Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Азаматтардың жеке санаттарына амбулаториялық емделу кезінде облыстық бюджет қаражаты есебінен тегін дәрі-дәрмек құралдары қосымша ұсынылатын болсын:
эпилепсия ауруына шалдыққандар үшін - «Кеппра» (Леветирацетам) препараты;
муковисцидоз ауруына шалдыққандар үшін - «Колистин» (Колистиметат) препараты;
алғашқы иммунодефицит ауруына шалдыққандар үшін – «Имукин» интерферон гамма-1 рекомбинанттық препараты.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – Павлодар облыстық мәслихатының 12.12.2014 № 310/37 (жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, облыстық |
М. Көбенов |