"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 4-бабының 3-тармағына сәйкес, Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Таран ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 4 маусымдағы № 234 "Қоғамдық жұмысқа тарту түрінде сотталғандар үшін пайдалы қоғамдық жұмыс түрлерін белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-119 тіркелген, 2010 жылғы 8 шілдеде "Маяк" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасында бүкіл мәтін бойынша мемлекеттік тілдегі "селолық", "селолардың" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылдардың" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б. Өтеулин
КЕЛІСІЛДІ
Қостанай облысы бойынша қылмыстық
атқару жүйесінің департаменті
Таран аудандық қылмыстық атқару
инспекциясының бастығы
__________ М. Тоқмағамбетова