Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды жүз пайызға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативтерін, сондай-ақ жеткізушіге қойылатын өлшемдер мен талаптарды бекіту туралы

Павлодар облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 108/4 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 28 сәуірде № 3771 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2014 жылғы 18 ақпандағы "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" № 103 қаулысына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды жүз пайызға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативтері 1-қосымшаға сәйкес;
      жеткізушіге қойылатын өлшемдер мен талаптар 2-қосымшаға сәйкес бекітілісін.
      2. Облыс ауыл шаруашылығы басқармасы:
      заңнамамен белгіленген тәртіпте осы қаулының ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.К. Әшімбетовке жүктелсiн.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімінің
      міндетін атқарушы                          Д. Тұрғанов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрі                  А. Мамытбеков
      2014 жылғы "18" сәуір

Павлодар облысы әкімдігінің
2014 жылғы "18" сәуірдегі
№ 108/4 қаулысына    
1-қосымша       

Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын
қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды жүз пайызға дейін
өтеуге арналған субсидиялар нормативтері

Субсидиялау бағыты Өлшем бірлігі 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативі, теңге

Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды жүз пайызға дейін өтеу

бас

3 000

Павлодар облысы әкімдігінің
2014 жылғы "18" сәуірдегі
№ 108/4 қаулысына    
2-қосымша       

Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын
қолдан ұрықтандыру бойынша қызмет жеткізушілерге
қойылатын өлшемдер мен талаптар

Р/с № Өлшемдер мен талаптар

1.

Ірі қара малды қолдан ұрықтандыруда жұмыс тәжірибесінің, жұмыс мерзімін мал асылдандыру инспекциясы саласындағы уәкілетті органнан тізімі бойынша растауымен бар болуы

2.

Жеке меншігінде немесе ұзақ мерзімді жалдауда сұйық азотты тасымалдайтын ЦТК түріндегі арнайы ыдыспен жабдықталған автокөліктің болуы

3.

Жеке меншігінде тұқымды бұқалардың ұрығын сақтайтын СДС 35 түріндегі арнайы ыдыстың болуы

4.

Штатында сәйкес мамандықтар бойынша қызметкерлердің болуы