«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 3-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының |
Е. Сұлтанов |
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 23 қыркүйек № 354 қаулысымен бекітілген |
«Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы регламенттің (бұдан әрі - регламент) 1-қосымшасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – ветеринариялық анықтама беру.
Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдары тәртібінің сипаттамасы
4. Көрсетілетін қызметті алушының (не оның сенімхат бойынша өкілінің) өтінішті және келесі құжаттарды ұсынуы мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз болып табылады:
1) жануарға арналған ветеринариялық паспорттың көшірмесі;
2) жануардың жеке нөмірін көрсете отырып, былғары-тері шикізатында міндетті түрде жапсырманың болуы.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері алынған құжаттарды қабылдайды және тіркейді – 30 минуттан аспайды;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысып, жауапты орындаушыны айқындайды, бұрыштама қояды және құжаттарды жауапты орындаушыға жібереді – 30 минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың регламенттің 4-тармағына сәйкестігін қарайды, жануардың ветеринариялық паспорты мен жеке нөмірінің және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорда бар жануарлар туралы мәліметтердің немесе олардан үзінді-көшірмелердің болуын негізге ала отырып, жануарды, одан алынған өнім мен шикізатты ветеринариялық байқаудан өткізеді, бұл ретте көрсетілетін қызметті алушы жүгінген сәттегі тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық ахуал ескеріледі және ветеринариялық байқау нәтижелері ветеринариялық анықтамаға жазылады – жүгінген күн ішінде;
4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушыға (не оның сенімхат бойынша өкіліне) ветеринариялық анықтама береді – 30 минуттан аспайды.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1) өтініш және ұсынылған құжаттар тіркеледі, көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесіне белгі қойылады (кеңсе қызметкері);
2) бұрыштама қойылады (басшы);
3) ұсынылған құжаттар қаралады, жануар, одан алынатын өнім мен шикізат ветеринариялық байқаудан өткізіледі, ветеринариялық байқау нәтижелері ветеринариялық анықтамаға жазылады (жауапты орындаушы);
4) ветеринариялық анықтама беріледі (кеңсе қызметкері).
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы:
1) өтініш пен құжаттарды қабылдау және тіркеу, көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесіне құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, тіркеу туралы белгі қою (кеңсе қызметкері) – 30 минуттан аспайды;
2) құжаттармен танысып, бұрыштама қою (басшы) – 30 (отыз) минуттан аспайды;
3) ұсынылған құжаттарды қарау, ветеринариялық байқау нәтижелерін ветеринариялық анықтамаға жазу (жауапты орындаушы) – жүгінген күн ішінде;
4) ветеринариялық анықтама беру (кеңсе қызметкері) – 30 минуттан аспайды.
9. Рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі бизнес-процестердің анықтамалығында көрсетілген.
«Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша |
Жергілікті атқарушы органдар құрған «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік қызметін көрсететін мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың мекенжайлары
Уәкілетті органдардың |
Заңды |
Байланыс |
«Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны |
Солтүстік Қазақстан облысы, |
50-21-45 |
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ветеринарлық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны |
Солтүстік Қазақстан облысы, |
8 (715-33) |
«Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ветеринарлық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығымен мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын |
Солтүстік Қазақстан облысы, |
8 (715-46) |
«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің «Аққайың аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ветеринариялық стансасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын |
Солтүстік Қазақстан облысы, |
8 (715-32) |
«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ветеринарлық станциясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын |
Солтүстік Қазақстан облысы, |
8 (715-43) |
«Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ветеринарлық станция» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны |
Солтүстік Қазақстан облысы, |
8 (715-44) |
«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Ветеринарлық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын |
Солтүстік Қазақстан облысы, |
8 (715-31) |
«Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің «Қызылжар аудандық ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ветеринарлық станция» шаруашылық жүргізу құқығымен мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны |
Солтүстік Қазақстан облысы, |
8 (715-38) |
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ветеринариялық станциясы» шаруашылық басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны |
Солтүстік Қазақстан облысы, |
8 (715-41) |
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ветеринарлық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығымен мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны |
Солтүстік Қазақстан облысы, |
8 (715-35) |
«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ветеринарлық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығымен мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны |
Солтүстік Қазақстан облысы, |
8 (715-36) |
«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ветеринарлық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны |
Солтүстік Қазақстан облысы, |
8 (715-37) |
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ветеринарлық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығымен мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын |
Солтүстік Қазақстан облысы, |
8 (715-42) |
«Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ветеринарлық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығымен мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын |
Солтүстік Қазақстан облысы, |
8 (715-34) |
«Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша |
«Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік қызметін көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы