Қостанай облысы Жітіқара ауданы Приречный ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 228 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 3 маусымда № 4809 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Жітіқара ауданы Приречный ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Жітіқара ауданы Приречный ауылынын жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы                            Н. Коваленко

      Жітіқара аудандық
      мәслихатының хатшысы                       М. Кененбаева

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қостанай облысы Жітіқара
      ауданы Приречный ауылының
      әкімі
      _____________ Н. Уразалинов

Мәслихаттың      
2014 жылғы 23 сәуірдегі 
№ 228 шешімімен бекітілген

Қостанай облысы Жітіқара ауданы
Приречный ауылының бөлек жергілікті
қоғамдастық жиындарын өткізудің
қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысы Жітіқара ауданы Приречный ауылының (бұдан әрі - Приречный ауылы) бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Приречный ауылы тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
      2. Приречный ауылының аумағындағы ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды
өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Приречный ауылының әкімімен шақырады.
      Жітіқара ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
      5. Приречный ауылы шегінде бөлек жиынды өткізуді Приречный ауылының әкімі ұйымдастырады.
      6. Бөлек жиынды ашудың алдында Приречный ауылының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
      7. Бөлек жиынды Приречный ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
      Приречный ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Приречный ауылының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Жітіқара аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Приречный ауылының тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Приречный ауылы әкімінің аппаратына береді.

Мәслихаттың    
2014 жылғы 23 сәуірдегі
№ 228 шешіміне қосымша

Қостанай облысы Жітіқара ауданы
Приречный ауылының жергілікті қоғамдастық
жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары
өкілдерінің сандық құрамы

Приречный ауылы көшелерінің атауы

Өкілдерінің саны (адам)

1

Жакеев көшесі

3

2

Маковей көшесі

1

3

Степная көшесі

6

4

Клубная көшесі

3

5

Днепропетровская көшесі

6

6

Абай көшесі

7

7

Ленин көшесі

6

8

Набережная көшесі

6

9

Минская көшесі

3


Барлығы

41