Қостанай облысы Жітіқара ауданы Тоқтаров ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 232 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 3 маусымда № 4796 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Занының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Жітіқара ауданы Тоқтаров ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Жітіқара ауданы Тоқтаров ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрайымы

Н. Коваленко

Жітіқара аудандық


мәслихатының хатшысы

М. Кененбаева

КЕЛІСІЛДІ


Қостанай облысы Жітіқара ауданы


Тоқтаров ауылдық округінің әкімі


__________________А. Жусупов



  Мәслихаттың
2014 жылғы 23 сәурдегі
№ 232 шешімімен бекітілген

Қостанай облысы Жітіқара ауданы Тоқтаров ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары

      1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысы Жітіқара ауданы Тоқтаров ауылдық округінің (бұдан әрі - Тоқтаров ауылдық округі) бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Тоқтаров ауылдық округінің ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Тоқтаров ауылдық округінің аумағындағы ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғадастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

      2. Бөлек жиынды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Тоқтаров ауылдық округінің әкімімен шақырылады.

      Жітіқара ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Тоқтаров ауылдық округі ауылдарының шегінде бөлек жиынды өткізуді Тоқтаров ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында Тоқтаров ауылдық округі ауылдарының тұрғындары қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Тоқтаров ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Тоқтаров ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Тоқтаров ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Жітіқара аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Тоқтаров ауылдық округі тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Тоқтаров ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

  Мәслихаттың
2014 жылғы 23 сәуірдегі
№ 232 шешіміне
қосымша

Жітіқара ауданы Тоқтаров ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 12.11.2019 № 346 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Елді мекеннің, көшелерінің атауы

Өкілдер саны (адам)

1

Тоқтаров ауылы

18


Амангельды көшесі

2


Дорожная көшесі

2


Лесная көшесі

2


Комсомольская көшесі

2


Набережная көшесі

2


Новая көшесі

3


Новоселов көшесі

2


Степная көшесі

1


Школьная көшесі

2

2

Львов ауылы

3


Токовская көшесі

1


Набережная көшесі

1


Центральная көшесі

1


Барлығы

21