Атырау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 1 қазандағы № 360-ІV "Атырау облысының елді мекендерінде жасыл желекті екпелер құру, күтіп ұстау және қорғау Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Атырау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 247-V шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 28 сәуірде № 2898 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 207-VI шешімімен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық мәслихатының 16.03.2018 № 207-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес V шақырылған облыстық мәслихат кезекті ХХІІ сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атырау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 1 қазандағы № 360-ІV "Атырау облысының елді мекендерінде жасыл желекті екпелер құру, күтіп ұстау және қорғау Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2574 санымен тіркелген, 2010 жылы 20 қарашада "Атырау" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      Атырау облысының елді мекендерінде жасыл желекті екпелер құру, күтіп ұстау және қорғау Ережесінде мемлекеттік тілдегі мәтінінде:

      "Қалалар, кенттік және поселкелік округ",
"қала, кенттік және поселкелік округ",
"қала, кенттік және поселке округі",
"қала, кенттік және поселкелік округ",
"қаланы, кенттік және поселкелік округті",
"қала, кенттік және поселкелік округтерде",
"қала, кенттік және поселке",
"қала, кенттік және поселкелік округте",
"қала, кент және поселке" деген сөздер сәйкесінше:
"қалалар, ауылдық және кенттік округ",
"қала, ауылдық және кенттік округ",
"қала, ауылдық және кенттік округі",
"қала, ауылдық және кенттік округ",
"қаланы, ауылдық және кенттік округті",
"қала, ауылдық және кенттік округтерде",
"қала, ауылдық және кент",
"қала, ауылдық және кенттік округте",
"қала, ауылдық және кенттік округтер" деген сөздермен ауыстырылсын.

      Орыс тіліндегі мәтіні өзгертілмейді.

      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экология, қоршаған ортаны қорғау, агроөнеркәсіп және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Д. Құлжанов) жүктелсін.

      Сессия төрағасы Ө. Жанбала
      Мәслихат хатшысы С. Лұқпанов