Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Ақжарқын ауылдық округі Ащыкөл ауылының аумағында ірі қара мал бруцеллезіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Ақжарқын ауылдық әкімінің аппаратының 2014 жылғы 3 шілдедегі N 6 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 31 шілдеде N 2887 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Ақжарқын ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы N 2 шешімімен

Күшін жойған
      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Ақжарқын ауылдық округі әкімінің 02.12.2015 N 2 шешімімен (мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Занының 10-1-бабы 7)-тармакшысына сәйкес, Ақжар ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық санитарлық инспекторының 2014 жылғы 11 маусымдағы № 06-10/56 ұсынысы негізінде, ШЕШІМ қабылдаймын:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Ақжарқын ауылдық округі Ащыкөл ауылында ірі қара малдары арасында бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. Осы шешімің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округі әкімінің
міндет атқарушысы
З. Сыздықова