Мәслихаттың 2013 жылғы 13 қыркүйектегі № 152 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 242 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 22 мамырда № 4743 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 6-бабының 2-3-тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мәслихаттың 2013 жылғы 13 қыркүйектегі № 152 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4240 тіркелген, 2013 жылғы 17 қазанда "Айна" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
      әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
      6-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық қажеттіліктеріне 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 1 мамырынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Он бірінші сессия төрағасы,
      Аудандық мәслихаттың хатшысы               Е. Аманжолов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қарабалық ауданы әкімдігінің
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      ___________________ Т. Салмина

      "Қарабалық ауданы әкімдігінің
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
      мекемесі басшысының міндетін
      атқарушы
      __________________ Г. Есенова