"Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 176 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 22 шілдеде № 2728 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.      

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 1 және 3 тармақтарына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті бекітілсін.
      2. «Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.С. Оспановқа жүктелсін.      

      Облыс әкімі                                А.Мырзахметов
      
      Б.Оспанов
      Б.Жылқышиев
      Ә.Бектаев
      С.Қаныбеков
      Е. Садыр
      С.Тұяқбаев
      А.Абдуллаев
      Р.Исаева            

      Оңтүстік Қазақстан
      облысы әкімдігінің
      2014 жылғы 9 маусымдағы
      № 176 қаулысына қосымша

«Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі «Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) және аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерімен (бұдан әрі-Бөлім) ұсынылады.
      Құжаттарды қабылдау Бөліммен, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушімен жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының банк шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияны аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсыну.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдарды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының өтініші негіздеме болады.
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы және олардың орындалу дәйектілігі, оның ішінде барлық рәсімдердің өту кезеңдері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы Бөлімге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 134 қаулысымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартының (бұдан әрі - Стандарт9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады;
      2) құжаттар қабылданған күні Бөлімнің уәкілетті қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға толық көлемде қабылданған құжаттар туралы хабарлама береді. Бөлім субсидиялар алу үшін құжаттар қабылдауды бастау және аяқтау күнін белгілейді, субсидиялар алу үшін құжаттарды қабылдау мерзімдері және басқа да қажетті мәліметтер көрсетілген ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – ВАК) жұмыс тәртібін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етеді;
      3) ВАК ағымдағы жылғы 25 ақпанға дейінгі мерзімде су беру жөніндегі қызметтердің құнын арзандату бойынша субсидиялар алуға ұсынылған өтінімдерді қарайды және су пайдаланушылардың ауылдық тұтынушылар кооперативі (бұдан әрі - САТК) бөлінісіндегі су пайдаланушылар тізімдерін және бекітілген ставкаларға сәйкес субсидиялар сомаларын облыстық маңызы бар аудан немесе қала әкіміне бекітуге ұсынады;
      4) облыстық маңызы бар аудан немесе қала әкімі су пайдаланушылар тізімін бекіткеннен кейін ағымдағы жылғы 28 ақпанға дейінгі мерзімде қызмет берушіге САТК бөлінісіндегі су пайдаланушылар тізімін ұсынады;
      5) көрсетілетін қызметті беруші бір апталық мерзімде су пайдаланушылар мен САТК-ні жылдық субсидиялау сомаларын көрсете отырып, су пайдаланушылар тізімдерін бекіту бойынша облыстық маңызы бар аудан немесе қала әкімдері қабылдаған шешімдер туралы хабардар етеді;
      6) Бөлім құжаттарды тексергеннен кейін ағымдағы айдың 25 күніне дейінгі мерзімде қызмет берушіге жиынтық су пайдаланушылар тізілімін жолдайды;
      7) көрсетілетін қызметті беруші бес жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың талаптарға сәйкестігін тексереді, бюджеттік субсидиялар төлеуге ведомості, төлем шоттарын қалыптастырады және аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсынады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) Бөлім;
      2) Бөлімнің уәкілетті қызметкері;
      3) ВАК;
      4) облыстық маңызы бар аудан, қала әкімі;
      5) көрсетілетін қызметті беруші.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің орындалу мерзімі көрсетілген сипаттама осы регламенттің 2 бөлімі 5 тармағында келтірілген. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі рәсімдердің (іс-қимылдардың) блок-схема түріндегі реттілігі осы регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі, қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдары тәртібінің графикалық және схемалық түрде сипатталуы және мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің 1 және 2 қосымшаларында бейнеленген.

      «Ауыл шаруашылығы тауарын
      өндірушілерге су беру қызметтерінің
      құнын субсидиялау» мемлекеттік
      көрсетілетін қызмет регламентіне
      1-қосымша

       Мемлекеттік қызмет көрсетудің блок-схема түрінде сипатталуы және мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
      

            

      «Ауыл шаруашылығы тауарын
      өндірушілерге су беру қызметтерінің
      құнын субсидиялау» мемлекеттік
      көрсетілетін қызмет регламентіне
      2-қосымша

      Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі рәсімдердің (іс-қимылдардың) графикалық түрдегі реттілігінің сипатталуы және мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

1

2

3

4

5

6

Бөлімнің уәкілетті қызметкері

ВАК

Облыстық маңызы бар аудан немесе қала әкімі

Көрсетілетін қызметті беруші

Бөлім

Көрсетілетін қызметті беруші

Құжаттар қабылданған күні көрсетілетін қызметті алушыға толық көлемде қабылданған құжаттар туралы хабарлама береді

Ағымдағы жылғы 25 ақпанға дейінгі мерзімде су беру жөніндегі қызметтердің құнын арзандату бойынша субсидиялар алуға ұсынылған өтінімдерді қарайды және САТК бөлінісіндегі су пайдаланушылар тізімдерін және бекітілген ставкаларға сәйкес субсидиялар сомаларын облыстық маңызы бар аудан немесе қала әкіміне бекітуге ұсынады

Су пайдаланушылар тізімін бекіткеннен кейін ағымдағы жылғы 28 ақпанға дейінгі мерзімде қызмет берушіге САТК бөлінісіндегі су пайдаланушылар тізімін ұсынады

Бір апталық мерзімде су пайдаланушылар мен САТК-ні жылдық субсидиялау сомаларын көрсете отырып, су пайдаланушылар тізімдерін бекіту бойынша облыстық маңызы бар аудан, қала әкімдері қабылдаған шешімдер туралы хабардар етеді

Құжаттарды тексергеннен кейін ағымдағы айдың 25 күніне дейінгі мерзімде көрсетілетін қызметті берушіге жиынтық су пайдаланушылар тізілімін жолдайды

Бес жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың талаптарға сәйкестігін тексереді, бюджеттік субсидиялар төлеуге ведомості, төлем шоттарын қалыптастырады және аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін және төлем шоттарын ұсынады