1. Атырау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 27 қаңтардағы № 306-ІV "Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2561 санымен тіркелген, 2010 жылы 18 ақпанда "Атырау" газетінде жарияланған) шешімінің 3 қосымшасына келесі толықтыру енгізілсін:
3 тармақ "керосин" сөзімен толықтырылсын
3 қосымшаның 3–тармағы қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экология, қоршаған ортаны қорғау, агроөнеркәсіп және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Д. Құлжанов) жүктелсін.
Сессия төрағасы | Ю. Кустадинчев |
Мәслихат хатшысы | С. Лұқпанов |
| Облыстық мәслихаттың ХХІV сессиясының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі№315-V шешіміне қосымша |
| Облыстық мәслихаттың ХХ сессиясының 2010 жылғы 27 қаңтардағы №306-ІV шешіміне 3 қосымша |
Қозғалмалы көздерден атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары мыналарды құрайды:
Рет № | Отын түрлері | Пайдаланылған отынның 1 тоннасы үшін ставка (АЕК) |
3. | Сұйытылған, сығылған газ, керосин үшін | 0,48 |