Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы

Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 290 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 қаңтарда № 5348 болып тіркелді

Жаңартылған
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы бекітілсін.
      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес кейбір мәслихаттың шешімдердің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессияның төрағасы А. Бисембаев
      Жітіқара аудандық
      мәслихатының хатшысы М. Кененбаева

  Мәслихаттың
2014 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 290 шешімімен бекітілген

Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы

1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Жітіқара ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;
      2) тұрғынжайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге беріледі.
      2. Тұрғын үй көмегін "Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетеді.
      Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін көрсетілетін қызметті алушы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы – "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментінің Жітіқара қаласы бөлеміне (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталына (бұдан әрі-портал) балама негізде өтініш береді және "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген, "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 03.06.2016 № 40 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде ұсынады – күнтізбелік 10 (он) күн.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 03.06.2016 № 40 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
       4. Тұрғын үй көмегі өтініш беру айынан бастап тағайындалады және көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған ағымдағы бүкіл тоқсанға көрсетіледі.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 10.12.2015 № 388 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.01.2016 бастап туындаған қатынастарға таратылады).
       5. Тұрғын үй көмегі көрсетілетін қызметті алушы тұрғын үй көмегі мөлшерінің өзгеруіне негіз бола алатын мән-жайлары туралы, сондай-ақ оның дұрыс есептелмегені туралы уәкілетті органға хабарлайды.
      6. Тұрғын үй көмегі мөлшеріне ықпал ететін мән-жайлар туындаған жағдайда, (көрсетілетін қызметті алушы қайтыс болуын қоспағанда) көрсетілген мән-жайлар түскен күннен бастап қайта есептеу жүргізіледі.
      7. Артық төленген сомалар бюджетке қайтарылады, ал көрсетілетін қызметті алушы өз еркімен қайтарудан бас тартқан жағдайда, уәкілетті орган аударылған төлемдерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте төлетеді.
      8. Көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған табыстардың сәйкессіздігі анықталған жағдайда ақпараттық жүйелерден алынған табыстар туралы мәліметтер есепке алынады.
      9. Жалғыз тұратын тұрғын үй көмегі көрсетілетін қызметті алушы қайтыс болған жағдайда, тұрғын үй көмегін төлеу қайтыс болған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
      Тұрғын үй көмегі көрсетілетін қызметті алушы отбасы мүшесінің бірі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болған айдан кейінгі айдан бастап қайта есептеу жүргізіледі.
      Қайтыс болғанға байланысты төлемдерді тоқтату немесе қайта есептеу қайтыс болған адамдардың тізімдері негізінде немесе отбасы мүшелері беретін мәліметтер бойынша жүргізіледі.
      10. Тұрғын үй көмегін көрсету мәселелері бойынша туындаған келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
      2. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін анықтау
      11. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерін тұтынуға, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына жұмсалатын шығыстарға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 10.12.2015 № 388 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.01.2016 бастап туындаған қатынастарға таратылады).
      12. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысы қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте, тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсан бойынша уәкілетті органмен есептеледі.
      13. Белгіленген нормалар шегіндегі отбасының (азаматтың) шекті жол берілетін шығыстар үлесі жиынтық табыстың он пайызы мөлшерінде белгіленеді.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 20.09.2016 № 58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.10.2016 бастап туындаған қатынастарға таратылады) шешімімен.
      14. Тұрғын үй көмегін тағайындау барысында есепке алаң нормасы алынады:
      1) бір отбасы мүшесіне – көп бөлмелі тұрғын жайларда (пәтерлерде) тұратындар үшін пайдалы алаңының 18 шаршы метрі және отбасына 9 шаршы метрі қосымша; бір бөлмелі тұрғын жайларда (пәтерлерде) тұратындар үшін – тұрғын жайдың жалпы алаңы;
      2) жалғыз тұратын азаматтар үшін – пайдаланатын алаңына қарамастан нақты алаңынан асырмай 30 шаршы метр, осы норма жатақханалар үшін де қолданылады.
      15. Есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін өтем шараларымен қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленеді.
      Егер шығыстарға нормативтер мен тарифтер заңнамамен белгіленген тәртіпте анықталмаса, шығындарды өтеу нақтылы шығыстар бойынша жүргізіледі.
      16. Коммуналдық қызметтерді тұтынатын есептегіш құралдары бар тұтынушылар үшін есепке қабылданатын шығыстар, өткен тоқсанның немесе қызмет толық көлемде көрсетілген соңғы тоқсандағы есептегіш құралдардың көрсеткіштері негізінде, бірақ есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін белгіленген коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларынан аспайтын нақтылы шығынмен анықталады.
      17. Электр қуатын төлеу бойынша шығыстарды өтеу бір адамға 100 киловатт, электр плитасы, электр су жылытқыштары бар жатақханалар мен үйлерде бір адамға 130 киловатт есебінен, бірақ нақты шығыстардан асырмай жүргізіледі.
      18. Телекоммуникациялар желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысымен бекітілген, Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің ережесіне сәйкес жүргізіледі.
      19. Осы Қағидамен белгіленген нормалардан тыс ақысы тұрғын жайдың меншік иелерімен немесе жалдаушыларымен (қосымша жалдаушыларымен) жалпы негізінде жүргізіледі.

3. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру және төлеу тәртібі

      20. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру тиісті жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ ағымдағы нысаналы трансферттер қаражаты есебінен (олар бөлінген жағдайда) жүзеге асырылады.
      21. Тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен тұрғын үй көмегі көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша тұрғын үй көмегін алушының, қызмет көрсетушілердің, кондоминиум объектілерін басқару органдарының банктік шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.

  Мәслихаттың
2014 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 290 шешіміне қосымша

Мәслихаттың күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің
тізімі

      1. Мәслихаттың 2010 жылғы 20 тамыздағы № 269 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-10-147 тіркелген, 2010 жылғы 9 қыркүйекте "Житикаринские новости" газетінде жарияланған).
      2. Мәслихаттың 2011 жылғы 8 ақпандағы № 329 "Мәслихаттың 2010 жылғы 20 тамыздағы № 269 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-10-157 тіркелген, 2011 жылғы 10 наурызда "Житикаринские новости" газетінде жарияланған).
      3. Мәслихаттың 2011 жылғы 1 қарашадағы № 387 "Мәслихаттың 2010 жылғы 20 тамыздағы № 269 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-10-169 тіркелген, 2011 жылғы 17 қарашада "Житикаринские новости" газетінде жарияланған).
      4. Мәслихаттың 2012 жылғы 16 наурыздағы № 24 "Мәслихаттың 2010 жылғы 20 тамыздағы № 269 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-10-179 тіркелген, 2012 жылғы 19 сәуірде "Пресс-Экспресс" газетінде жарияланған).
      5. Мәслихаттың 2012 жылғы 10 мамырдағы № 40 "Мәслихаттың 2010 жылғы 20 тамыздағы № 269 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-10-183 тіркелген, 2012 жылғы 14 маусымда "Пресс-Экспресс" газетінде жарияланған).
      6. Мәслихаттың 2012 жылғы 6 қыркүйектегі № 65 "Мәслихаттың 2010 жылғы 20 тамыздағы № 269 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" шешімі(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3832 тіркелген, 2012 жылғы 27 қыркүйекте "Пресс-Экспресс" газетінде жарияланған).
      7. Мәслихаттың 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 188 "Мәслихаттың 2010 жылғы 20 тамыздағы № 269 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4423 тіркелген, 2014 жылғы 6 ақпанда "Житикаринские новости" газетінде жарияланған).
      8. Мәслихаттың 2014 жылғы 15 тамыздағы № 259 "Мәслихаттың 2010 жылғы 20 тамыздағы № 269 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5067 тіркелген, 2014 жылғы 18 қыркүйекте "Житикаринские новости" газетінде жарияланған).