"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Жітіқара ауданы Пригородный ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Жітіқара ауданы Пригородный ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы Н. Коваленко
Жітіқара аудандық
мәслихатының хатшысы М. Кененбаева
КЕЛІСІЛДІ
Қостанай облысы Жітіқара ауданы
Пригородный ауылының әкімі
____________ М. Турабаев
Мәслихаттың
2014 жылғы 23 сәуірдегі
№ 229 шешімімен
бекітілген
Қостанай облысы Жітіқара ауданы Пригородный ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қостанай облысы Жітіқара ауданы Пригородный ауылының (бұдан әрі - Пригородный ауылы) бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Пригородный ауылы тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Пригородный ауылының аумағындағы тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3. Бөлек жиынды Пригородный ауылының әкімімен шақырылады.
Жітіқара ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5. Пригородный ауылы шегінде бөлек жиынды өткізуді Пригородный ауылының әкімі ұйымдастырады.
6. Бөлек жиынды ашудың алдында Пригородный ауылының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7. Бөлек жиынды Пригородный ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Пригородный ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Пригородный ауылының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Жітіқара аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Пригородный ауылының тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
9.Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Пригородный ауылы әкімінің аппаратына береді.
Мәслихаттың
2014 жылғы 23 сәуірдегі
№ 229 шешіміне
қосымша
Қостанай облысы Жітіқара ауданы Пригородный ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
№ |
Пригородный ауылы көшелерінің атауы |
Өкілдердің саны (адам) |
1 |
Автомобилистов көшесі |
15 адам |
2 |
Жданов көшесі |
|
3 |
Куйбышев көшесі |
|
4 |
Колесниченко көшесі |
|
5 |
Молодежная көшесі |
|
6 |
Степная көшесі |
|
7 |
Строительная көшесі |
|
8 |
50 лет ВЛКСМ көшесі 1-9 үйлер |
|
9 |
Транспортная көшесі |
|
10 |
Фестивальная көшесі |
|
11 |
Целинная көшесі |
|
12 |
Энгельс көшесі |
|
13 |
Волынов көшесі |
15 адам |
14 |
Дачная көшесі |
|
15 |
Дорожная көшесі |
|
16 |
Достоевский көшесі |
|
17 |
П. Морозов көшесі |
|
18 |
Плеханов көшесі |
|
19 |
50 лет ВЛКСМ көшесі дома 16-41 үйлер |
|
20 |
40 лет Победы көшесі |
|
21 |
Элеваторная көшесі |
|
22 |
Алтынсарин көшесі |
13 адам |
23 |
Баймагамбетов көшесі |
|
24 |
Герцин көшесі |
|
25 |
1 мая көшесі |
|
26 |
Титов көшесі |
|
27 |
Толстой көшесі |
|
28 |
Химиков көшесі |
|
29 |
Вокзальная көшесі |
7 адам |
30 |
Джангильдин көшесі |
|
31 |
Мир көшесі |
|
32 |
Монтерская көшесі |
|
33 |
21 Партсъезд көшесі |
|
34 |
Орджоникидзе көшесі |
|
35 |
Станционная көшесі |
|
Барлығы |
50 адам |