1. Облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 20 тамыздағы (V сайланған ХХХІV сессиясы) «Амбулаториялық емделу кезінде дәрі-дәрмектерді қосымша ұсыну туралы» № 287/34 шешіміне (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4020 болып тіркелген, 2014 жылғы 16 қыркүйектегі «Сарыарқа самалы» газетінде, 2014 жылғы 16 қыркүйектегі «Звезда Прииртышья» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«алғашқы иммунодефицит ауруына шалдыққандар үшін – «Имукин» интерферон гамма-1 рекомбинанттық препараты.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы | А. Оспанова |
| Облыстық мәслихат хатшысы | В. Берковский |