Мәслихаттың 2013 жылғы 29 қарашадағы № 155 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 253 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 14 қаңтарда № 5303 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2015 жылғы 23 маусымдағы № 331 шешімімен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 23.06.2015 № 331 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 2-3 - тармағына сәйкес, Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мәслихаттың 2013 жылғы 29 қарашадағы № 155 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4366 тіркелген, 2013 жылғы 30 желтоқсанда "Нұрлы жол" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
      7 - тармағының 8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "8) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай, 150 000 теңге мөлшерінде;".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұзынкөл аудандық
      мәслихатының кезекті
      сессиясының төрайымы                       Т. Гуляева

      Ұзынкөл аудандық
      мәслихатының хатшысы                       В. Вербовой