Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 1 желтоқсандағы № 426 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 396 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 желтоқсанда № 2936 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 238 бабының 3 тармағына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 1 желтоқсандағы № 426 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2000-нөмірмен тіркелген, 2008 жылғы 25 желтоқсанда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 4 қосымшасы «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі» осы қаулының 4 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. «Оңтүстік Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын:
      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Ә.Садырға жүктелсін.

      Облыс әкімі                                А.Мырзахметов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Оңтүстік Қазақстан облыстық
      мәслихат хатшысы
      __________________ Қ.Ержан

      Б.Оспанов
      Б.Жылқышиев
      С.Қаныбеков
      Е.Садыр
      С.Тұяқбаев
      А.Абдуллаев
      Р.Исаева

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2014 жылғы «18» желтоқсандағы
№ 396 қаулысына 4 қосымша

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2008 жылғы «1» желтоқсандағы
№ 426 қаулысына 4 қосымша

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын басшысы мен басшысының орынбасары (экономика, қаржы және әкімші-шаруашылық мәселелер жөніндегі басшының орынбасарларынан басқа).
      2. Көркемдік жетекші, мұрағат меңгерушісі, труппа меңгерушісі, музыкалық бөлімінің меңгерушісі, көркемдеп қою бөлімінің меңгерушісі, әдеби-драмалық бөлімінің меңгерушісі, кітапхана меңгерушісі, мұрағат қоймасының меңгерушісі.
      3. Мамандар (бас, аға): аккомпаниатор; әртіс; кітапханашы; редактор; режиссер; режиссердің көмекшісі; дыбыс режиссері; мәдени ұйымдастырушы; әдістемеші; барлық атаудағы суретшілер; хореограф; сақтаушы (оның ішінде мұражайлардағы қорларды); мұрағатшы; экскурсовод.
      4. Ғылыми қызметкер (оның ішінде бас, аға, жетекші, кіші).
      5. Техникалық орындаушылар: мұражай қараушысы.