Приозерное ауылы әкімінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1 "Приозерное селосының көшелеріне атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы Таран ауданы Приозерное ауылы әкімінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 3 маусымда № 4787 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы Заңына сәйкес Приозерное ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Приозерное ауылы әкімінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1 "Приозерное селосының көшелеріне атау беру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-147 тіркелген, 2011 жылғы 15 желтоқсанда "Маяк" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селосының", "село" деген сөздер тиісінше "ауылының", "ауыл" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Приозерное
      ауылының әкімі                             М. Удиров