Ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 1 "Есенкөл селолық округі елді мекендердің құрама бөлімдер атауларын беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Есенкөл ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 20 маусымдағы № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 9 шілдеде № 4922 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 1 тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Есенкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Есенкөл ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 1 "Есенкөл селолық округі елді мекендердің құрама бөлімдер атауларын беру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-12-96 тіркелген, 2009 жылғы 20 ақпандағы "Айна" газетінде жарияланған) өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосы" деген сөздер "ауылдық", "ауылы" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Есенкөл ауылдық
      округінің әкімі                            М. Сегізбаев