Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 13 мамырдағы № 145 "Таран ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 22 қазандағы № 314 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 қарашада № 5166 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 160 қаулысымен

Күшін жойған
      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 16.05.2016 № 160 қаулысымен.
      "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 8-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 8-тармағына сәйкес Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Таран ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 13 мамырдағы № 145 "Таран ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4837 тіркелген, 2014 жылғы 23 маусымда "Маяк" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулының мемлекеттік тілдегі кіріспесіндегі "Таран ауданы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта құру туралы" Таран ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 5 қарашадағы № 456 қаулысының негізінде" деген сөздер алынып тасталсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б. Өтеулин