 2746 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-2) тармақшасына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуы Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне /Ж.Ш.Байғонов/ жүктелсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.М.Нарымбетовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.      

      Қала әкімі                                 Д.Сатыбалды