РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 50-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына және 27-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Оңтүстік Қазақстан облысының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Оңтүстік Қазақстан облысындағы жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері осы қаулыға қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы бірлескен қаулы және шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі А.Мырзахметов
Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы Л.Тәшімов
Облыстық мәслихаттың хатшысы Қ.Ержан
Б.Оспанов
Б.Жылқышиев
С.Қаныбеков
Ә.Бектаев
Е.Садыр
С.Тұяқбаев
А.Абдуллаев
Р.Исаева
Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2014 жылғы «28»
сәуірдегі № 100 және
Оңтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының 2014 жылғы «15»
сәуірдегі № 26/210-V бірлескен
қаулысы мен шешіміне қосымша
Оңтүстік Қазақстан облысындағы жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін
№ |
Аудан және қала атаулары |
Жер учаскесінің көлемі (гектар) |
Оның ішінде |
||
жайылым |
тәлімі егістік |
суармалы егістік |
|||
1 |
Бәйдібек ауданы |
37 |
30 |
5 |
2 |
2 |
Қазығұрт ауданы |
27 |
15 |
10 |
2 |
3 |
Мақтарал ауданы |
10,5 |
5,5 |
- |
5 |
4 |
Ордабасы ауданы |
26,5 |
15 |
10 |
1,5 |
5 |
Отырар ауданы |
55 |
50 |
- |
5 |
6 |
Сайрам ауданы |
16,5 |
10 |
5 |
1,5 |
7 |
Сарыағаш ауданы |
28 |
20 |
6 |
2 |
8 |
Созақ ауданы |
62 |
50 |
11 |
1 |
9 |
Төлеби ауданы |
29 |
15 |
12 |
2 |
10 |
Түлкібас ауданы |
26,5 |
15 |
10 |
1,5 |
11 |
Шардара ауданы |
36 |
30 |
- |
6 |
12 |
Арыс қаласы |
41,5 |
30 |
10 |
1,5 |
13 |
Кентау қаласы |
26,5 |
20 |
5 |
1,5 |
14 |
Түркістан қаласы |
32 |
15 |
12 |
5 |
15 |
Шымкент қаласы |
16,5 |
10,5 |
5 |
1 |