Қостанай облысы Жітіқара ауданы Большевик ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 223 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 3 маусымда № 4805 болып тіркелді

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Жітіқара ауданы Большевик ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Жітіқара ауданы Большевик ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы                            Н. Коваленко

      Жітіқара аудандық
      мәслихатының хатшысы                       М. Кененбаева

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қостанай облысы Жітіқара
      ауданы Большевик ауылдық
      округінің әкімі
      ___________ Қ. Қашақбаев

Мәслихаттың       
2014 жылғы 23 сәуірдегі 
№ 223 шешімімен бекітілген

Қостанай облысы Жітіқара ауданы
Большевик ауылдық округінің бөлек
жергілікті қоғамдастық жиындарын
өткізудің қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысы Жітіқара ауданы Большевик ауылдық округінің (бұдан әрі -  Большевик ауылдық округі) бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Большевик ауылдық округінің ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
      2. Большевик ауылдық округінің аумағындағы ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу
тәртібі

      3. Бөлек жиын Большевик ауылдық округінің әкімімен шақырылады.
      Жітіқара ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
      5. Большевик ауылдық округі ауылдарының шегінде бөлек жиынды өткізуді Большевик ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
      6. Бөлек жиынды ашудың алдында Большевик ауылдық округі ауылдарының тұрғындары қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
      7. Бөлек жиынды Большевик ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
      Большевик ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Большевик ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Жітіқара аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Большевик ауылдық округі тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Большевик ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

Мәслихаттың      
2014 жылғы 23 сәуірдегі
№ 223 шешіміне қосымша

Қостанай облысы Жітіқара ауданы
Большевик ауылдық округінің жергілікті
қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар
тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Большевик ауылдық округінің ауылдарының, көшелерінің атауы

Өкілдердің саны (адам)

1

Тургенов ауылы

33


соның ішінде:



Комсомол көшесі

2


Мир көшесі

4


Целин көшесі

5


Амангелды Иманов көшесі

4


Набережный көшесі

8


Спорт көшесі

2


Строитель көшесі

2


Новый көшесі

1


ПМК көшесі

1


Байтұрсын көшесі

1


Алтынсарин көшесі

1


Абай көшесі

1

2

Құсақан ауылы

12


соның ішінде:



Центральный көшесі

9


Элеватор көшесі

2


Новострой көшесі

1

3

Қазірет ауылы, барлығы

15

4

Тасыбай ауылы, барлығы

12


Барлығы

72