"Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің қүнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 11 маусымдағы N 186 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 14 шілдеде N 2852 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 тамыздағы N 309 қаулысымен

Күшін жойған
      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 20.08.2015 N 309 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 3-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы оны алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан
облысының әкімі
Е. Сұлтанов

  Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 11 маусымдағы № 186 қаулысымен бекітілді

"Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – көрсетілетін мемлекеттік қызмет) облыстың, ауданның және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушылардың банк есеп шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияны одан әрі аудару үшін төлем есеп шоттарын қоса беріп, аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем есеп шоттарының тізілімін ұсыну.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы

      4. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін көрсетілетін қызметті берушіге мыналарды ұсынады:
      1) Көрсетілетін қызметті алушылар субсидияларды алуға арналған тізілімге енгізу үшін суды пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативтері (бұдан әрі – САТК) арқылы (ауыл шаруашылығы мұқтаждығы үшін гидротехникалық имараттарды, құрылғылар мен жабдықтарды бірлесіп басқару үшін мүшелік негізінде асулы алаңдағы жер учаскелеріне ие (пайдаланатын) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ерікті бірлестігі) мыналарды ұсынады:
      ағымдағы жылдың 20 ақпанына дейінгі мерзімде осы регламенттің 1-қосымшасына сай нысан бойынша өтінімді;
      САТК жарғысының көшірмесін;
      САТК мүшелерінің оған өтінімді беру және субсидияларды алу бойынша өкілеттікті табыстау туралы жиналыс хаттамасын;
      көрсетілетін қызметті берушінің тарифін бекіту туралы бұйрықтың көшірмесін;
      әр көрсетілетін қызметті алушы үшін су пайдалану лимиті көрсетілген САТК-ның су берушімен алдағы суару маусымына су беру туралы шартын;
      әр көрсетілетін қызметті алушының жер учаскесіне құқығын заңдастыратын құжаттардың көшірмелерін;
      әр көрсетілетін қызметті алушыны суару үшін арналған имараттар, жабдықтар мен құрылғыларға техникалық паспорттардың болуын растайтын құжаттардың көшірмелерін;
      әр көрсетілетін қызметті алушыны суаруға арналған аттестацияланған суды есептеу құралдарының болуы туралы құжаттардың көшірмелерін;
      заңды тұлғаны (ақша көрсетілетін қызметті алушының есеп шотына аударылған жағдайда жеке куәліктің немесе жеке кәсіпкерді тіркеу туралы куәліктің көшірмесін) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмесін;
      көрсетілетін қызметті алушының салық есебіне қойылу фактісін растайтын, салық органымен берілген құжаттың көшірмесі;
      реквизиттері көрсетілген банк есеп шотының болуы туралы банк анықтамасын.
      2) САТК жиынтық тізіліміне енгізілгендер әр айдың 20-сы күніне дейін мыналарды ұсынады:
      осы регламенттің 2-қосымшасына сай көрсетілетін қызметті берушінің су бергені қызмет көрсету актісін;
      көрсетілетін қызметті берушіге су жеткізу жөнінде алынған қызметтер үшін қаражат аударылғанын растайтын төлем құжаттарының көшірмелерін. Бұл ретте тараптардың келісімі бойынша көрсетілетін қызметті алушы (көрсетілетін қызметті алушылар атынан САТК) көрсетілетін қызметті берушімен көрсетілген қызмет құнының кемінде 50%-ын төлем жүргізе алады, сонымен қатар қалған бөлігін субсидия алғаннан кейін төлеу міндетін өзіне алады.
      Көрсетілетін қызметті беруші өтінімдер мен құжаттар топтамасын қабылдағаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға осы регламенттің 3-қосымшасына сай нысан бойынша өтінімді қабылдаған лауазымды тұлғаның аты-жөні мен аты-жөнінің бірінші әріптері, қабылдау күні мен уақыты көрсетілген талон береді.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар топтамасын қабылдауды жүзеге асырады, тиісті өтінімдерді тіркеу журналында көрсетілетін қызметті алушының өтінімін тіркейді. Нәтижесі – өтінімнің және құжаттар топтамасының қабылданғаны туралы талонның берілуі және қабылданған құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына жолдау – 15 минут;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы өтінімге бұрыштама қояды. Нәтижесі – өтінімнің және құжаттар топтамасының ауыл шаруашылығы бөлімінің жауапты қызметкеріне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің бөлім қызметкері) табысталуы – 1 сағат;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім қызметкері ұсынылған құжаттарды күнтізбелік 2 күн ішінде қарастырады. Нәтижесі – өтінімнің және құжаттар топтамасының ведомствоаралық комиссияға жолдануы (бұдан әрі – ВАК);
      4) ВАК ұсынылған өтінімдерді қарайды, тиісті хаттамаға қол қояды – ағымдағы жылғы 25 ақпанға дейін (күнтізбелік 5 күн). Нәтижесі – САТК тұрғысында су беру қызметтердің құнын арзандатуға субсидиялар алуға суды пайдаланушылар тізімін және олардың мөлшерлемелері бойынша субсидиялар сомасын аудан (қала) әкіміне бекітуге ұсынады;
      5) аудан (қала) әкімі көрсетілетін қызметті алушылардың тізімін бекітеді және ұсынады – ағымдағы жылғы 28 ақпанға дейін (күнтізбелік 3 күн). Нәтижесі – "Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Басқарма) САТК тұрғысында суды пайдаланушылардың тізілімін ұсынады;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің Басқарма қызметкері алынған көрсетілген қызметті алушылардың тізілімін аудан бойынша жалпы субсидиялау сомасының уәкілетті орган белгілеген суды пайдалану лимитіне сәйкестігін салыстырып тексереді, жылдық субсидия сомасын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушылардың – су жеткізу құнын арзандатуға бюджеттік субсидиялар алушылардың тізімдерін бекіту жөнінде аудан (қала) әкімі қабылдаған шешім туралы жазбаша нысанда су пайдаланушылар мен САТК-ны хабардар етеді – күнтізбелік 3 күн. Нәтижесі – жылдық субсидия сомасын көрсете отырып, су жеткізу құнын арзандатуға бюджеттік субсидияларды көрсетілетін қызметті алушылардың бекітілген тізімі;
      7) САТК бөлімге су берушінің су беру жөнінде қызмет көрсету актісін, су беру жөнінде алынған қызмет үшін су берушіге қаражат аударуды растайтын төлем құжаттарының көшірмелерін ұсынады – әр айдың 20-сына дейін (күнтізбелік 3 күн). Нәтижесі – су берушінің су беру жөнінде қызмет көрсету актісі, төлем құжаттарының көшірмелері;
      8) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім қызметкері Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құжаттарды тексереді – ағымдағы айдың 25-іне дейінгі мерзімде (күнтізбелік 5 күн). Нәтижесі – Басқармаға су пайдаланушылар бойынша жиынтық тізілім жолдау;
      9) көрсетілетін қызметті беруші Басқармасының қызметкері күнтізбелік 2 күнінде ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілеген талаптарға сәйкестігін тексереді, ведомость құрады, күнтізбелік 4 күнінде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем есеп шоттарының тізілімін және төлем есеп шоттарын екі данада ұсынады. Нәтижесі – бюджеттік субсидиялар төлеуге ведомость төлем есеп шоттары мен төлем есеп шоттар тізілімін қалыптастыру.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы

      6. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім қызметкері;
      4) ВАК;
      5) аудан (қала) әкімі;
      6) көрсетілетін қызметті беруші Басқармасының қызметкері.
      7. Әр рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) кезектілігінің сипаттамасы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар топтамасын қабылдауды жүзеге асырады, тиісті өтінімдерді тіркеу журналында көрсетілетін қызметті алушының өтінімін тіркеуді жүргізеді, көрсетілетін қызметті алушыға өтінім мен құжаттар топтамасы қабылданғаны туралы талон береді және қабылданған құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті беруші басшылығының қарауына жолдайды – 15 минут;
      2) көрсетілетін қызметті беруші басшылығы өтінімге бұрыштама қояды. Нәтижесі – өтінімнің және құжаттар топтамасының бөлім қызметкеріне табысталуы – 1 сағат;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім қызметкері ұсынылған құжаттарды күнтізбелік 2 күн ішінде қарастырады. Нәтижесі – өтінім мен құжаттар топтамасының ВАК жолдануы;
      4) ВАК ұсынылған өтінімдерді қарайды, тиісті хаттамаға қол қояды, САТК тұрғысында су беру қызметтің құнын арзандату жөнінде субсидия алуға көрсетілетін қызметті алушылардың тізімін және олар бойынша мөлшерлемелер бойынша субсидия сомасын аудан (қала) әкіміне бекітуге ұсынады – ағымдағы жылғы 25 ақпанға дейін (күнтізбелік 5 күн);
      5) аудан (қала) әкімі көрсетілетін қызметті алушылардың тізімін бекітеді, Басқармаға САТК тұрғысында су пайдаланушылардың тізілімін ұсынады – ағымдағы жылғы 28 ақпанға дейін (күнтізбелік 3 күн);
      6) көрсетілетін қызметті беруші Басқармасының қызметкері алынған көрсетілетін қызметті алушылардың тізілімін аудан бойынша жалпы субсидиялау сомасының уәкілетті орган белгілеген су пайдалану лимитіне сәйкестігін салыстырып тексереді, көрсетілетін қызметті – су жеткізу құнын арзандатуға бюджеттік субсидиялар алушылардың тізімдерін бекіту бойынша аудан (қала) әкімі қабылдаған шешім туралы субсидиялардың жылдық сомаларын көрсете отырып, жазбаша нысанда су пайдаланушылар мен САТК-ны хабардар етеді – күнтізбелік 3 күн;
      7) САТК Бөлімге су берушілердің су беру қызмет көрсету актісін, су беру жөнінде алған қызмет үшін су берушіге қаражат аударуды растайтын төлем құжаттарының көшірмелерін ұсынады – әр айдың 20-сына дейін (күнтізбелік 3 күн);
      8) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім қызметкері Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құжаттарды тексереді, Басқармаға су пайдаланушылар бойынша жиынтық тізілім жолдайды – ағымдағы айдың 25-іне дейін (күнтізбелік 5 күн);
      9) көрсетілетін қызметті беруші Басқармасының қызметкері ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілеген талаптарға сәйкестігін тексереді, бюджеттік субсидияларды төлеуге ведомость және төлем есеп шоттарын құрады, аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем есеп шоттарының тізілімін және төлем есеп шоттарын екі данада ұсынады – 6 күнтізбелік күн.
      8. Рәсімдер (іс-қимылдар) кезектілігінің сипаттамасы осы Регламенттің 4-қосымшасына сәйкес "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығында көрсетілген.

  "Ауыл шаруашылығы тауарын
өндірушілерге су беру
қызметтерінің құнын субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 1-қосымша
Суармалы суды беру
қызметтерге бюджеттік
субсидиялар алушы
су пайдаланушылардың
тізімін бекіту ведомствоаралық
комиссияның төрағасы

             _______________________(ТАӘ)

201__ жылы суландыру үшін суармалы суды беру қызметтерге субсидиялар алуға
ӨТІНІМ

       1. САТК және су пайдаланушы: __________________________________
       (САТК және су пайдаланушының атауы)
       2. Орналасқан жері: ___________________________________________
       (облыс, аудан, кент, көше)
       3. Қолдағы бар және суарамалы егіс жер көлемі ______________га. оның ішінде пайдалануға межеленген _______________________га.
       4. Су көзінің атауы (өзен, бұлақ, суландыру жүйесі, бөлуші, субөлшегі) __________________________________________________________
       5. Суармалы суды жеткізу бойынша шарт жасалған су берушінің атауы: ______________________________________________________________
       6. Су беруші үшін бекітілген тариф: ___________________________
       (тариф, ТМРА бұйрығының № және күні)
      7. Егілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша суармалы суды тұтыну көлемі (су пайдаланушылар бөлінісінде):

р/с №
Егілетін дақыл
Егістік көлемі, га
Суландыру нормасы,
м3/га
Су тұтыну көлемі,
мың м3 (лимит)
Суару тәсілі
Су пайдаланушы 1
 
 
 
 
1
 
 
 
 
 
2
 
 
 
 
 
 
БАРЛЫҒЫ
 
Х
 
Х
Су пайдаланушы 2
 
 
 
 
1
 
 
 
 
 
2
 
 
 
 
 
 
БАРЛЫҒЫ
 
Х
 
Х
Су пайдаланушы 3
 
 
 
 
1
 
 
 
 
 
2
 
 
 
 
 
 
БАРЛЫҒЫ
 
Х
 
Х
 
ЖИЫНЫ
 
Х
 
Х

      8. Су тұтыну көлемін айларға бөлу (су пайдаланушылар бөлінісінде):

Айлар
Суландыру алаңы, га
Суару нормасы бойынша су тұтыну көлемі, мың м3
Бекі- тілген тариф бойынша қызмет құны, мың теңге
Субси- диялау көлемі, %
Субси- дия сомасы, мың теңге
Субсиди- ялау есебімен 1 м3 құны, теңге/м3
Су пайдаланушы 1
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
БАРЛЫҒЫ
Х
 
 
Х
 
Х
Су пайдаланушы 2
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
БАРЛЫҒЫ
Х
 
 
Х
 
Х
Су пайдаланушы 3
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
БАРЛЫҒЫ
Х
 
 
Х
 
Х
Су пайдаланушы 4
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
БАРЛЫҒЫ
Х
 
 
Х
 
Х
ЖИЫНЫ
Х
 
 
Х
 
Х

      9. ЖИЫНЫ: бір жылға _________ мың теңге төлеу.
       Ескертпе: Айлар бойынша есептелген су тұтыну көлемі су берушімен жасалған шарт бойынша суармалысудың көлемінен (су пайдалану лимитінен) аспауға тиіс.
       Субсидиялау құнының көлемін ескере отырып су беру қызметтер құны асып кеткен жағдайда субсидия төленбейді.
       САТК: _____________________________________________
       (қолы) (Т.А.Ә)
      201__жылғы "__" __________

  "Ауыл шаруашылығы тауарын
өндірушілерге су беру бойынша
қызметтерінің құнын субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 2-қосымша

Суландыру үшін суармалы суды жеткізу қызмет көрсету актісі

       ___________________________ ауылы 20__жылғы "___"_________
       (елді мекеннің атауы)
       ________________ негізінде әрекет ететін, бұдан әрі "Су беруші"
       (құжаттың атауы)
       деп аталатын ____________________________________________атынан
       (ұйымның атауы)
       _______________________ және ________________________ негізінде (аты, әкесінің аты, тегі) (құжаттың атауы)
       әрекет ететін, бұдан әрі "Су пайдаланушы" деп аталатын ________
       (Т.А.Ә.)
       төмендегілер туралы осы актіні жасады:
       Осы акт 201___ жылғы ____________ айына "Су беруші" "Су пайдаланушымен" жасалған 201___ жылғы "___" _________ №___ суландыру үшін суармалы суды жеткізу бойынша қызмет көрсету туралы шарт негізінде белгіленген орынға _______ текше метр суармалы суды жеткізгендігі, ал "Су пайдаланушы" белгіленген орында жоғарыда көрсетілген су көлемін алғандығы туралы жасалды.
       Акт су есептеу аспаптарының көрсеткіштеріне сәйкес берілген суды күн сайын есептеу журналының деректері негізінде жасалған.
       Бекітілген тариф бойынша суландыру үшін суармалы суды жеткізу бойынша "Су пайдаланушыға" көрсетілген қызметтің жалпы сомасы _________________ теңгені құрады, оның ішінде ҚҚС ____________ теңге. "Су беруші" мен "Су пайдаланушы" екеуінің арасында жасалған 20__жылғы "____" ______________ №____ шартқа сәйкес толық көлемде актіге қол қойылған күннен бастап суармалы суды жіберу кестесіне сәйкес қызмет көрсетті. Қызмет көрсеткен кезде шағымдар болған жоқ.
       "Су беруші" үшін: "Су пайдаланушы" үшін:
       ______________________ _______________________
       (Т.А.Ә.) (Т.А.Ә.)
       ______________________ _______________________
       (қолы, мөр) (қолы, мөр)
       20__жылғы "___"_______ 20__жылғы "___"_________

  "Ауыл шаруашылығы тауарын
өндірушілерге су беру бойынша
қызметтерінің құнын субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
3-қосымша

ТАЛОН

       Өтініш берушінің тіркеу № _____________________
       Құжаттар саны _______________ данапарақ
       Орындалған күні 20____ жылғы "____" ___________
       Өтініш 20___ жылғы "____" _____________ қарауға қабылданды.
       ______________________________________________________________
       (өтінішті қабылдаған жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (қолы))

  "Ауыл шаруашылығы тауарын
өндірушілерге су беру бойынша
қызметтерінің құнын субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
4-қосымша

"Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру бойынша қызметтердің құнын субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

      


      Шартты белгілер: