Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 20 қаңтардағы "Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 226/30 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 09 қыркүйектегі № 310/42 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 23 қыркүйекте № 4031 болып тіркелді

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 20 қаңтардағы "Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 226/30 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3698 болып тіркелген, 2014 жылғы 28 ақпандағы № 8 "Шаһар" газетінде және 2014 жылғы 24 ақпандағы № 7 "Версия" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      5-тармақтың 3) тармақшасындағы "1 қазан – Халықаралық қарттар күні" сөздері "1 қазан - Халықаралық қарт адамдар күні" сөздерімен ауыстырылсын;
      5-тармақтың 4) тармақшасындағы "қазанның екінші жексенбісі – Халықаралық мүгедектер күні" сөздері "қазанның екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасының Мүгедектер күні" сөздерімен ауыстырылсын;
      8-тармақтың 1) тармақшасының тоғызыншы абзацындағы "Халықаралық мүгедектер күніне" сөздері "Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне" сөздерімен ауыстырылсын;
      8-тармақтың 1) тармақшасының он төртінші абзацындағы "Халықаралық қарттар күніне" сөздері "Халықаралық қарт адамдар күніне" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С. Қалижанова
      Қалалық мәслихаттың хатшысы М. Желнов